Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 202 Қаулысы

Қолданыстағы

      Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау мәселелерi жөнiндегi қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 3 наурыздағы 
N 202 қаулысына қосымша 

  Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес
және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық
әртүрлілігiн сақтау мәселелерi жөнiндегі
комиссияның құрамы

Есiмов                     - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы           Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға

Үмбетов                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Серiк Әбiкенұлы              шаруашылығы министрi, төрағаның
                             орынбасары

Келемсейiт                 - Қазақстан Республикасы Ауыл
Ермек Әбiлмәжiнұлы           шаруашылығы министрлiгi Орман және
                             аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
                             төрағасы, хатшы

Дауылбаев                  - Қазақстан Республикасы Бас
Асхат Қайзоллаұлы            прокурорының орынбасары
                             (келiсiм бойынша)

Мырзахметов                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асқар Исабекұлы              шаруашылығы бiрiншi вице-министрi

Отто                       - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович                бiрiншi вице-министрi

Бижанов                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы          жағдайлар бiрiншi вице-министрi

Ысқақов                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы            ортаны қорғау вице-министрi

Ыбырайымов                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Рүстем Әнуарұлы              қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                             қарсы күрес агенттiгi (қаржы
                             полициясы) төрағасының бiрiншi
                             орынбасары

Сүлейманов                 - Қазақстан Республикасы Ауыл
Рафик Фрунзеұлы              шаруашылығы министрлiгiнiң Балық
                             шаруашылығы комитетi төрағасының
                             бiрiншi орынбасары

Берқалиев                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Құсайын Иманғалиұлы          қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi
                             директорының бiрiншi орынбасары - Бас
                             штаб бастығы (келiсiм бойынша)

Ысқақбаев                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Шайхыұлы              министрлігінiң Салық комитетi
                             төрағасының орынбасары

Сүнтаев                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Тiлеген Иматұлы              министрлігінiң Кедендiк бақылау
                             комитетi төрағасының орынбасары

Саданов                    - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Амангелдi Құрбанұлы          ғылым министрлігі "Биологиялық
                             зерттеулер орталығы" республикалық
                             мемлекеттік кәсiпорнының бас директоры

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 3 наурыздағы 
N 202 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес
және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық
әртүрлілігiн сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссия
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлігін сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлігін сақтау мәселелерi жөнiндегі комиссия туралы ереженi (бұдан әрi - Ереже) басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлігін сақтау мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      4. Комиссияның функциялары:
      өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзылушылықтың жолын кесу;
      ормандарды өрттерден қорғаудың жай-күйi және олардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың жай-күйi;
      қоршаған орта жағдайларын жақсартатын өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгін сақтау;
      өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдiру, қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын жалпы жұрт қабылдаған халықаралық талаптармен сәйкестендiру;
      өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың бұзылу себептерiнiң туындауы мен жасалу жағдайлары және оларды жою;
      заңсыз ағаш кесудi және сүрек пен жануарлардан алынған өнiмдердi Қазақстан Республикасына контрабандалық жолмен әкелудi және одан тысқары жерлерге әкетудi болдырмау, сондай-ақ iрi орманды-дала өрттерiн сөндiру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың бiрлескен iс-шараларының кешендi жоспарларын iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссияның:
      табиғат пайдалану мәселелерiмен айналысатын және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуына жауапты орталық және облыстық атқарушы органдардың, мемлекеттiк табиғат қорғау мекемелерiнiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларын комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша комиссия отырысына шақыруға және оларды тыңдауға;
      заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан комиссия функцияларын iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады.
      7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды iрiктеудi жоспарға сәйкес комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      8. Төраға комиссияға басшылықты жүзеге асырады, отырыстың күн тәртiбiн белгілейдi.
      9. Комиссия төрағасының орынбасары төраға болмаған уақытта оны алмастырады.
      10. Комиссияның хатшысы отырыстың күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      11. Комиссия отырысы қажеттiлігіне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      12. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ отырысты өткiзу уақыты мен орнын комиссия төрағасы белгiлейдi.
      13. Комиссия шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
      14. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тепе-тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      15. Комиссия шешiмi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк, жергiлiктi атқарушы органдарына және ұйымдарға комиссия отырыстарының хаттамалары түрiнде жеткiзiледi.
      16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі болып табылады.

  5. Комиссия қызметiн тоқтату

      17. Комиссия өзiнiң қызметiн:
      бұдан бұрын комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган немесе өзге комиссия құрылған;
      комиссия мiндетiн орындауға болмайтын не оны орындауды қажетсiз болып табылатын өзге де жағдаяттар туындағанда тоқтатады.
      18. Комиссия қызметiн тоқтатуға әкеп соқтыратын осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген жағдаяттар туындаған кезде жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен Үкiмет шешiмiнiң тиiстi жобасын Yкiметке енгiзедi.