Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 тамыздағы N 883 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 284-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Иван Михайлович сауда бiрiншi вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Дәрiбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мұрат Аманкелдіұлы сауда министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
департаментiнiң директоры
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi;
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары, төраға"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда
министрi, төраға"
"Наубетова - Қазақстан Республикасының Президентi
Рашида Аронқызы жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi
жөнiндегi ұлттық комиссиясы
Хатшылығының сектор меңгерушiсi (келiсiм
бойынша)" деген жолдағы:
"(келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан "Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдіұлы, Мисников Владимир Андреевич, Рахметов Нұрлан Құсайынұлы, Әділбеков Дәурен Зәкенұлы шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі