Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 63 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Әуежайлар қызметтерiн көрсетуге арналған үлгi шартта:
      4-тармақ алынып тасталсын;
      2) "Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 562-құжат):
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер "мемлекет реттейтiн баға қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерiнiң тiзбесiнде:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасы";
      мынадай мазмұндағы 3, 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Әуе кемесiне негiзгi әуеайлақта тұру орнын беру жөнiндегі қызметтер.
      4. Жолаушыларды тiркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру жөнiндегi қызметтер.
      5. Әуе кемесіне тұру орнын 1.11-тармақта белгіленген уақыттан тыс беру жөнiндегi қызметтер.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі