Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы N 84 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң арнайы әскерлері мен Тылы штат санының бекiтілген лимитi шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік мекемелерi құрылсын:
      1) "Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің күзетi)";
      2) "Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi объектiлерiнiң күзетi)";
      3) "Ақтөбе гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      4) "Аягөз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      5) "Гвардейск гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      6) "Қарағанды гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      7) "Сарыөзек гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      8) "Талдықорған гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      9) "Тараз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      10) "Өскемен гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      11) "Шымкент гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      12) "Қапшағай гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      13) "Үшарал гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      14) "Балқаш гарнизонының (3-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      15) "Ақтау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
      16) "Атырау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
      17) "Георгиевка гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
      18) "Қостанай гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi";
      19) "Павлодар гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
      20) "Петропавл гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
      21) "Приозерск гарнизонының анықтау және іздестiру бөлiмшесi";
      22) "Орал гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
      23) "Щучинск гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi";
      24) "Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы";
      25) "1127-зат қоймасы".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "4780-зат қоймасы" мемлекеттiк мекемесi "Орталық зат қоймасы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15 142-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия).

      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекеменiң мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі