Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 307 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513  Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесінде:
      16-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінің ұлттық жүйесі" 2004 - 2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 147  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 6, 86-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі