Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы N 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 342 Қаулысы

Жаңартылған

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      1)  1) тармақшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 Қаулысымен. 
      2) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 149-құжат):
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "мемлекеттiк ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
      тақырыбындағы "мемлекеттiк ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "мемлекеттiк ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі