Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы N 127 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Қоса берiлiп отырған Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары бекiтiлсiн.
 

      2. "Орал қаласын дамытудың бас жоспары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 30 қыркүйектегi N 443 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 10 ақпандағы  
N 127 қаулысымен     
бекiтiлген        

Орал қаласының бас жоспары

1. Бас жоспардың мiндетi

      Орал қаласының 2015 жылға дейiнгi есептi мерзiмге арналған және 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi болжамды Бас жоспары (тұжырымдама) қаланың тiршiлiк етуi мен тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғатты және мәдени мұраны сақтау мақсатындағы Орал қаласының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгi құжаты болып табылады.
      Бас жоспар - қалалық инфрақұрылымның дамуы, табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үйлердi қайта жасақтау және өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, iскерлiк және мәдени орталықтарды, туризм мен демалыс объектiлерiн дамыту, кешендi көркейту және қалалық ортаны эстетикалық ұйымдастыру, Орал қаласының әкiмшiлiк аудандары аумақтары мен басқа да аумақтық бiрлiктерiн дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға арналған алғашқы кезектегi және перспективалық бағдарламалар жасау және жүзеге асырудың негiзi.

2. Әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi Демография

      2015 жылға дейiнгі болашақ демографиялық үрдiстердiң динамикасы қоғамдық дамудың дәстүрлi қалыптасқан барлық факторларының, сонымен бiрге қоғам өмiрiндегi жаңа қалыптасып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердiң әрекеттестігінен анықталады.
      Орал қаласының демографиялық дамуының сипаты халықтың табиғи және миграциялық қозғалысымен анықталып, оның көлемi мен бағыты келесi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер нәтижесiмен байланысты болады:
      қаланың экономикалық потенциалының дамуынан;
      тұрғын-үй нарығының дамуынан;
      жұмыспен қамтылуы және еңбектiң төленуi деңгейiнен;
      мемлекеттiк және жергiлiктi әлеуметтiк саясаттан және басқа факторлардан;
      Еңбек теңгерiмi әдiсiмен жүргiзiлген есеп қала халқы санының 2015 жылы 270 мың адамға дейiн өсетiнiн белгiледi. Қаланың 2000-2001  жылы қалпына келтiрiлген экономикалық әлеуетi адам санының жалпы өсімін 50 мыңға дейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бepедi. Қала халқының 2001-2015 жылдарға дейiн 2016-2030 кезеңге арналған өсу қарқынының экстраполяциясы халықтың жобалық санын 350 мың адам деңгейiнде жоспарлайды.

Азаматтық-тұрғын үй құрылысы

      Тұрғын үй ортасын жинақты қалыптастырудың негiзгi бағыты тұрғын үймен қамтамасыз етудi орта есеппен 1 адамға 23,66 шаршы метрге жеткiзу, қаланың жалпы тұрғын үй қорын 6,4 млн. шаршы метрге өсiру. Құрылыс бос жатқан аймақтарда, ескi тұрғын үйлер орындарында жүргiзiледi және бұрынғы жүргiзiлген құрылыстар шоғырланады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесi бүкiл мерзiмдегi жалпы тұрғын үй көлемiнiң 27% құрайды.
      Тұрғын үй ортасының дамуы Солтүстiк-Шығыс аудандағы және жоспарланған Орталық ауданның солтүстiк бөлiгiнде көп қабатты кешендер құрылысын аяқтауға бағытталады. Мұнда муниципалды тұрғын үй тұрғын үй қоры, айырбас қоры құрылады, сонымен қатар ипотекалық құрылысы өркендейдi. Солтүстiк-Шығыс жоспарланған ауданында негiзiнен, күрделi құрылыстан бос аумақтар орналасқан. Орталық бөлiктегi көп қабатты кешен құрылысының қажеттiлiгi ұсақ ауданда үй-жай құрылысының бұзылған құрылымымен жүйесiз, жобалау құжаттардың контексiнен тыс магистральды инженерлiк жерлер салу, жекелеген бес қабатты тұрғын үйлердi орналастыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл аумақтардың жоғарғы қала құрылысы құндылығы мұнда ипотекалық тұрғын үй салудың тиiмдiлiгiн көрсетедi.
      Жеке тұрғын жайдың сапасы мен тығыздық сипаттамалары және аса iрi масштабты құрылыста қала құрылысы талаптарын бiрiктiретiн блоктардан шағын қабатты үйлер құрылысына басымдық берiледi.
      Бұл құрылыс композициялық жағынан аса маңызды жерлерде бас магистральдар бойындағы құрылыстарды аяқтау үшiн және табиғи-ландшафт жағынан құнды аумақтарда ескi үй-жайларды бұзу, сонымен қатар сол мекендi бiртiндеп өзгерту арқылы жүзеге асырылады.

Экономикалық қызметi

      Орал қаласы экономикалық қызметiнiң салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылады, оның iшiнде:
      ғылым, бiлiм, мәдениет және жоғарғы техникалық өнеркәсiп рөлiн сақтау;
      өнеркәсiптiң, іскери және әлеуметтiк инфрақұрылым, туризмнiң салаларын дамытуды ынталандыру;
      экологиялық қауiптi және қуатты өндiрiстердi қайта ұйымдастыру.
      Материалды өндiрiстiң салалық аясын қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылыми және қор сақтаушы технологиялар пайдасына жүргiзу ұсынылады.
      Экономиканың мемлекеттiк және жеке секторлары бұдан әрi тиiмдi үйлестiру және өзара бiрлесе жұмыс жасауды жоспарлануда.

Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы

      Қаланың экономикалық қызметiнiң жаңа саласы - туризмге қызмет етуге арналған рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың кешендi қалалық бағдарламасын Орал қаласының тарихи-мәдени мұраларының және қоршаған бiрегей табиғатының әлеуетiн пайдаланушы, тарихи мұралар мен табиғи әлеуеттi сақтау, жаңғырту және қайта жасақтаудың қаржылық мәселелерiн түбегейлi шешетiн қала экономикасының жаңа тиiмдi секторын құру мақсатына арналған.
      Бағдарламада мыналар қарастырылған:
      - туристiк көрсетiлiм және спорттық-ойын-сауықтың және сауықтыру, объектiлерiн дамыту;
      - қонақ үйлер желiлерiн, тұрмыстық-сауда және ақпараттық қамту объектiлерi желiлерiн, туристiк бюро, көлiк агенттiктерiн дамыту;
      - темiр жол бекетiнде, әуежайда туристердi көлiкпен қамту жүйесiн дамыту, парктер мен арнаулы көлiктерге қызмет көрсету және автомобильдердi жалға беру кәсiпорындарын дамыту, туристiк аймақтарда автотұрақ сыйымдылығын ұлғайту.

3. Орал қаласы бac жоспарының мақсаты

      Орал қаласы қала құрылысы дамуының басты жоспарының мақсаты -  қаланың тұрақты дамыту, орталықтардың қазiргi және болашақ ұрпағының өмiр сүруi үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету былайша сипатталады:
      - тiршiлiк ету ортасының экономикалық қауiпсiздiгi және табиғи кешенiнiң орнықтылығы;
      - қала құрылысы шешiмдерiнiң мәдени сабақтастығы, кеңiстiк бiрлiгi, әсемдiк мәнерлiгi;
      - көлiк және инженер инфрақұрылымдардың қауiпсiздiгi мен берiктiгi;
      - тұрғын үй мәселесiн шешудiң кешендiлiгі, тұрғын үй аумақтарын дамыту мен қайта жаңғырту және тұрғын ортаны қалыптастыру;
      - өндiрiстiк аумақтарды қолдану тиiмдiлiгi;
      - қоғамдық орталықтар жүйесiнiң дамығандығы және қолжетiмдi болуы.
      Көрсетiлген мақсатқа жету Орал қаласының аумақтарын көркейту қайта ұйымдастыру, құрылыстың қайта жаңарту, тiршiлiк әрекетiнiң сапалы сипаттамаларын арттыру арқылы жүзеге асуы тиiс.

Экологиялық талаптар

      Орал қаласы қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына мыналар жатады:
      - экологиясы жайсыз аймақтарда тiршiлiк ету ортасын сауықтыру;
      - қолда бар табиғи кешен аумақтарын жағымсыз әсерлерден қорғау, сонымен қатар, резервтiк аумақтарда жаңа жасыл массивтердi қалыптастыру;
      - тiршiлiк ету орталарының жайлылығын арттыру, оның iшiнде қаланың тұрғын үй және қоғамдық аумақтарында көгалдандыру аумақтарды көгалдандыру, сондай-ақ мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайларды жақсарту.
      Орал қаласы қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарын орындауға қажеттi жағдайлар:
      - энергетика саласына экологиялық таза, қалдықты аз шығаратын және қалдықсыз технологияларды енгiзу;
      - сұйытылған және сығылған газбен жүретiн автомобильдердiң санын көбейту арқылы пайдаланылатын мотор отыны түрлерiнiң құрылымын өзгерту;
      - ауыз су сапасы стандарттарының сақталуын, өндiрiстiк және коммуналдық ағынды суларды және сыртқы науаларды тазартуды қамтамасыз ету;
      - үздiксiз қозғалысты автомагистральдарды салу;
      - жүк көлiгi және аралас қозғалыс басымдығындағы айналма автомагистральдарды салу;
      - өндiрiстiк және тұрмыстық қатты қалдықтарды толықтай өңдеу және залалсыздандыру.

Аумақты қорғау және қаланың тұрақты
түрде дамуын қамтамасыз ету шаралары

      Тұрақты жұмыс iстеудi арттыру және Орал қаласы тұрғындарын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жобада төмендегiдей қала құрылысы шаралары қарастырылған:
      - қала аумағын аса нақты аймақтандыру;
      - iрi қойма терминалдары мен материалды-техникалық жабдықтау базаларын қоныстандыру аймақтарынан шығару және темiржолдардың бойына орналастыру;
      - төтенше жағдайлар болған кезде тұрғындарды көшiруге қолданылатын өзен жағалауларын көгалдандыру;
      - көше-жол желiсiн әрi қарай дамыту және оның негiзiнде жалпы қалалық тұрақты қызмет желiсiн құру.
      "Қазақстан Республикасындағы қала салу жобаларын келiсу және бекiту, өңдеу ретiнде, құрамы жөнiндегi нұсқауларға" сәйкес бас жоспардың құрамында аймақты инженерлiк қорғау бөлiмi мен сызбасы игерiледi. Орал қаласының бас жоспарының осы бөлiмi мен сызбасында қала аймақтарын Жайық, Шаған және Деркүл өзендерiнiң тасқын суларының су басуларынан қорғау және Жайық пен Шаған өзендерiнiң жағаларын бекiту жөнiнде ұсыныстар берiлген және сарапталған. Мысалы, жағалауды 10 км темiрбетонмен бекiту, 3 км шпунтты тақтай қабырға, 8,7 км жағалау құрылысы ұсынылады. Аймақтарды тасқын сулардың су басуынан қорғау мақсатында 5,95 км жердi опырып бөгеттер жасау, 2,6 км темiрбетон бекiнiсi ұсынылады. Ұсынылып отырған жаңа бөгет және бұрынғы бөгеттi тасыған судың ең көп шығынына сәйкес деңгейден 0,3 м биiктiкте жобалау көзделiп отыр. Жоғарыда аталған iс-шаралар түсiндiрме жазбада (3-кiтап 218-222 беттер) сызбасы шикiзат кестелер альбомында "Аумақты инженерлiк дайындау" сызбасында суреттелген. Бас жоспарда ескi және iстен шыққан тұрғын үй қорын ығыстыру қаланың негізгі магистральдары бойында көп қабатты тұрғын үйлер салу, шағын қабатты үйлер салуды дамыту ұсынылады. Қаланың орталық бөлiгi Достық даңғылы, Фурманов, Шаған жағалауы, Әйтиев көшелерiнiң бойында алғашқы салынған аудандар, Жайық пен Шаған өзендерiнiң бағалы аймақтарын қазiргі уақытта жоқ болып отырған Орал қаласының өзен фасадын қалыптастыру құрылысын табиғи зерттеулер көрсеттi. Резервтегi аумақтар ретiнде зардап шеккен тұрғындарды уақытша орналастыру үшін Желаев өндiрiстiк аумағында Кутяков көшесiнiң жалғасында шығыс бағыттағы бос жатқан аймақтар берiледi. Екiншi нұсқасы (тұрғындар уақытша орналастырылады деп есептеп) С. Датов, Шолохов көшелерi және бас жоспар авторының зоопарк салуға ұсынған үшбұрышы. Резервтегi жылу мен қуатпен қамтамасыздандыру көздерiн орналастыру учаскесi ретiнде 2 нұсқа (бас жоспарға сәйкес, 4-кiтап 161-бет) ұсынылады.
       Негiзгi - қаланың солтүстiк-шығыс бөлiгiндегi қуаты 160 Мвт газтурбиндi қуат стансасы құрылысына бос жатқан аймақтағы бұрыннан бар, газкомпрессорлы стансасы ауданы ұсынылады.
       Резервтi - қаладан Атырау тас жолына шығатын газтурбинды қуат стансасы құрылысы "Уральская-220" шағын стансасы бар аудан. Соңғы нұсқада қалаға дейiн жылу құбырын жүргiзу қажет болады.
      Тұрғындардың барлық санаттарын (мүгедектердi және шағын топтарды қоса есептегенде) тиiмдi жағдайларымен және мүмкiндiк құралдарымен қамтамасыз ету өте төменгi сатыда қаралуда. Соның iшiнде жеке кiру есiгi мен бөлме, аса қажеттi пандус сияқты элементтерді қарастыратын тұрғын үй мен әлеуметтiк мәдени объектiлер жобалары бар. Бас жоспарды игеруде авторлар тұрғындар үшiн мүмкiндiк құралдары мен тиiмдi жағдайларды ескерiп, тұрғын аудандарды мен өндірістік аумақтарды тиiмдi және ыңғайлы дамыта отырып орталықтың тармақталған жүйесiн және дамыған көше-жол торабын ескерген.
      Орал қаласының бас жоспарын игеру деңгейінде авторлар "Қазақстан Республикасындағы қала салу жобаларын бекіту және келісу, өңдеу ретiнде, құрамы жөнiндегi нұсқаулары" көлемiнде ҚР ҚҚжЕ 3.01-01-2002 "Қала құрылысы. Қалалық мен ауылдық жердегi құрылыс және жобалауға" сәйкес тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен мүгедектердi және басқа да шағын топтарды емдеу мен сауықтыруға ерекше көңiл бөледі. Тұрғындардың демографиялық құрамы болжамы және жыныстық жас құрылым сараптамасын ескере отырып бас жоспарға сәйкес құрылыстарын салу ұсынылады:
      - еңбек және соғыс ардагерлерi мен қарттар үшін интернат-үйлер;
      - дене кемiстiгi бар ересек мүгедектер үшін интернат-үйлер;
      - психоневрологиялық интернаттар:
      - ақылы кемiс балаларға арналған интернат-үйлер;
      - Ұлы Отан соғысы ардагерлерді мен жалғыз бастыларға арналған арнайы үйлер мен пәтерлер топтары:
      - мүгедектердi сауықтыру орталығы;
      - медициналық-әлеуметтiк сауықтыру орталығы ұсынылады.
      Деркүл ауылындағы қарттар үйлерiн жаңа заман талабына сай қарттарға арналған қалашыққа айналдыру жоспарланып отыр.

Тарихи-мәдени мұраларды қайта қалпына келтiру
мен сақтауға қойылатын талаптар

      Орал қаласы құрылысы дамуының негiзгi бағыттары қаланың тарихи-мәдени мұраларын сақтау және қайта қалпына келтiруде төмендегідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс:
      - қала құрылысы және сәулет құралдарымен көше, алаң және кварталдардың тарихи желiлерiн, қала құрылысы жарасымдылығының тарихи жүйесiн, жылжымайтын мәдени ескерткiштер, құрылыс және жайландырудың тарихи сипатын қоса алғанда, қаланың барлық тарихи табиғи-ландшафтық, жоспарлы, композициялық, қазба негiздерiн сақтау, айқындау және назар аудару;
      - тарихи қалпын басқаларына қарағанда жақсы сақтаған кварталдар мен көшелерге "қорық аумағы" мәртебесiн беру;
      - жылжымайтын мәдени ескерткiштер аумақтары үшiн көрсетiлген аумақтар мен аймақтарда қала құрылысы қызметiн реттеудiң режимдерi мен шекараларын белгiлейтiн оларды қорғаудың құқықтық қала құрылысы кестесiн белгiлеу және сақтау;
      - тарихи табиғат ландшафтарды қорғау аймақтары үшiн көрсетiлген аймақтың шекараларын және осындай ландшафттарды қорғауды және көзбен қабылдауға тиiмдi жағдайларды қамтамасыз ететiн шекаралар шегiнде қала құрылысы қызметiн реттеу режимдерiн белгiлейтiн құқықтық қала құрылысы кестелерiн белгiлеу және сақтау;
      - жылжымайтын мәдени ескерткiштердi қалпына келтiру және қайта өңдеу, анықтау және есепке алу жұмыстарының көлемiн көбейту.

Табиғи кешен аумағын дамыту мен сақтаудың
негiзгi бағыттары

      Орал қаласының табиғи кешенi табиғатты сақтау, рекреакциялық, сауықтыру және басқа функциялардан, соның iшiнде қала ортасын қазiргi заман келбетiне сай жасау, оған су кеңiстiктерiн және көгалданған жайылма шалғындардың, орман алаптарының, барлық табиғат ландшафтарының, өсiмдiктер мен су нысандарының жиынтығын құрайды.
      Табиғи кешен аумағын сақтаудың және дамытудың негiзгi бағыттары төмендегiдей мәселелердi қарастырады:
      - Орал қаласы және қала маңы аймақтарындағы табиғат кешенiнiң тұтастығын сақтау;
      - қала құрылымында көгалдандыру элементтерiн құру;
      - әртүрлi иерархиялық деңгейдегi рекреакциялы аймақтарды қалыптастыру;
      - қаланың дамуының бас жоспарын дайындау кезiнде қала аудандарын және нақты аумақтарды бөлшектi жоспарлау жобасына бұрыннан бар табиғи кешендi барынша сақтай отырып, жобалардың экологиялық бөлiмiнiң талаптарын ескерту;
      - табиғи кешеннiң аумағын ұлғайту.

Аумақтың сәулеттiк жоспарын ұйымдастыру

       Бас жоспарда қаланың әрi қарай дамуы негiзiнен қала iшiнде, қалаiшiлiк аумақтарды қарқынды қолдану арқылы қарастырылады. Осыған орай, қаланың қызметтік құрылымын негізгі үш магистраль түрiнде ұйымдастыру арқылы күшейту қарастырылған:
       - солтүстiк бағыт - екi құрамдас бөлiгiмен Кутяков көшесi бойымен - Кутяков көшесiнен С.Тюленина көшесi бойымен Самарское және Евразия даңғылы бойымен және Кутяков көшесi Бузулук трассасымен;
       - оңтүстiк-батыс бағыты - екi құрамдас бөлiгiмен Зашаған Саратов трассасы бойымен батысқа қарай;
       - оңтүстiк бағыт - Атырауға.
      Бұның өзiнде қала орталығымен байланыс Пугачев көшесi мен Евразия даңғылының жаңа жалғасымен жүзеге асырылады. Қайтадан жаңғыртылған Айтиев көшесi (қоғамдық пайдалану магистралы) Пугачев көшесiне шығатын Кутяков көшесiнiң жалғасы болуы тиiс. Қаланың солтүстiк бөлiгiнде төрт жоспарлы аудан: Солтүстiк, Солтүстiк-шығыс, Шығыс, (темiржол магистралының оң жағы) және жаңа жоспарлы Мичурин ауданы дамып келедi. Басқа да жоспарлы аудандар - Зачаган және Деркөл қаланың негiзгi бөлiгiнен Шаған өзенi жайылмасында ландшафты-рекреациялық аймақ арқылы бөлiнген. Шығыс жоспарлы ауданын қайта құруда қала құрылымына жергiлiктi жердiң басты табиғи ландшафт элементi - бұрын қала құрылысы концепциясында қолданылмаған Орал өзенiн ендiру қарастырылған. Осы мақсаттарда қала iшiн кеңейтiп, өзен жағалауынан және қалаға кiреберiс жағынан оның сыртқы келбетiн көркейту жұмыстарын жүргiзу көзделiп отыр.
      Жалпы қала орталығын және қол жетiмдiлiгiн дамытуға қол жеткiзу - қаланың жаңа көлiк кестесiн дамыту (Айтиев, Фурманов, Кутяков көшелерiндегi), қазiргi көлiктiк және байланыс жүйелерiн дамыту, сонымен қатар жалпы қалалық орталықтың солтүстiк бөлiгiнде көлiктiк-аялдамалық торапты қайта жөндеу арқылы жүзеге асырылады.
      Зачаганск кентiнде Анисимов көлi аумағында ботаникалық бағы бар рекрационды кешен негiзiнде жоғарғы оқу орны орталығын дамыту қарастырылуда. Деркөл кентiн нашақорлықтан сауықтыру орталығы және қарттар үйi орналастырылатын негiзгi медициналық орталыққа айналдыру белгiленедi.
       Талдау және ұсынылған бас жоспар жобасында берiлген қала құрылысы бағалар қорытындыларына сәйкес, төмендегi негiзгi қалыптасқан: солтүстiк-шығыс, оңтүстiк-батыс және солтүстiк-батыс бағыттарды дамытуға басымдық берiлген. Бұның өзiнде Зачаганск кентiде Атырау және Самара трассаларының екi жағымен құрылыстардан бос аумақтарды қоныстану аумақтарына айналдыру қарастырылған. Деркөл кентiнде темiржолдың батыс және оңтүстiк беттерiндегi ағаштарды кесiп, жаңа құрылыс жерлерiн дайындау көзделедi. Зеленов ауданы аумағында орналасқан Мичурин кентiн Орал қаласына қосу арқылы қаланың оңтүстiк және солтүстiк аумақтары кеңейтiледi.

Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары

      Қоғамдық аумаққа қызмет көрсету, мәдениет, демалыс, туризм, білім, әкiмшiлiк және iскерлiк саладағы жұмыс орындарының негiзгi тобы шоғырланған, ол қала аумағының негiзгi функционалдық және архитекторлық-өндiрiстiк шоғырлану сұлбасын құрайды.
      Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары төмендегiлердi қарастырады: жалпы қалалық қоғамдық орталықтар аумақтарының бір жүйелiлiгiн дамыту, тұрғындарға қызмет көрсететiн орталықтардың көп функциональды жүйесiн дамыту.
      Қала қоғамдық орталықтарының болашақ құрылымын ҚҚО-тың бос элементi ретiнде орталық, сонымен бiрге жоспарланған аудан орталықтары, қаланың маңызды көлiктiк-байланыс желiлерi құрайды.
      Қала орталықтары жүйесiнiң (ҚҚО және мамандандырылған) ерекшелiгi - оның қаланың бар аумағына әсер етуi оның топтық жүйеде орналасуы.
      Қаланың орталығының жетекшi қызметi бұрынғыша әкiмшiлiк-iскерлiк және мәдени-ағартушылық қызметтер болып қалуда, мәселен, Орал қаласы бұрынғыша облыстық саяси-әкiмшiлiк және қоғамдық-мәдени орталығы рөлiн атқарады. Қала орталығының басты кiндiгі, әкiмшiлiк-iскерлiк орталығы болып қалыптасқан Достық-Дружба даңғылының бойы ашық қоғамдық кеңiстiктi жетiлдiру мен қаланың басты форумын орналастыруды акценттендiру, сәулет доминанттарын қалыптастыру арқылы дамитын болады.

Орал қаласы аумағындағы қала құрылысын аймақтандыру

      Орал қаласының басты жоспарында аумақты қала құрылысын салуды аймақтандыру ҚНжЕ 207.01-89 "Қала құрылысы" және ҚНжЕ ҚР Б.1-7.97 сәйкес белгiленедi. Бас жоспар аумақ деңгейiнде қала құрылысын салудың кадастрлық секторларында аумақтар деңгейiнiң пайдаланылу талаптарын белгiлейдi. Қала аумақтық бiрлiктерiнiң магистральды көшелердiң қызыл жолақ есебiнен шектелген шекарасы, табиғи кешен аумақтары шекарасы, өзге де шекаралар Орал қаласы аумағының қала құрылысы кадастрлық секторы болып табылады.
      Қала құрылысын салудың кадастрлық сектордың функционалдық бағыты оның шекарасындағы рұқсат етілген алаң, тұрғындары бар учаскелер, қоғамдық, өндiрiстiк, табиғи нысандардың ара-қатынасына қарай белгiленедi.
      Қала құрылысы кадастрлық секторлары аумақтарының белгіленген функционалдық бағыты Орал қаласының қала құрылысы дамуының мақсаттарына, талаптарына және негізгі бағыттарына сәйкес қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру кезiнде қала аумағын пайдалануды қамтамасыз етудiң заңды құралы болып табылады.
      Қала құрылысы кадастрлық секторлар аумағының белгiленген қызметтiк қолданысы облыстағы қала құрылысы және жер учаскелiк қолданудағы шешiм қабылдауда жергiлiктi органдарға мiндеттi болады. Қала құрылысы кадастрлық сектор аумағының белгiленген қызметтік қолданысына кедергi жасайтын қала құрылысы қызметi ҚНжЕ 2.07.01-89 "Қала құрылысымен" тыйым салынады.
      Қаланың бас жоспарының сызбаларында режимдiк шектеу аймақтары ретiнде Орал қаласының су қорғау аймақтары мен белдеулерi анық көрсетiлген.
      Жобалау тапсырмасында қала маңындағы аумақтар аймағын бөлiп көрсету келiсiлмеген. Орал қаласының "Қаланың даму тұжырымдамасы" бас жоспарының 1-шi кезеңiн қарау кезiнде бұл мәселе мұқият зерделендi, жазылды, бұл ретте қала маңындағы аумақтар есебiнен, оның iшiнде өнеркәсiптiк тораптардың темiржол станцияларын, темiржол маңындағы кенттердi игеру мүмкiндiгiмен Орал қаласы мен Ақсай қаласының өзара жақындасуы есебiнен қала дамуы перспективаларының тиiстi мүмкiндiктерi орындалды және сызбаларда көрсетiлдi, яғни өндiрiстiк күштердi облыс аумағының негiзгi көлiк және жүк тасу дәлiздерiнде бөлу мен орналастыру сызбасын түбегейлi дамытудың ұстанымы жүзеге асырылды. Бұл ретте бұл мәселенiң облысты аудандық жоспарлау жобаларының бөлiмi болып табылатындығын көрсету қажет, өйткенi ол Орал қаласының, сондай-ақ облыстың Теректi және Бөрiлi аудандарының аумақтарын игеру перспективасын қарайды.
      Деркөл кентiнiң қаланың ауданы ретiндегi әрi қарай дамуы мәселелерiн, қала шетi шекарасын өзгерту ұсынысын есепке ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi "Мемауылшаруашылық тәжiрибе станциясы" РМК аумағының бөлшегiн алу жөнiнде Қазақстан Республикасының Жер кoдeкci талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен шешудi жоспарлап отыр.

Функциональды аймақтандыру және осы аймақтардағы
аумақтарды пайдаланудағы шектеулер

      Қала аумағын құқықтық функционалды аймақтандыру негiзiне, қала аумағын тұрғын-жай құрылысына, өндiрiстiк қойма аумақтарына және рекреациялық аймақтарға бөлуге айрықша талаптар қоя отырып, жинақты экономикалық баға беру жатады.
      Егер функционалды аймақтандыру реттелген жүйесi iске acca, онда аймақтандыру экономикалық өсуге дем бередi және басқару тиiмдiлiгiн арттырады.
      Бас жоспар және қала құрылысын салудың әзiрленген сызбасы қаланы экономикалық аудандарға бөлу қалыптасқан қызметтi және олармен байланысты тұрғын үй, өндiрiстiк, iскерлiк коммерциялық, рекреакциондық, тарихи) сияқты негiзгi санаттарды қарастырады және сақтайды.
      Аймақтардың дұрыс құрылымы тек функционалды аймақтандыру нәтижесi ғана емес сонымен қатар оң үлгiлердi марапаттау және жердi дұрыс пайдаланбауды түзеудiң және қала аумақтарының құрылысының саясаты болып табылады.

Елдi мекендi аймақтардағы салынған және салынбаған
құрылыстардың қатынасы

      Бас жоспардың iске асырылуын және оның аумақтық ресурстық мүмкiншiлiгiн талдай отырып, бүгінгі таңда бас жоспардың резервi таусылды, қала шекарасында жаңа құрылысқа арналған аздаған ғана резерв бар деп сенiммен айтуға болады. Қаланың азаматтық тұрғын үй құрылысын салуға арналған бос аумақтар жоспарланған Солтүстiк-Шығыс ауданында, сондай-ақ Зачаганск кентiнде бар.
      Қаланың аумақтық дамуы үшiн, жоспарлау жүйесiнiң шектеу негiзiн бұрынғыша Жайық, Шаған, Деркүл өзендерiнiң су басу аймақтары құрайды.
      Жоспары шектеулер жүйесiмен айқындалатын аумақтық мүмкiндiктердi негiзге ала отырып аумақтық дамытудың, бас жоспарда тұрғын үй-азаматтық құрылысты дамытуға арналған құрылыстан бос аумақтардың iшкi резервтерiн пайдаланудың әртүрлi үш нұсқасы әзiрлендi:
      1-нұсқа - Зачаганск кентi және Деркөл кенттерi
      2-нұсқа - Жайық өзенiнiң оң жағалауы аймағының құрылысы
      3-нұсқа - қаланың құрылым негiзiн және оның әсер ететiн аймақтарын қалыптастыратын негiзгi жол желiлерiн дамыту бағытын ұсынады (Шаған өзенiнiң аңғары).
      Өнеркәсiптiк-коммуналдық аймақтарды дамыту үрдiстерiнiң өсiп отырғандығын ескерiп, Шығыс өндiрiстiк ауданға қатысты мәселе жаңаша қойылуда.
      Аумақты функционалдық қайта бағдарлау есебiнен қолайсыз аудандарды түбегейлi өзгертудiң аз да болса мүмкiндiктерi пайда болуда. Шығыс аудан аумағының бөлiгiн босатып алу, қала орталығына көлiк жақсы қатынайтын тұрғын үй құрылысы үшiн iшкi резервтердiң бiрi болып табылады.

Резервтегi аумақтан жер сатып алу және
иелiктен айыру басымдығындағы аймақтар

      Көп пәтерлi тұрғын үйлер салу үшiн негiзгi құрылыс алаңы болып, қаланың Солтүстiк-Шығыс ауданы қала бермек. Бүгiнгi күнде ол алаңдар болашақта негiзгi бөлу алаңы және қаланың орталығымен жақсы көлiк байланыс қатынасы бар болып отыр.
      Бұрынғыша Зашаған кентiндегi игерiлмеген аумақтар жаңа тұрғын үй құрылысы үшiн резервтiң көпшiлiк бөлiгiн құрайды, сонымен қатар шағын қабатты құрылыстар салу үшiн қала аумағының резервiнен шығарылуға қарастырылған аумақ қазiргi уақытта "Мемауылшаруашылық тәжiрибелiк станциясының" иелiгiнде.

Аумақтарды табиғи, техногендiк құбылыстар
мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен
қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту
жөнiндегi шаралар

      Орал қаласы бойынша өткiзiлген түгендеу мәлiметтерiне сәйкес ауаға және қоршаған ортаға шығарылатын қалдық заттардың көпшiлiгi мынадай өндiрiс мекемелер шығарып отыр: "Орал-Арма" AAҚ, "Жайықжылуқуат" ААҚ, ТЭЦ /жылуқуат орталығы/, Орал локомотив депосы, "Орал Металлист зауыты", Орал қаласының отын қоймасы.
      ІІ-ІІІ қауiптi санатты мекемелер құрамына мыналар жатады: "Орал-Apмa" AAҚ, "Жайықжылуқуат" ААҚ, ТЭЦ /жылуқуат орталығы/, Орал локомотив депосы, Орал "Металлист зауыты".
      Ауаның ластануын тексеру шараларының негiзiнiң бiрi - осы бiр пунктте өткiзiлетiн ауа сапасының мониторингi болып табылады.
      Қаланың ауа бассейiнiн негiзiнен автомобиль көлiктерiнiң азот диоксидінiң шығымы ластайды. Ластау индексi аз болғанымен Бас жоспар бойынша жобада ауа ластануын азайту шаралары қарастырылған. Қоныстану аумағында орналасқан мекемелерге "қалдықсыз" өндiрiске көшу жөнiнде қатаң талаптар қойылып отыр. Металды ыстық күйiнде өңдеумен айналысатын зиянды цехтарды қаланың өндiрiстiк аймағына көшiру қарастырылған.
      Қаланың бас жоспарында: қаланың қалдықтарын көму, уытты-тұрмыстық қалдықтарды көму полигонын салу жөнiндегi қажеттi шаралар қабылданған.

4. Көлiктiк инфрақұрылымның дамуы

      Автомобильдiк көлiк және көше-жол торабы. Бас жоспар жобасында темiржол вокзалы мен автобекеттiң құрамынан көлiк орталығын құру қарастырылуда. Көше-жол торабының тығыздығы мен өткiзу мүмкiндiгiн көтеру үшiн негізгi көшелердiң қиылысындағы көлiк құрылысын жөндеу көзделген. Темiржол жолымен қиылыстарына жер үстi жаяу жүргiншiлер өткелдерi мен Жайық, Деркөл, Крутая өзендерiне көпiр салу қарастырылуда. Сонымен қатар, Жайық өзенiнiң екi жағасымен әуежайды болашақ көпiрмен байланыстыратын жаңа автомагистраль құрылысын аяқтау қарастырылуда. Қаланың айналасындағы су магистралы құрылысының жобасын аяқтау қарастырылуда.
       Темiржол көлiгі. Жаңа бас жоспарда бүгiнгі темiржол торабын қаланың Қарашығанақ кешенi кәсiпорындарымен байланыс қажеттiлiгiнен туындаған келесi шараларды жүзеге асыру ұсынылады:
      - Ақсай-Озинки учаскесiндегі темiр жолдарын екiншi жол салу арқылы электрлендiру;
      - жаңа терминалмен қоса темiр жол вокзал кешенiн салу;
      - келешекте салынып жатқан айналма автожол құрылысы бойымен оңтүстiк айналма темiр жол магистралын салу;
      - көрсетiлген мерзiмнен тыс Орал мен Атырау қалалары аралығында жоғарғы жылдамтықтағы темiр жол магистралын салу;
      - темiр жол бекетi аудандары Пойма мен Деркөл кенттерiнде сұрыпталған темiр жол бекеттерiн салу.
       Әуе көлiгi. Қаланы Қазақстанның басқа қалаларымен, сонымен қатар алыс және жақын шетелдермен тiкелей байланыстыру үшiн маршрут көлiктерiнiң санын көбейту ұсынылады:
      - әуежайдың ұшып-қону жолағын қайта жөндеу мен ұзарту;
      - әуежай аумағында халықаралық стандартқа сай жаңа кеден терминалы мен қонақ үй кешенiн салу;
      - ұшақ паркiн жаңғырту;
      - шойын жол бойындағы ЖЖМ қоймасы Пойма бекетiнен өнiм желiсiн әуе жайға дейiн салу.
       Су көлiгi. Өзен көлi мен жолаушы тасу және жүк айналымының мөлшерiн Атырау қаласы мен Каспий теңiзiне дейiн ұлғайту үшiн, Жайық өзенi арнасын тереңдетiп және тазарту жұмыстарымен қатар қазiргi заман талабына сай қалалық өзен порты құрылысын салу көзделген.

5. Инженерлiк инфрақұрылымды дамыту

      Бас жоспар жобасында қаланың инженерлiк инфрақұрылымы жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу берiлген.

Сумен қамту

      Қаланы сумен жабдықтау жүйесi екi көзден: жер үстi - Жайық өзенiнен және жер асты - Камен топтық су құбыры желiсi арқылы қамтылады. Қалыпты жұмыс жасау үшiн сумен жабдықтау жүйесiнiң 40 жылдан астам уақыт пайдаланудағы сутартқы ғимараттары мен су тарту станциялары жабдықтарын қайта жаңғырту. Iрi өнеркәсiп кәсiпорындарын техникалық сумен жабдықтау үшiн Орал өзенiнiң суы мен өндiрiстiк кәсiпорындары аумағында орналасқан жер асты сулары қолданылады. 2030 жылға дейiн белгiленген мерзiм iшiнде шамамен 300-350 мың қала тұрғындары тәулiгiне 90 мың м 3 суды, барлық су көздерiнiң қоры тәулiгiне 104 мың м 3 болған кезiнде қолданылады.
      Бас жоспардың жобасында жер суаратын су көздерi болып Орал, Шаған, Деркөл өзендерi мен құбырлары қарастырылған. Қала аумағында қазiргi бар, сондай-ақ болашақта салынатын ашық арықтық жүйедегi және жабық суару жүйесiндегi жер суару торабын дамыту ұсынылған. Суару жүйесiне су тарту станциясы көмегiмен су жiберу көзделген.

Су шығару

      Бас жоспар бойынша канализация жүйесiн дамыту бөлiмiнде жүйенiң қызметiнiң сенiмдiлiгiн көтеру, жалпы қуаттылығын тәулiгiне 60 мың м жеткiзу көзделедi. Тұжырымдамада өнiмдiлігі тәулiгiне 50 мың м 3 жасанды биологиялық тазартпалы канализациялық тазарту құрылыстарын iске қосу қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі бар канализация жүйелерi мен құрылымдарын қайта жөндеу, импорт алмастырудың жаңа технологиясы бойынша диаметрi 200-1200 мм керамикалық, шойын, пластикалық тұрбалардан жаңа коллекторлар құрылысын жүргiзу көзделедi.

Электрмен жабдықтау

      Қаланы электрмен жабдықтаудың негiзгi көзi белгiленген қуаттылығы 32 Мвт Орал жылу электр орталығы болып табылады. Қазiргi уақытта қуаттылық жетiспеуiне байланысты жылу электр орталығында қуаттылығы 28,52 Мвт газотурбиналық электрстанциясы салынуда.
      Болашақта электрэнергиясының тапшылығын жою, қаланың батыс бөлiгiнде жобаланып отырған бөлек орналасқан газотурбиналық электрстанциясы құрылысын салу есебiнен толықтырылады деп жоспарланып отыр.

Газбен жабдықтау

      Қала негiзiнен табиғи газбен жабдықталады. Газбен жабдықтаудың негiзгi көзi - Қарашығанақ газ конденсат орны болып табылады. Қазiргі кезде қала бойынша газдың жалпы шығысы жылына 326 млн. м 3 Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейi 92 пайыз. Сұйытылған газ көбiнесе өндiрiстiк кәсiпорындардың технологиялық қажеттiлiктерiне берiледі. Сұйытылған газдың шығыны жылына 170 тонна құрайды. Бас жоспардың есептеу мерзiмiне тұрғындардың, өндiрiстiк кәсiпорындардың және басқа да жылу тұтынушылардың қажеттiлiктерiне кететiн газ шығыны шамамен жылына 710 млн. м 3 .

6. Бас жоспарды iске асыру және оның мониторингі

      Бас жоспарды жүзеге асыру және оның мониторингiн Орал қаласын дамытуды қамтамасыз ететiн Орал қаласының атқарушы органы iске асырады.
      Орал қаласының әкiмдiгi бас жоспардың жүзеге асырылуы туралы қалалықтарды үнемi хабардар етiп отырады. 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған бiрiншi кезектi қала құрылысы шаралары жоспарын жүзеге асыру нәтижесiнде бас жоспарға түзетулер енгізу қажет.
      Бас жоспарды, ал қажет болған жағдайда - Орал қаласының қала құрылысын дамытудың негізгi бағыттарын түзету есептi кезеңнiң iшiнде әр 5 жыл сайын жүргiзiледi.

              "Орал қаласының бас жоспары"
     жобасының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi

Көрсеткiштер

Өлшем
бiрлiгі

Бастапқы жыл
- 2001 жыл

Құрылыстың
бiрiншi
кезегi -
2005 жыл

Есепті
мерзiм -
2015 жыл

1

2

3

4

5

1. Аумақ

1.1 Қаладан тыс аумақта-
ғы қала
жерлерiнiң
жалпы көле-
мi, барлығы

га

19733.43

20266.73

20880.73

Соның iшiнде:
- Tұрғын-үй
құрылыстары

га

1392.83

1593.94

3322.02

олардың iшiнде:
-үй-жайлық
құрылыстар
- 2-3 қабатты
көп пәтерлi
үйлер
- көп қабатты
көп пәтерлi
үйлер


 

    га
 
  га
 
 
    га


 

    898.87.
 
  93.86
 
 
    93.86


 

    1593.94
 
  1022.31
 
 
    142.96


 

    3322.02
 
  2064.86
 
 
    595.45

- Қоғамдық
құрылыстар

га

335.59

391.0

557.24

- Селитебтi
аумақтағы
қорлар

га

338.68

137.68

141.65

- Жалпы
қолданыстағы
көгалдық
жерлер

га

71.70

356.47

739.84

- Көшелер,
жолдар,
өткелдер

га

687.77

837.08

1441.00

- Өзге
аумақтар

га

1155.76

1254.38

1550.24

Соның iшiнде:
-өндiрiстiк
кәсiпорындар
-коммуналды
қоймалық
-транспорттық


  га
 
  га
 
  га


  497.64
 
  406.48
 
  251.64


  543.11
 
  411.86
 
  269.41


  679.52
 
  548.00
 
  322.72

- Бос, қолай-
сыз жерлер
және т.б.

га

822.21

690.21

412.59

- Қала
ішiндегі
транспорттар
мен темір
жолдары аумағы

га

74.48

79.70

79.70

- Сулы
аумақтар

га

1400.0

1564.04

1564.04

- Арнайы аумақтар
- Бейiттер

га

79.15
 
  30.27

104.65
 
  30.32

81.00
 
  65.00

- Қоқыс
тастайтын жер

га

93.2

119.5

151.2

- Ауыл
шаруашылығы
жерлерi

га

4835.29

4710.80

1761.03

- Ормандар

га

7529.18

7529.18

7726.22

- Орман
питомнигi

га

-

484.44

484.44

- Бақ, дача, баубақша
телiмдерi
соның
iшiнде:
қаланың
өзiнде

га
 
 
 
      мың
адам

886.78
 
 
 
 
        210.0

857.78
 
 
 
 
        225.0

838.0
 
 
 
 
        270.0

2. Тұрғындар

2.1. Қалаға
қарайтын
мекендердiң
тұрғындарын
қоса
есептегенде

мың
адам

215.0

225.0

270.0

2.2. сели-
тибтi аумақ
iшiндегi
тұрғындардың
тығыздығы

адам/
га

46.7

44.7

33.5

2.3. Тұрғын-
дардың жас
мөлшерi
құрылымы
- 0-15 жасқа
дейiнгi
балалар
- еңбекке жарамды жастағы тұрғындар
- еңбекке
жарамды
жастан асқан
тұрғындар

мың
адам/%


 
 
 

        50.4/24.0
 
 
    128.6/61.25
 
 
 
      31.0/14.75


 
 
 

        53.65/23.84
 
 
    137.55/61.16
 
 
 
      33.8/15.0


 
 
 

        60.12/22.26
 
 
    166.68/61.74
 
 
 
      43.2/16.0

2.4. Тұрғын-
дардың еңбек
құрылысы
- қаланы
құрайтын топ
- қызмет
көрсетушi топ
- тұрмысы
төмен
тұрғындар

мың
адам/%


 
 

      41.8/19.9
 
  24.0/11.4
 
  144.4/68.7


 
 

      46.7/20.8
 
  27.9/12.4
 
  150.4/66.8


 
 

      65.5/24.3
 
  46.0/17.0
 
  158.5/58.7

3. Тұрғын үй құрылысы

3.1. Тұрғын
үй қоры,
барлығы

Жалпы
жердiң
мың м 2

3853.9

4175.46

6388.12

3.2. Тұрғын-
дардың жермен
орташа қамта-
масыз етiлуi

м 2 /адам

18.3

16.55

23.66

3.3. Қабат
бойынша
тұрғын үй
қорының
таратылуы
- 1-қабатты
- 2-3 қабатты
- 4-5 қабатты
- 9-14
қабатты

мың
шаршы
метр (м 2 )

3853.9
 
 
 
 
        904.0
463.0
1604.28
882.62

4175.46
 
 
 
 
        1021.64
514.92
1617.28
1021.62

6388.12
 
 
 
 
        1824.64
1260.91
1787.62
1514.95

3.4. Жаңа
тұрғын үй
құрылысының
қабат бойынша
ара қатысы
- 1-қабатты
- 2-3 қабатты
- 4-5 қабатты
- 9-14
қабатты

Мың
шаршы
метр/%


327.36/1000
 
 
 
 
        123.44/37.7
51.92/15.8
13.0/4
139/42.5

2352.26/100
 
 
 
 
        819.0/34.8
853.99/36.3
185.94/7.9
493.33

3.5. Тұрғын
үй қорының
кезеңдік
кемуi

мың
шаршы
метр


5.8

139.6

3.6. Тұрғын
үй қорының
бiр жыл
iшiнде
кемуiнің
орташа есебі

мың
шаршы
метр


1.45

14.0

4. Әлеуметтiк-тұрмыстық бағыттағы мекемелер

4.1. Мектеп
жасына дейiн-
гi балалар
мекемесi,
барлығы/1000
адамға

орын

4550/21.6

4740/21

8365/31

4.2. Жалпы
бiлiм беру
мекемелері,
барлығы/1000
адамға

орын

32245/153.4

38511/153.4

49220/182.3

4.3. Ауруха-
налар, барлы-
ғы/1000
адамға

керует

12750/60.7

11100/49.3

15600/57.7

4.4. Емхана-
лар, барлығы/
1000 адамға

кезек-
пен
баруы

3540/16.84

4110/18.3

10650/39.44

4.5. Дүкен-
дер: барлық
сауда алаңы/
1000 адамға

мың
шаршы
метр/
шаршы
метр

36.2/172.0

50.2/223.0

81.2/301.0

4.6. Қоғамдық
тамақтандыру
кәсіпорында-
ры, барлығы/
1000 адамға

отыру
орны

252/10.7

2585/11.5

11910/44.1

4.7. Клубтар,
мәдениет
сарайлары,
барлығы/1000
адамға

орын

1720/8.2

1720/7.64

6720/25

4.8. Театрлар
мен концерт
залдары,
барлығы
/1000 адамға

орын

1370/6.5

1720/7.6

2850/10.6

4.9. Қонақ
үйлер, барлығы/1000
адамға

орын

840/4.0

840/3.7

1620/6.0

4.10. Тұрмыс-
тық қызмет
көрсету
мекемелерi,
барлығы/1000
адамға

Мың
жұмыс
орны/
орын

0.26/1.24

0.36/1.6

2.26/8.4

4.11. Мүге-
дектерге
және қарт-
тарға ар-
налған
еңбекке
жарамды ету
орталықтары-
ның интернат
-үйлері,
барлығы/1000
адамға

орын

610/2.9

794/3.5

794/2.9

4.12. Ақылы
кем дамыған
балаларға
арналған
балалар
үй-интернат-
тары, барлығы
/1000 адамға

орын

201/0.95

352/1.5

352/1.3

4.13.Психо-
неврология
интернаттары,
барлығы/1000
адамға

орын

101/0.48

101/0.44

131/0.48

4.14. Медици-
налық-әлеуме-
ттiк оңалту
орталығы,
барлығы/1000
адамға

керует

30/0.14

30/0.13

50/0.18

5. Қалалық көлiк және жалпы қалалық мәнi бар
магистралдар

5.1. Қала
транспортының
жол ұзақтығы
соның iшiнде:
троллейбус
автобус

Екi
есе
жол
км.

92
 
 
 
 
        92

116
 
 
 
 
        116

256
 
 
 
      80
176

5.2. Көшелер
мен магист-
ральдардың
желiс ұзақтығы
соның ішінде:
жалпы
қалалық
мәндегі
магистральдар

км

379
 
 
 
 
 
 
            62

379
 
 
 
 
 
 
            64

450
 
 
 
 
 
 
            72

5.3. Қала салу iшiнде-
гi көше
желiсiнiң
тығыздығы
соның iшiнде
жалпы қала-
лық мәндегі;
магистральдар
км/шаршы км.

км/км 2

8.4
 
 
 
 
        1.4

7.6
 
 
 
 
        1.3

5.6
 
 
 
 
        0.9

6. Инженерлiк құрал-жабдықтар

6.1. Сумен
жабдықтау





6.1.1. Барлы-
ғын тұтыну
есебi, соның
iшiнде:
- шаруашылық-
ауыз су
- өндiрiс
қажеттiлiк-
терiне

мың
м 3/ тәулік
 

61.007
 
 
 
      38.584
 
  22.423

82.036
 
 
 
      62.091
 
  19.945

121.001
 
 
 
      94.934
 
  26.067

6.1.2. Орта
тәулiктiк
тұтыну 1
адамға,
оның iшiнде:
- шаруашылық-
ауыз су
қажеттiлiк-
терi

л/тәу-
лiк

330
 
 
 
 
 
          184.0

456
 
 
 
 
 
          276.0

458
 
 
 
 
 
          352.0

6.2. Кәрiз

мың м 3 /тәу-
лiк

27.98

58.65

93.18

6.2.1. Ағынды
сулардың
жалпы түсiмi,
оның iшiнде:
- тұрмыстық
- өндiрiстiк
кәрiз



 
 
 

        25.39
2.59


 
 
 

        54.05
4.60


 
 
 

        85.26
7.92

6.3. Электр-
мен жабдықтау
6.3.1. Электр
қуатына сұра-
ныстың
болжамы





Электр қуатын
тұтыну есебі,
соның iшiнде:
-коммуналды-
тұрмыстық
қажеттілік-
терге;
-өндiрiстiк
қажеттілiк-
терге;

мВт
 
 


  227.2
 
  111.8
 
 
 
      69.8

342.8
 
 
    181.7
 
 
 
      91.7
 
 

523.2
 
 
    285.1
 
 
 
      136.8

6.3.2. Электр
қуатын бiр
адамның жылы-
на орташа қолдану
есебі,
соның iшiнде:
-коммуналды-
тұрмыстық
қажеттiлiк-
терге

кВт
сағ.

1080

1520

1940

6.4. Жылумен
жабдықтау





6.4.1.
Максималды
жылу қуаты

Гкал/
сағ.

1047

1215

1495

Вентиляция
мен жылу
қажеттiлiгi,
барлығы
Соның iшiнде:
-коммуналды-
тұрмыстық
қажеттiлiк-
терге
-өндiрiстiк
қажеттiлiк-
терге

Гкал/
сағ.

855
 
 
 
 
        640
 
 
 
      215

940
 
 
 
 
        675
 
 
 
      265

1178
 
 
 
 
        887
 
 
 
      291

6.5. Газбен
жабдықтау
6.5.1. Табиғи
газды тұтыну,
барлығы
соның iшiнде:
-коммуналды-
тұрмыстық
-өндiрiстiк
қажеттiлiк-
терге

Млн.
м 3 /жыл

326
 
 
 
 
 
          56
 
  270

396
 
 
 
 
 
          66.5
 
  330

710
 
 
 
 
 
          80
 
  630

7.Аумақтарды инженерлiк дайындау

7.1. Жайық,
Шаған, Деркөл
өзендерiнiң
жағаларын
бекiту

км


2.3

19.4

7.2.Топырақты
бөгеттер

км


1.2

4.75