1. Астана қаласының әкiмiне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң объектiлерiн салу үшiн Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауында орналасқан жер (саяжай) учаскелерiн алуға (сатып алуға) байланысты шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 154530000 (бiр жүз елу төрт миллион бес жүз отыз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Астана қаласының әкiмi 2005 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер (саяжай) учаскелерiн алуды (сатып алуды) жүргiзсiн.