Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 309 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.27. N 851 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.27.   N 851 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңы  8-бабының  3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

     2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2005 жылғы 6 сәуірдегi 
N 309 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау
саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру
және жүргізу ережесi

      1. Осы Ереже "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңы  8-бабының  3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды (бұдан әрi - мемлекетi бақылау) ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбiн белгілейдi.

      2. Мемлекеттік бақылау жүргiзудiң мақсаты еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Жалпы ережелер

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) еңбек қауiпсiздiгі - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етілген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;
      2) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғау жағдайын бақылау жүйесi, сондай-ақ республикадағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау және болжау;
      3) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметi процесiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi;
      4) жұмыс орны - еңбек қызметi процесiнде еңбек мiндеттерiн орындау барысында қызметкердiң тұрақты немесе уақытша болатын орны;
      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбекте қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) - еңбек қауiпсiздiгi және еңбекте қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттiктердi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;
      6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктердi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      7) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты берiлген өкiлеттіктер шегiнде iске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

  2. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау
саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру
және оны жүргiзудiң тәртiбi

      4. "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - бақылаушы органдар) жүзеге асырады.
      Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган қауiптi өндiрiстiк объектілердегi жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн өндiрiс құралдарының және нормативтiк технологиялық құжаттаманың жай-күйiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттiк бақылау бақылаушы органдардың жұмыс берушiнiң немесе қызметкердiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңнаманы орындауына тексеру (бұдан әрi - тексеру) жүргiзуi жолымен жүзеге асырылады.

      6. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты заңнамада белгіленген уақыт интервалдарын ескерiп жүргiзiлетiн алдын-ала жоспарланған тексеру;
      2) жоспардан тыс - қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қауiптi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ азаматтардың және заңды тұлғалардың, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың шағымдарына, арыздарына және өтiнiштерiне дереу әрекет етудi талап ететiн қалыптасқан ахуалға байланысты тексеру.
      Нысаны бойынша тексеру Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы мәселелерi бойынша бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп кешендi түрде жүргiзiлуi мүмкін.

      7. Тексерудiң ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларды қоспағанда, он күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.

      8. Тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу жұмыс берушiге құжаттарды ұсыну туралы талаптың берiлу және олардың бақылаушы органның лауазымды тұлғасына (бұдан әрі - лауазымды тұлға) нақты ұсынылу сәттерi аралығындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.

      9. Лауазымды тұлға тексеруді бастау алдында жұмыс берушiге мынадай құжаттарды:
      1) қызметтiк куәлiгiн;
      2) қажет болғанда, құзыреттi органның режимдi объектiлерге баруға рұқсатын ұсынуы тиiс.

      10. Тексеру актiсi екі данада жасалады және тексерудi жүргiзген лауазымды тұлға мен жұмыс беруші қол қояды. Бiр данасы жұмыс берушiге табыс етіледi.

      11. Жүргiзілген тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпарат жұмыс берушінің тексеру актiлерiн есепке алу кiтабына енгiзіледi.

      12. Лауазымды тұлғаның өндiрістегі жазатайым оқиғаларды тексеру кезiнде кәсiпорынға немесе ұйымға баруы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы тексерулерге жатпайды.

      13. Анықталған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қарай, мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары мынадай актілер шығарады:
      1) ұйғарым:
      Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы;
      еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды жүргiзу туралы;
      өндiрiстiк объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде жарақаттану қаупiн және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмау үшін еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы;
      жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын, жабдықтарды және тұтастай ұйымды қызметкердің өмiрi мен денсаулығына катер төнген жағдайларда соттың шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiмде мiндетті түрде сотқа талап-арыз өтiнiшiн бере отырып, пайдалануға тыйым салу және тоқтата тұру туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын бұзған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.

  3. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау
жөнiндегі мониторингтi жүзеге асыру

      14. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрістiк жарақаттанушылықты азайту және өндiрістегi жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында уәкілетті орган және оның аумақтық бөлiмшелерi еңбек қауiпсiздiгі мен еңбекті қорғау жөніндегi мониторингті ұйымдастырады.

      15. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегі мониторинг жекелеген ұйымдар бойынша және экономика салалары бойынша жұмыс берушілерден және олардың қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау қызметтерiнен тiкелей алынған еңбек қауiпсіздiгі, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы ресми ақпарат пен деректердiң, сондай-ақ бақылаушы органдардың тексеру актiлерi (құжаттары) негiзінде жүзеге асырылады.

      16. Қажеттi ақпарат пен мәлiметтердi жинау мақсатында лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегiнде ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, шарттарының және оны қорғаудың жай-күйін, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың және кәсіби аурулардың есепке алынуын сипаттайтын құжаттарды сұратады.