Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 245 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесi бекiтілсiн.
      2. "Инвестициялық жобаларды қарау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1219 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2005 жылғы 18 наурыздағы
N 245 қаулысымен    
бекiтiлген       

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды
(бағдарламаларды) қарау ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) (бұдан әрi - жоба(лар) қарау тәртiбiн, оның iшiнде инвестициялық ұсыныстарды iрiктеу сатысында оларды қарау тәртiбiн айқындайды. K080095
      2. Ереженің мақсаты жобаларды iске асыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды жоспарлау жүйесiнің тиiмділiгін арттыру болып табылады.
      3. Жобалар белгіленген тәртiппен бекiтiлген техникалық- экономикалық негiздемелерге (бұдан әрi - ТЭН) сәйкес iске асырылады.
      4. Басқа мемлекеттердiң аумағында құрылыс қызметiн көздейтiн жобаларды қарау тиiсті мемлекеттiң аумағында техникалық және (немесе) баға өлшемдерi тұрғысынан жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргiзуге уәкілетті заңды тұлға бекiткен жобалау-сметалық құжаттама негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi заңды тұлғасы берген құжаттарға дәлме-дәл аударма берудi қамтамасыз етедi.
      5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жобаның ақпараттық парағы - экономикалық жоспарлау жөнiндегi тиiстi уәкілеттi органға бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ұсынатын жоба бойынша негізгi ақпаратты қамтитын құжат;
      2) жобаның қисынды негiздемесi - инвестициялық ұсыныстың орындылығын және мазмұнын ашатын, сондай-ақ жобаның құрылымы мен күтiлетiн тиiмдiлiгiн (мiндеттерiн, iс-шараларды және нәтижелердi) бағалауды қамтамасыз ететiн құжат;
      3) инвестициялық ұсыныстың салалық бағасы - жоба тұжырымдамасын тиісті саланы дамытуға және оның қажеттілiгiне сәйкестігi тұрғысынан бағалау;
      4) жобаның салалық сараптамасы - жоба ТЭН-iнiң салалық ерекшелiкке байланысты өлшемдерiн бағалау;
      5) өңiрлiк шұғыл сараптама - жобаны іске асырудың өңiр үшін орындылығын және басымдылығын айқындау мақсатында жобаны экономикалық сараптама жүргiзуге уәкiлеттi заңды тұлғаның, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң және тиiстi өңiрдің уәкілеттi өкiлдерiнiң бiрлесiп қарауы және талқылауы жолымен қосымша жүргiзілетiн сараптама;
      6) жобаны дайындауға арналған техникалық тапсырма - жобаның TЭH-iнe қойылатын талаптарды, оның әлеуеттi әзiрлеушiсiне қойылатын білiктілiк талаптарын айқындайтын, сондай-ақ ТЭН-дi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстардың көлемiн және осы жұмыстарды орындау мерзiмдерiн регламенттейтiн құжат;
      7) жобаның экономикалық сараптамасы - жобаның TЭH-iн бекiту шеңберiнде жобаға жүргізiлетiн экономикалық талдауды кешендi бағалау.

2-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды дайындау және iрiктеу

      6. Инвестициялық ұсыныстар мынадай құжаттарды қамтиды:
      1) жобаның ақпараттық парағы;
      2) түсiндiрме жазбасымен жобаның қисынды негiздемесi;
      3) инвестициялық ұсыныстың салалық бағасы;
      4) жобаның TЭH-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырма;
      5) жобаның TЭH-iн әзiрлеу және оған сараптамалар жүргiзу құнын негiздейтiн ақпарат.
      7. Ақпараттық парақ жобаның негiзгi қаржы өлшемдерiн қоса алғанда, ол жөнiндегi жалпы ақпаратты қамтиды.
      Ақпараттық парақ ақпараттың нақтылануына қарай, оның iшiнде TЭH-дi бекiту қорытындылары бойынша түзетіледi.
      8. Жобаның қисынды негiздемесi осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады:
      Жобаның қисынды негiздемесiне түсiндiрме жазба мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
      1) жобада шешілетiн проблеманың сипаттамасы мен тарихын;
      2) жоба тұжырымдамасының қысқаша мазмұнын, оның iшiнде жобаны iске асырудың ұйғарылып отырған орнын және әлемдiк тәжiрибе шеңберiнде осыған ұқсас жобаларды iске асырудың қысқаша талдауын;
      3) проблеманы шешудiң нұсқасын таңдау кезiнде қаралған баламалы нұсқалар;
      4) оны шешудiң оңтайлы жолы ретiнде жобаны таңдау негiздемесi.
      9. Жобаның ТЭН-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырма экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкілетті орган айқындайтын жобаның TЭH-iнe қойылатын талаптарды ескере отырып әзiрленедi.
      10. Жобаның TЭH-iн әзiрлеу және оған сараптама жүргiзу құнын негiздеу үшiн оны есептеу әдiстемесi жөнiндегі ақпарат ұсынылады.
      11. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органның инвестициялық ұсыныстарға қатысты оң қорытындысы болған жағдайда олар тиiстi жобаны кейiннен жоспарланып отырған кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарында iске асыру мүмкiндiгiн көздейтiн iс-шаралар ретiнде және TЭH әзiрлеу үшiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламаларға енгiзілуi мүмкiн.

