Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 304 қаулысы

Жаңартылған

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметінiң
                                           2005 жылғы 4 сәуірдегі
                                             N 304 қаулысымен
                                                 бекiтілген

       Мемлекеттiк монополия субъектілерiнiң және осы
          субъектілер монополиялық жағдайда болатын
                     салалардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.13. N  726 , 2005.10.03. N  991 , 2008.02.28.  N 205 ,
2008.04.18  N 365  Қаулыларымен.

P/c
N

Монополиялық жағдайда болатын мемлекеттік монополия субъектілерiнiң қызмет салалары

Субъектілердiң атауы

1

2

3

1

Мемлекеттiк орман қорының шекараларын белгiлеумен, ормандарды түгендеумен және мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде орман шаруашы-
лығын жүргiзудi жоспарлаумен байланысты орман орналастыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Қазақ орман орналастыру кәсiпорны" қазыналық кәсiпорны

2

Мемлекеттiк қорғауға жататын объектiлердi күзету

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң "Мамандандырылған күзет қызметi" мемлекеттік мекемелерi

3

Мемлекеттiк сатып алу проце-
сiн қамтамасыз ету үшін құры-
латын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

4

Аса қауiптi зиянды организм-
дердiң фитосанитарлық мониторингi

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің
"Фитосанитария"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

5

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің
"Республикалық ветеринарлық зертхана" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

6

Тiркеу сынақтары, ветеринар-
лық препараттарды, жемдер мен жемдiк қоспаларды байқаудан өткiзу, сондай-ақ ветеринар-
лық препараттардың серияларын (партияларын) оларды жарнамалау кезiнде бақылау

7

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауру ошақтарын жою

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің
"Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны

8

Мемлекеттік шекарадағы ветери-
нарлық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау

9

Ветеринарлық препараттардың республикалық қорын сақтау

10

Тауар белгілерiн, қызмет көр-
сету белгiлерiн, тауарлардың шыққан орындарының атауын, өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi, селекциялық жетiстiктердi қорғау

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Ұлттық зияткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны

11

Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын жасау

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң "Ақпараттық-өндiрiстiк орталық" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

12

Мемлекеттiк гидрометеорологи-
ялық мониторинг және қоршаған ортаның жай-күйiне мониторинг жүргiзу

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң "Қазгидромет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республика-
лық мемлекеттiк кәсiпорны

13

Кәсiпорындарды этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру құқығына арналған лицензия беру алдындағы тексеру, спирт өлшейтiн аппараттарды юстировкалау және есептеу құралдарына құйып бақылау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "ҚазАлкоОрталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республика-
лық мемлекеттiк кәсіпорны

14

Бiлiм сапасының мониторингi, ұлттық бiрыңғай тестiлеу, жоғары оқу орындарына қабылдау жөнiндегі кешендi тестілеу, жоғары бiлiм бағдарламаларын iске асырушы ұйымдарды аралық мемлекеттiк бақылауды және аттестаттауды жүргiзу кезiндегi тестілеу

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі "Ұлттық
тестілеу орталығы"
республикалық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны

15

Қан және олардың компонент-
терiн дайындау, консервация-
лау, сақтау және сату

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Республикалық қан орталығы" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

16

Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу кезiндегi сараптамалық жұмыстар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi "Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техника-
сын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны

17

Электрондық сайлау жүйесi
инфрақұрылымы объектiлерiнiң
торабын ұстау және дамыту

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

18

Объектілер мен кешендер құрылысының жобаларына мемлекеттiк сараптама жүргiзу

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-комму- налдық шаруашылық iсте-
рі комитетiнiң "Жоба- ларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемле- кеттік кәсіпорны