1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Жалын" журналы" жауапкершілiк шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - Серiктестiк) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) "Жалын" журналын шығару, әдеби дәстүрлердi сақтау және дамыту Серіктестік қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, оның жарғысын бекiтсiн;
2) әділет органдарында оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетіне Серiктестіктің мемлекеттiк қатысу үлесiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген бөлiмде реттік нөмiрi 416-1-жол алынып тасталсын;
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-99-жолмен толықтырылсын:
"123-99 "Жалын" журналы" ЖШС";
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-24-жолмен толықтырылсын:
"224-24 "Жалын" журналы" ЖШС".