Казақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2004 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Казақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 181 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2004  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсiн:
      Жұматаев Рүстем Нұркейұлы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Транзиттiк саясат және сыртқы байланыстар департаментінің директоры, хатшы;
      Ахметов Темiрбай Біләлұлы - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi орталық iшкi iстер басқармасының бастығы;
      Қожамұратов Асылбек Әубәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринария департаментiнiң директоры;
      Сексенбеков Тілеужан Садықжанұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi халықаралық ұйымдар және қауiпсiздiк проблемалары басқармасының бастығы;
      Бейiсбеков Өмiрзақ Көбегенұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы;
      Дайыров Мүсілiм Қабылбекұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штаб бастықтары комитетi Арнайы әскерлер департаментiнiң бастығы;
      Байнақов Рахмет Ғазизұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк қарыз алу және халықаралық қаржы қатынастары департаментiнiң директоры;
      "Төлебаев Алмаз Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Импорт алмастыру және сыртқы байланыстар департаментiнiң директоры, Әбдiреев Батырбек Сейтенұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Өнеркәсiп салалары департаментінің директоры" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төлебаев Алмаз Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Ядролық энергетика және сыртқы байланыстар департаментiнiң директоры, Әбдiреев Батырбек Сейтенұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық даму комитетi төрағасының орынбасары";
      көрсетілген құрамнан Мусина Гүлмира Рашитқызы, Полонский Александр Иванович, Мүсенова Галина Ақайқызы, Мыңжанов Марат Тұрсынайұлы, Маханов Нұрлан Зарлықұлы, Жалғасбаев Нұрлан Әдiлұлы, Исаев Мұсабек Исаұлы, Малғаждаров Алтай Байкенұлы, Дүйсекеев Мұқан Естайұлы, Әбділдина Ажар Сәкенқызы шығарылсын.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелерi ұшуының қауiпсiздiгi жағдайын зерделеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қарашадағы N 1748  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қарашадағы N 1748 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1771  қаулысы .

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі