Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 366 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрi 7-жол алынып тасталсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi