Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.28 N 781 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 15, 195-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесiнде:
"жабық" деген сөз алынып тасталсын;
15-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"екiншi деңгейдегi банктің немесе Тапсырыс берушi анықтаған ұйымның ықтимал астық берушіге кепiлдiк беру ниетi туралы хаты. Мемлекеттік астық ресурстарына астық берудi ұсынатын ықтимал астық берушілер екiншi деңгейдегi банктің ықтимал астық берушiге банктiк кепiлдiк беру ниетi туралы хатын ұсынады. Кепiлдiк сомасы берілетін астық көлемiнiң құны және ол берiлмеген немесе толық берiлмеген жағдайда, тұрақсыздық айыбы мөлшерiнде анықталады;";
26-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы уәкілеттi органының облыстық аумақтық басқармасы берген өсiмдiк карантинi жөнiнде бақылау жүргізу туралы акт.".
N 1 қосымшада:
3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.1. Осы шарттың тиiсінше орындалуын қамтамасыз ету үшін Жеткiзушi шартқа қол қойылған күннен бастап ____ банктік күн iшiнде Тапсырыс берушiге шарттың 2.2-тармақшасында көрсетiлген сомаға тең келетiн, сондай-ақ шарттың жалпы сомасының ___%-ы мөлшерiндегi тұрақсыздық айыбын қамтитын сомаға Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң төлем кепiлдiгiн немесе Тапсырыс берушi анықтаған ұйымның кепiлдігін (бұдан әрi - Кепiлдiк) ұсынады. (Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткiзушiлер Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банкiнiң төлем кепiлдiгiн ұсынады).
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң осы тармақшада көрсетiлген сомаға төлем кепiлдiгі мына банктердiң
бiреуiнен: ________________________________________________________
свифт немесе телекс арқылы авизалануы тиiс.";
3.3-тармақтағы "Шарттың 3.1-тармақшасында көрсетілген сомаға кепiлдiк мына банктердiң бiреуiнен: _____________ свифт немесе телекс арқылы авизалануы тиiс." деген сөздер алынып тасталсын;
5.1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте Жеткiзушi әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы үшін Тапсырыс берушiге әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы құнының ___%-ы мөлшерiнде айыппұлды қосымша төлеуге тиiс.".