3-тарау. Жобаларды дайындау және iрiктеу

      12. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жобаларды iрiктеген кезде экономикалық сараптама жобаның TЭH-i және жобалардың ерекшелiгiне байланысты талап ететiн сараптамалардың, атап айтқанда:
      1) жобаларды мемлекеттік сараптауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкілеттiк берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасының;
      2) салалық орган сараптамасының;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық сараптамасының;
      4) банктiк сараптаманың;
      5) мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілеттi орган сараптамасының;
      7) экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкілетті орган қорытындысының;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа да сараптамаларының оң қорытындылары негiзiнде жүргiзіледi.
      Басқа мемлекеттердiң аумағында iске асырылуы жоспарланып отырған жобалардың экономикалық сараптамасы TЭH және салалық органның оған жасаған сараптамасының қорытындысы негізiнде жүргiзіледi.
      13. Жобалардың салалық сараптамасын салалық уәкілеттi орган ТЭН ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi және мынадай негiзгi мәселелердi қарауды көздейдi:
      жоба мақсаттарының саланы дамыту басымдықтарына сәйкестiгiн бағалау;
      жоба iске асырылған және iске асырылмаған жағдайларда саладағы ахуалды талдау;
      жоба ТЭН-iнiң жоба ТЭН-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестiгiн бағалау;
      технологиялық, техникалық және бағалық шешiмдердi бағалау;
      жоба мақсаттарына қол жеткiзудiң баламалы нұсқаларын бағалау;
      жобаны iске асырудан түсетiн пайданы бөлудi бағалау.
      14. Жобалардың экономикалық сараптамасы осы Ереженiң 13-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетi енгiзiлгеннен кейiн қырық бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзіледi.
      Экономикалық сараптама жүргiзген кезде экономикалық сараптама жүргiзуге уәкілетті заңды тұлғаға қажет болған жағдайда жоба жөнiнде қосымша ақпарат беріледi.
      15. Жобаны белгiлi бiр өңiр аумағында iске асырудың орындылығы және басымдылығы мәселесiн нақтылау мақсатында жобаларға экономикалық сараптама жүргiзуге уәкiлеттi заңды тұлға өңiрлiк шұғыл сараптаманы ұйымдастырудың бастамашысы болуы мүмкiн.
      16. Өңiрлiк шұғыл сараптама жүргiзу үшiн сарапшылар құрамын жобаның өңiрлiк орналасуын ескере отырып, экономикалық сараптама жүргiзуге уәкiлеттi заңды тұлға айқындайды.
      17. Өңiрлiк шұғыл сараптама жүргiзген кезде жоба жөнiндегi шешiм дауыс беру жолымен қабылданады. Бұл ретте, төрағалық етушi тұлғаның өңiрлiк шұғыл сараптама жүргiзу жөнiндегi сарапшылар құрамына кiретiн басқа тұлғалармен тең дауыс беру құқығы бар.

                                          Бюджеттiк инвестициялық
                                        жобаларды (бағдарламаларды)
                                          қарау ережесiне қосымша

                 Жобаның қисынды негіздемесі

Жобаның мақсатына
қол жеткізу кезеңдері

Өлшенетін
индикаторлар

Мониторинг
және бағалау

Болжамдар
және
тәуекелдер

Мақсаты:




Міндеті:




Нәтижелері:




Іс-шаралар: