Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы N 225 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Помологиялық бақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекiтсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 44-75-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі