Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы N 126 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 854 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 N 854 қаулысымен (01.09.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi үшiн кадрларды кәсiби даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЖД-158/6 мекемесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "Оқу орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Оқу орталығы) құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Оқу орталығы Жарғысының бекiтiлуiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) Мекеменiң ол таратылғаннан кейiнгi қалған мүлкiнiң Оқу орталығына берiлуiн;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
      "Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-1-жолмен толықтырылсын:
      "2-1. Оқу орталығы";
      реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі