"Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және 20-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерi бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 18 қаңтардағы
N 25 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке
өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке
кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың
жүйелендiрiлген белгiлерi
Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерi:
1) тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету (электрмен, газбен, сумен жабдықтау, жылу беру, кәрiз);
2) телефон байланысы қызметтерiн көрсету;
3) ұтқыр ұялы байланыс операторлары қызметтерiн көрсету;
4) телевизиялық кабель желiсiн пайдалану қызметтерiн көрсету болып табылады.