Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 38 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1345 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбiр мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 18-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсiн:
      мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:
      "12-2. Халықаралық автомобиль тасымалдары кезiнде рұқсат жүйесiн орындаудың тәртiбi мен шарттарын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлетті орган белгiлейдi";
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкаларында:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiшке;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі