"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылға арналған көлемi:
мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бec жүз мың) тонна мөлшерiнде;
мемлекеттік жемдiк астық ресурстары 5000 (бec мың) тоннаға дейінгі мөлшерінде;
мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 100000 (бір жүз мың)
тоннаға дейінгі мөлшерде;
мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 465000 (төрт жүз алпыс бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде белгiленсiн.
2. 2005 жылы пайдалану көлемi:
мемлекеттік жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгі мөлшерде;
мемлекеттiк тұқымдық астық ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының сатылатын мемлекеттiк ресурстар астығын 360 (үш жүз алпыс) мың тоннаға дейiнгі көлемде республиканың iшкi рыногында ашық тендерлер өткiзу арқылы не тауар биржасында сатуын қамтамасыз етсiн.