Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 327 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсiн:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      3-бағанда:
      6-тармақтың жетіншi абзацы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      ", бөренелер тiлу жөнiндегi жұмыстарды қоспағанда";
      43-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "бөренелер тілу жөнiндегi жұмыстар";
      2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесiнде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) бөренелер тiлу.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі