Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы N 115 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 7 ақпандағы 
N 115 қаулысымен    
бекiтiлген      

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
уақытында байланыс операторларының желiлерi мен
құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген
шығындарды өтеу ережесi

      1. Осы Ереже "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында (бұдан әрi - төтенше жағдайлар) байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу тәртiбi мен мерзiмдерiн белгілейдi.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлар кезiнде байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалануға басымдық құқығы бар уәкiлетті мемлекеттiк органдар оларға шығындарды осы Ережеге сәйкес өтейдi.
      3. Төтенше жағдайлар аудандарының аймағынан тыс төтенше жағдайларды жою уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындар мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтерiне ақы төлеу үшiн байланыс операторлары мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттар негiзiнде өтеледі.
      Байланыс операторларына көрсеткен қызметтерiне ақы төлеу қызмет көрсету уақытында осы операторлардың қолданыстағы тарифтерi бойынша уәкілеттi мемлекеттiк органдар тиісті бюджеттерде көздейтiн бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      4. Төтенше жағдайлар аудандарының аймақтарынан байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлардың салдарын жоюға бөлiнетiн қаражаттан өтеледi.
      Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу қызмет көрсету уақытында осы операторлардың қолданыстағы тарифтерi бойынша және олардың желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген нақты шығындарды растайтын ұсынылған құжаттар негiзiнде төленедi.
      5. Осы Ереженiң 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде келтiрiлген шығындар төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыс аяқталған сәттен бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде өтеледi.
      6. Қажет болған жағдайда шығындарды өтеудiң өзге де мерзiмдерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келiсiлуi мүмкiн.