Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 254 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамына:
      мыналар енгізiлсiн:

Лукин                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Андрей Иванович           және сауда вице-министрi

Шәкiров                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асқар Оразалыұлы          министрiнiң орынбасары;

      мына:

"Мыңбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Сауат Мұхаметбайұлы       орынбасары, Мемлекеттiк комиссияның
                          төрағасы

Сапарбаев               - Қазақстан Республикасы Кедендiк
Бердiбек Машбекұлы        бақылау агенттiгiнiң төрағасы"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мыңбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Сауат Мұхаметбайұлы       орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және сауда министрi, төраға

Сапарбаев               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бердiбек Машбекұлы        вице-министрi - Министрлiктің Кедендiк
                          бақылау комитетiнiң төрағасы";

      көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Әбусейiтов Қайрат Хуатұлы шығарылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережедегi 15-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі