Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
5-тармақтың төртiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнің Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаменті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Тiл комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмiрханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Абдрахманов - "Егемен Қазақстан" республикалық
Сауытбек газетi" ашық акционерлiк қоғамының
президентi (келiсiм бойынша)
Бейсенбайұлы - "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық
Жарылқап компаниясын акционерлiк қоғамының
бас редакторы (келiсiм бойынша)
Құлкенов - "Ана тiлi" ұлт газетiнiң бас редакторы
Мереке Әбдешұлы (келiсiм бойынша)
Момынова - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Бағдан Қапайқызы ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетiнiң
профессоры
мына:
"Хұсайын - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Көбей Шахметұлы ғылым министрлiгiнiң "А.Байтұрсынов
атындағы Тiл бiлiмi институты"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсіпорнының директоры, төрағаның
орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы министрлiгi Тiлдердi дамыту жөнiндегi
департаментінiң директоры, хатшы
Құрманбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
Шерубай университетінiң кафедра меңгерушiсi,
филология ғылымдарының докторы
(келiсiм бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Хұсайын - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Көбей Шахметұлы ғылым министрлiгi "А.Байтұрсынов
атындағы Тiл бiлiмi институты"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсіпорнының директоры
Омаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Бауыржан Жұмаханұлы ақпарат және спорт министрлiгi Тіл
комитетiнiң төрағасы, хатшы
Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Шерубай ақпарат және спорт министрлiгi Тiл
комитетi төрағасының орынбасары";
көрсетiлген құрамнан Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Айтбайұлы Өмiрзақ, Қалиев Байынқол Қалиұлы шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 99-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақтағы "Мәдениет министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Айталы - Қазақстан Республикасының Парламентi
Амангелдi Әбдiрахманұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Қамзабекұлы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Дархан министрлiгiнің Л. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетi
Гуманитарлық институтының директоры
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Сейiт Асқарұлы министрлігі "М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсіпорнының директоры
Оңғарсынова - Қазақстанның халық жазушысы, ақын
Фариза Оңғарсынқызы (келiсiм бойынша)
Шаханов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мұхтар Шаханұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
мына:
"Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы министрлігі Тілдердi дамыту жөнiндегi
департаментінің директоры, хатшы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Омаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Бауыржан Жұмаханұлы ақпарат және спорт министрлiгi Тiл
комитетiнiң төрағасы, хатшы";
көрсетiлген құрамнан Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Әбдiрахманов Сләмқұл Әбдiрахманұлы, Әбдiлдин Жабайхан Мүбәракұлы, Керiмбаев Есенгелдi, Қалиұлы Жекен, Мұртаза Шерхан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі