"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi) қызмет аясын Қазақстан Республикасынан тысқары кеңейту жолымен таяу шетелдердiң экономикасын ықпалдастырудың басымдылығы базасында Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ уақыт тұрақты өсуiн қамтамасыз ету мiндетiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының таяу шетел рыноктарына шығу тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Сыртқы iстер, Қаржы, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiктерi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) өздерiнiң құзыретiне сәйкес:
1) Қазақстанның Даму Банкiне екi ай мерзiмде:
саяси, экономикалық, қаржы және әлеуметтiк ахуалды талдауды, сондай-ақ таяу шетелдердегі ықтимал пайдалар мен қауiптер және қазақстан бизнесiнiң шетелге шығуы, қызмет салалары мен ықтимал әрiптестер туралы ақпаратты;
таяу шетелдердiң нормативтiк құқықтық базасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын талдауды, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi өзiнiң инвестициялық қызметiн шетелде жүзеге асыру үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар берсiн;
2) тұрақты негiзде, бiрақ жылына кемiнде бiр рет Қазақстанның Даму Банкiн саяси, экономикалық, қаржы және әлеуметтiк ахуалда болған өзгерiстер мен Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелдегі табысты қызметiне әсер ететiн реципиент - елдердегі жұмысы жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар туралы хабардар етудi ұйымдастырсын;
3) Тұжырымдама ережелерiн iске асыру мақсатында өзге де жәрдем көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстанның Даму Банкi (келiсiм бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша әр жылдың 1 ақпанынан және 1 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Тұжырымдаманың iске асырылуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Мәдениет, ақпарат және спорт, Сыртқы iстер министрлiктерi Қазақстанның Даму Банкiмен бiрлесiп, Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелдегі тиiстi тұсау кесер және беделдiк сүйемелдеу жұмыстарын өткiзудi қамтамасыз етсiн.
5. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 159-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты туралы меморандумында:
4-тармақта:
жиырмасыншы абзац "және" деген сөзден кейiн "қазақстандық өндiрушiлер шығаратын өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлігін қамтамасыз ететiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай абзацтармен толықтырылсын:
"Шетелде iске асырылатын жобалар үшiн басымдық:
өңдеушi өнеркәсiптiң немесе оларды шикiзатпен және шикi өнiмдермен қамтамасыз етудi, қазақстандық тауар өндiрушiлердiң өндiрiстiк объектiлердi шетелден сатып алуын қоса алғанда, олардың дамуын қамтамасыз ететiн қазақстандық кәсiпорындармен технологиялық байланысты жобаларға;
Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетiн дамытуға, қазақстандық өнiмнiң экспортын iлгерiлету мен кеңейтуге ықпал ететiн инфрақұрылымдық жобаларға;
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстанның Даму Банкiне ұсынған Қазақстанның Даму Банкiнiң кредиттерiн қамтамасыз етуде қарыз алушы елдердiң мемлекеттiк кепiлдiктерi берiлетiн Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң жобаларына берiлуi тиiс.";
6-тармақтың үшiншi абзацындағы "салалық" деген сөз алынып тасталсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің
2005 жылғы 17 ақпандағы
N 147 қаулысымен
мақұлданған
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКI" АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМЫНЫҢ
ТАЯУ ШЕТЕЛ РЫНОКТАРЫНА ШЫҒУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана, 2005 жыл
Кірiспе
"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлік қоғамының таяу шетел рыноктарына шығу тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлетті Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлетті экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті ұлт үшiн" Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында берiлген тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 2.6.13-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын (бұдан әрi - Стратегия) және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң басқа да негіз қалаушы бағдарламалық құжаттарын iске асыру мақсатында әзірленген.
Тұжырымдаманың белгiленген сипаты бар және Қазақстанның Даму Банкi 2007 жылға дейiнгi кезеңде оның таяу шетелдер (Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай Халық Республикасы және басқа да реципиент - елдер) рыноктарына шығуы кезiнде сыртқы кредиттік саясатты айқындау үшiн негіз болып табылады және отандық тауар өндiрушiлердi нығайтуға, сонымен бiрге Қазақстанның әлемдiк экономикаға ықпалдасу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге ықпал ете отырып, оның сыртқы рынокқа шығуына жәрдемдесу, экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикiзат бағытынан бас тарту көзделген.
Тұжырымдамада белгіленген басымдықтар мен шектеулер Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, елдегі және әлемдiк рыноктардағы экономикалық жағдайдың өзгерулерін ескере отырып түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
1. Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелге шығу
мүмкiндiктерiн талдау
1. Мүмкіндіктер
Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелге шығу мүмкіндіктері:
ортамерзімді кезеңiнде қонымды қаржы саясаты және жақсы экономикалық перспективалар аясында Қазақстан экономикасының дамуында болып жатқан жақсарулар және осыған байланысты Standard & Poor's рейтингтiк агенттiкпен Қазақстанның егемендi кредиттiк рейтингi шетел валютасындағы мiндеттемелер бойынша BBB-/А-3 дейiн және ұлттық валютадағы мiндеттемелер бойынша ВВВ/А-3-ке дейiн арттыру;
елдегi қаржы ресурстарының елеулi көлемi;
қазақстандық бизнестiң шетелге шығу процесiнiң үдей түскен қарқыны;
елдiң iшiнде де одан тысқары да мемлекет тарапынан отандық бизнеске көмектесу және оны қолдау;
несие капиталының әлемдiк рыноктардағы қолайлы ахуалы;
"Орталық азиялық ынтымақтастық" (ОАЫ), Бiрыңғай Экономикалық кеңiстiк (БЭК) сияқты мемлекетаралық ұйымдар шеңберiндегi экономикалық ықпалдастықты тереңдету;
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы екi және көп жақты халықаралық шарттар жасасу;
елде инвестициялық қолдау құралдарының әртүрлi жиынтығы бар мамандандырылған даму институттарының жүйелерiн құру;
Қазақстанның Даму Банкiнiң инвестициялық институт ретiндегi бәсекелiк артықшылығы болып табылады.
2. Қауiптер
Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелге шығуына қауiптер:
экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы және болжамсыздығы, өндiрiс қаражатына меншiк проблемаларын, қаржы, банктiк және басқа да жүйелер мен өзгелерiнiң жұмыс iстеуiн қоса алғанда, осы елдердегi рыноктық қатынастарды қалыптастыру процесiнiң аяқталмауы және күнi бұрын болжанбауы;
реципиент - елдердегі саяси тұрақсыздық, заңнаманың және шетел инвестицияларын қорғау практикасының дамымауы;
Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелдегi филиалдарының және өкiлдiктерiнiң, шетелдегi жобаларды iс-жүзiнде қаржыландыру тәжiрибесiнiң болмауы болып табылады.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
Тұжырымдаманың мақсаты Қазақстан Республикасынан тыс Қазақстанның Даму Банкi қызметiнiң аясын кеңейту жолымен таяу шетел экономикаларын ықпалдастыру артықшылығы базасында елдiң орнықты дамуына қол жеткiзуге жәрдемдесу болып табылады.
Тұжырымдаманың мiндеттерi Қазақстанның Даму Банкi қызметiнiң негiзгi бағыттарын және Даму Банкiнiң таяу шетел рыноктарына шығу процесiне қатысатын мүдделi органдармен және ұйымдармен оның өзара iс-әрекетiнiң нысандарын, Қазақстанның Даму Банкінің шетелге шығуы мен қызметiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн шарттарды, оларды қамтамасыз ету жөнiндегі қажетті шараларды белгілеу болып табылады.
4. Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетел рыноктарына
шығуын қамтамасыз ету жөніндегi ic-қимылдардың
негізгі бағыттары
Қазақстанның Даму Банкiнiң рыноктарға шығуы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатындағы жаңа элемент болып табылады және мүдделi мемлекеттiк органдардың тараптарынан осы процестi лайықты ұйымдастыруды және қолдауды болжайды.
1. Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетел рыноктарына шығу
процесінде мүдделi мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимылдарының негiзгi нысандары
Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетел рыноктарына шығу процесiнiң кешендi сипатын ескере отырып, оның тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету мақсатында мүдделi мемлекеттік органдар өз құзыретiнiң шеңберiнде оған саяси, ұйымдық, құқықтық, ақпараттық және өзге қолдау көрсетедi.
Мүдделi мемлекеттік органдар өз құзыреттерiне сәйкес Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетел рыноктарына шығу процесiнде Қазақстанның Даму Банкiне мыналарды қоса ала отырып, өз құзыретiнiң шеңберiнде жан-жақты қолдау көрсетуi тиiс: Қазақстанның Даму Банкiне болжамды реципиент - елдердегі саяси, экономикалық, қаржы және әлеуметтік ахуалдар, перспективалар, мүмкiндiктер, пайдалар және қауiптер туралы кезеңдiк негізде талдамалы ақпарат, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi қазақстандық мемлекеттік инвестициялық институттардың шетелдегі мейлiнше тиiмдi қызметiн ұйымдастыру және жүргізу үшiн олардың негізiндегi нақты елдер, салалар, нысандар, мүмкiн болатын серiктестiктер және өзгелердi айқындау мақсатында қолда бар ұсыныстар мен ұсынымдар беру. Бұл тәуекелдi азайтуға, қазақстандық бизнес пен Қазақстанның Даму Банкiнiң мүмкiн болатын экономикалық шығындардың алдын алуға, Қазақстан Республикасының басқа да елдермен тиiмдi экономикалық ынтымақтастығына келеңсiз әсер ететiн даулы жағдайларды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Осы зерттеулер үшiн "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ сияқты мамандандырылған ұйымдар тартылатын болады. Болжамды реципиент - елдерiнiң тиiстi заңнамалық базасына талдау жүргізудi қоса алғанда, Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелге шығуы мен қызметiнiң құқықтық қолдауын қамтамасыз ету, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру арқылы оларды шешудiң проблемалары мен жолдарын айқындау, екi жақты және көп жақты халықаралық шарттар мен соған ұқсас нормаларды нақтылау нысанында жұмыс жүргізiлуi тиiс.
Таяу шетелде Қазақстанның Даму Банкiнiң тиiмдi қызметi үшiн тиiстi қаражаттар мен технологияларды пайдалана отырып, процестің ақпараттық iлесуiн қамтамасыз ету қажет.
Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелге шығуы мен қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен даму институттарының қызметiн тiкелей үйлестiрудi, олардың Қазақстанның Даму Банкiмен тиiстi өзара iс-қимыл жасасуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстанның Даму Банкiнiң акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) жүргізуi тиiс.
2. Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетел рыноктарына шығу жөнiндегi қызметiнiң негiзгi бағыттары
1. Ықпал ету факторлары
Қазақстанның Даму банкiнiң таяу шетел рыноктарына шығу ауқымына және мерзiмдерiне мыналар ықпал ететiн болады:
Қазақстанның Даму Банкiне заңнамаға сәйкес айқындалған қаржы құралдарының жиынтығы;
Қазақстан мен реципиент-елдерiнiң мүдделерiне инвестицияларды жүзеге асыру үшiн рыноктың қол жетiмділiгi;
Қазақстанның Даму Банкiнiң мақсаттарына, басымдылықтарына және талаптарына сәйкес келетiн елдердегi төлемге қабiлеттi инвестициялық сұраныстардың көлемi, оның iшiнде қазақстандық бизнестiң қажеттi үлес бойынша меншiкке қатысуы, инвестицияланатын өндiрiстердiң Қазақстандағы өндiрiстермен технологиялық байланыстылығы, өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттілігі, өндiрiстiң және өнiм сапасы, қарыз алушының ашықтығы және өзгелерi;
Қазақстанның Даму Банкiнiң, оны инвестициялық қолдаудың мүмкiн болатын ауқымын айқындайтын капиталдандыру деңгейi;
инвестицияларды жүзеге асыру кезiндегi мүмкiн болатын қаржылық тәуекелдер деңгейi;
Қазақстанның Даму Банкiнiң басқа да қатысушылармен қаржылық тәуекелдердi жабу және бөлу көлемi.
Халықаралық деңгейдегi қызмет Қазақстанның Даму Банкi менеджментiнiң кәсiбилігіне қойылатын талаптардың барынша жоғары тұғырын, олардың халықаралық стандарттар мен рәсiмдердi сақтауын көздейдi. Қазақстанның Даму Банкiнiң жаңа жағдайлардағы жұмысына тиiстi функционалдық және ұйымдастырушылық бейiмделуi қажет болады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетелге шығу процесiн жеңілдету мақсатында оның өкілдіктерiн құру көзделедi. Осы өкілдiктердiң мiндеттерi ақпарат iздеу, жергілiктi шаруашылық жүргiзушi субъектілерiмен, екiншi деңгейдегi банктермен, елдiң мемлекеттiк билiк органдарымен ынтымақтастық орнату және жобаларды iске асырудың мониторингі болып табылады. Олар арқылы алынған ақпарат қазақстандық инвестициялардың шетелге шығуын одан әрi жүзеге асыру үшiн ынтымақтастық схемасын жасау мақсатында пайдаланылатын болады.
2. Қызметтің негiзгі бағыттары
Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелдегі қызметiнiң негізгi инвестициялық басымдықтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Даму Банкiнiң кредиттiк саясаты туралы меморандумда (бұдан әрi - Меморандум) айқындалады.
Қазақстанның Даму банкi өз қызметiн таяу шетел рыноктарында жүзеге асыру кезiнде мыналарға:
өңдеушi өнеркәсiптiң немесе олардың дамуын, оларды шикiзатпен және шала өнiмдермен қамтамасыз етудi, қазақстандық тауар өндiрушілердiң өндiрiстiк объектiлердi шетелден сатып алуын қоса алғанда қамтамасыз ететiн қазақстандық кәсiпорындармен технологиялық байланысты жобаларға;
Қазақстан Республикасының транзиттiк әлеуетiн дамытуға, қазақстандық өнiмнiң экспортын жылжыту мен кеңейтуге ықпал ететiн инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударуы тиiс.
Қазақстанның Даму Банкiне Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсыным берген, олар бойынша Қазақстанның Даму банкiнiң кредиттерiн қамтамасыз етуде қарыз алушы елдердiң мемлекеттік кепiлдiктерi берiлетін Қазақстан Республикасының резиденттерi емес жобаларға;
Осыны ескере отырып, Қазақстанның Даму Банкiмен шетелде инвестициялаудың мүмкiн болатын бағыттары ретiнде мыналар ұсынылады:
таяу шетелдердегi өндiрiс, оның iшiнде қазақстандық өнiмдi тұтынушылар, сондай-ақ Қазақстандағы өңдеушi өндiрiстермен технологиялық байланыстағы, қазақстандық өндiрушiлердiң қосымша құнын жасау және көтеру тiзбегiн ұзартуды қамтамасыз ететiн, аумақтық-өндiрiстiк кластерлердi құруға ықпал ететiн шикiзат немесе шала өнiмдердi жеткiзушiлер (ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия және мұнай-химия және тағы басқалары);
жоғары технологиялық өндiрiстер секторы, атап айтқанда қазақстандық кәсiпорындарға ғылымды қажетсiнетiн жоғары технологияларды енгiзуге ықпал ететiн ғарыштық прибор құрылысы;
Қазақстандағы қолда бар өңдеушi қуаттарды қазақстандық өнiмдердiң Қазақстанға қарағанда сыйымдылығы үлкен таяу маңдағы және әлемдiк рыноктарға (мысалы, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындарын - ресей кәсiпорындарының немесе таяу шетелдiң басқа да елдерiнiң кәсiпорындарының технологиялық тiзбегіне) шығуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн бұрыннан қолданыстағы және кеңейiп келе жатқан технологиялық тiзбектерге қамтуды көздейтiн бiрлескен өндiрiстер;
әлемдiк экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстан Республикасының транзиттiк әлеуетiн дамытуға ықпал ететiн инфрақұрылымдық жобалар;
Қазақстан экономикасын дамытудың стратегиялық мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн объектiлер мен өндiрiстер, өндiрiс пен бөлудi өңiрлiк және әлемдiк жүйелерге ықпалдастыру (гидроресурстарды, электр энергетикасы және басқаларын пайдалану);
қазақстандық өнiмдердiң экспортын ілгерiлету және кеңейту үшiн инфрақұрылым (терминалдар, қоймалар, порттар, сервистiк өндiрiстер және тағы басқалары);
қазақстандық тауар өндiрушiлердiң өнiмiн сатып алатын резидент еместерге экспорттық кредит беру.
Жобалармен одан әрi жұмыс барысында таяу шет елдерi экономикасының перспективалық секторларының тiзбесi жаңа рыноктық факторларды ескере отырып, түзетiлуi мүмкiн.
3. Инвестициялық жобаларды iріктеу өлшемдерi
Таяу шетел рыноктарында Қазақстанның Даму Банкiн қаржылық қолдауы үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеудiң мыналарды қоса алғандағы негiзгi өлшемдерi Меморандумға сәйкес болуы тиiс:
инвестициялық жобалардың Меморандуммен айқындалған басымдықтарға сәйкестігі;
жобаның тиiмділiгi мен өтелiмділігі;
жобаны iске асыру нәтижесiнде жасалған өнiмдердiң өткiзiлуiн қамтамасыз ету және шикiзаттық базаның жеткiлiктiлігі;
жобалық шешiмдердiң технологиялық және техникалық негiздiлiгі;
экологиялық талаптарды сақтау;
жобалық құжаттаманың сапасы мен толықтығы;
институционалдық пысықтылық, бiлiкті менеджменттің болуы;
кредиттi қамтамасыз етудiң болуы;
қарыз алушыға ұсынылған талаптарды орындау (кредитке қабiлеттiлiк, төлем қабілеттігі, қаржылық тұрақтылық және тағы басқалары).
Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетел рыноктарындағы қызметi өңдеушi салалардағы отандық кәсiпорындармен, өндiрiстiк және көлiктiк инфрақұрылымдармен, реципиент-елдерiн рыноктарында арқа сүйейтiн мемлекеттiң қатысуымен ұлттық компаниялармен және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектілермен, сондай-ақ Қазақстандағы да, шетелдегi де жеке қазақстандық бизнес өкiлдерiмен өзара iс қимыл жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ екi жақты және көп жақты ынтымақтастық негiзiнде қазақстандық даму институттарының әлеуетi мен мүмкiндігі пайдаланылатын болады.
4. Қазақстанның Даму Банкiнiң инвестициялық
қызметiнiң нысандары
Қазақстанның Даму Банкi шетелде қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асыратын болады:
Меморандумға сәйкес инвестициялық жобаларға орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдiк кредит беру, оның iшiнде оларды басқа да қаржы институттарымен ортақ қаржыландыру;
инвестициялық жобаларға басқа қаржы институттарының кредит беруiн қамтамасыз етуде Меморандумға сәйкес кепiлдiктер беру;
капиталдың сыртқы рыногына қаржылық ресурстарды тарту;
инвестициялық банкинг, консалтинг;
Қазақстанның Даму Банкi туралы заңнамада және реципиент-елiнiң заңнамасында көзделген өзге де қызмет түрлерi.
3. Тәуекелдердi бағалау жөнiндегi негiзгi тәсiлдер
Таяу шығыс елдерiнiң рыноктарына шығу кезiнде болжамды реципиенттер-елдерiндегі саяси, экономикалық және әлеуметтiк ахуалды кешендi ескеру қажет.
Қазақстанның Даму Банкi инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде тәуекелдердi басқа да қатысушылармен бiрге жабатын және бөлетiн болады. Ол қарызгерлер, iске асырылатын жобалар, отандық инвестициялардың таяу шетел рыноктарына шығуын сәттi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн басқа да қатысушылармен қатысу жоспарларының келiсiлгендігі туралы даму институттары арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыруға ықпал ететiн болады.
Жобаларды iске асырумен байланысты саяси және өзге де тәуекелдердi сақтандыру мақсатында таяу шетелдердегi экспорттық операцияларға және инвестициялық жобаларға кредит беру кезiнде "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ, сондай-ақ өзге де шетел және отандық сақтандыру ұйымдары белсендi тартылатын болады.
Қазақстанның Даму Банкi тәуекелдердi халықаралық даму институттары мен, жергілiктi коммерциялық банктермен, сондай-ақ қазақстандық коммерциялық банктермен немесе олардың таяу шетелдегi еншiлес құрылымдарымен бiрлесiп кредит беру жолымен бөлетiн болады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң таяу шетелдерде осы немесе өзге де инвестициялық жобаларға қатысуы туралы шешiм қабылдау кезiнде, сонымен қатар елдiң экономикалық тұрақтылығын және кредиттiк қабiлеттiгiн өлшеудiң халықаралық стандарты болып табылатын халықаралық рейтингтiк агенттiк беретiн егемендi кредиттiк рейтингтер, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкiнiң әлеуетті қарыз алушыларының - жобаны iске асыратын шаруашылық жүргізушi субъектiлерiнiң рейтингтерi ескерiлетiн болады.
4. Тұжырымдаманы iске асыру тетiктерi
Тұжырымдаманы iске асырудың тетiктерi ретiнде мыналар көзделедi:
- Қазақстанның Даму банкi туралы қолданыстағы заңнамада, Меморандумда, Қазақстанның Даму Банкiнiң iшкi құжаттарында жазылған тетiктердi пайдалану;
- Қазақстанның Даму банкiнiң мүдделi мемлекеттiк органдармен және басқа да ұйымдармен Қазақстанның Даму Банкiнiң шетелге шығуға дайындығы процесiндегі мемлекет тарапынан Даму Банкiнiң шетелдегі қызметiне саяси, экономикалық қаржылық және ақпараттық қолдауды қоса алғандағы өзара iс-қимылы;
- шетел заңнамасын, рыноктарын зерделеу, Меморандумға сәйкес серiктестер мен жобаларды мұқият iрiктеу (тиiстi ұлттық мемлекеттiк және өзге де реттеушi органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимылды iздестiру және орнату, рұқсат берушiлiк, тiркеу және өзге де ресiмдердi орындау);
- сыртқы рыноктарға сүйенетiн, өз өнiмдерiнiң өндiрiсiн шетелде кеңейтушi қазақстандық шаруашылық жүргізушi субъектiлерiмен серiктестiк қатынастарды орнату және қолдау;
- халықаралық және ұлттық қаржылық ұйымдармен және даму институттарымен ынтымақтастық;
- Қазақстанның Даму Банкi туралы заңнаманы, Қазақстанның Даму Банкiнiң оның таяу шетел рыноктарындағы тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған iшкi нормативтiк кесiмдерiн жетiлдiру;
- реципиенттер-елдерiнiң ерекшелiктерiн, заңнамалық және экономикалық шарттарын ескере отырып, Қазақстанның Даму Банкiнiң қаржылық құралдары мен қызметтерiн бейiмдеу.
Осы тетiктер мен шараларды кешендi iске асыру, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкiнің қызметiн мүдделi мемлекеттiк органдармен үйлестiрудiң тиiстi деңгейi Қазақстанның Даму Банкiнiң сыртқы рыноктарға шығу процесiне барлық қатысушылардың әлеуетi мен мүмкiндiктерiн оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуге және оның қызметiн реципиенттер-елдерiнде тиiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
5. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Қазақстанның Даму Банкiнiң сыртқы рыноктарға шығу мiндеттерiн шешу үшiн Қазақстанның Даму Банкiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға және кейiнгі жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарларында көзделуi тиiс одан әрi капиталдандыру болжанып отыр.
6. Тұжырымдаманы iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Тұжырымдаманы сәттi iске асыру Қазақстанның Даму Банкiнiң Қазақстаннан тысқары қызметi аясының кеңеюiне, қазақстандық капиталдың шетелде iлгерiлеуiне, олардың сыртқы рыноктарды игеруiне, қазақстандық өңдеушi кәсiпорындардың қатысуымен қосымша құнның технологиялық және экономикалық тiзбегін құруға және дамытуға және сонымен қатар экономиканың салаларын әртараптандыруға және ел дамуының шикiзаттық бағыттылықтан ауытқуына ықпал етуi тиiс.