Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 221 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетiн дамыту, мүдделерiн бiлдiру үшiн қажеттi ұйымдастыру-құқықтық жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 47, 559-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларында:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "олардың филиалдары мен өкілдiктерiнен" деген сөздерден кейiн ", республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарынан" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі