Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 375 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N 1220 қаулысымен

Күшін жойған

      Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындарын тау көшкiнi қауiптi аймақтан көшiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы облысының әкiмiне Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындарын тау көшкiнi қауiптi аймақтан көшiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн оларға тұрғын үй сатып алуға және екi 24 пәтерлi үйдi бұзу шығыстарын өтей отырып, 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 121547210 (бiр жүз жиырма бiр миллион бес жүз қырық жетi мың екi жүз он) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Алматы облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2005 жылдың қорытындылары бойынша орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі