Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi жыл сайын 10 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 3 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану
жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМА
1. ПАСПОРТ
Атауы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi
ұтымды пайдалану жөнiндегi 2005-2007
жылдарға арналған бағдарлама
Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003
негiздеме жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспарының 3.1-тармағы,
"Қазақстан Республикасының
әлеуметтiк-экономикалық дамуының
2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк
жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi
N 926 қаулысы
Негiзгi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
әзiрлеушiлер басқару агенттiгi, Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау
министрлiгi, Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылық министрлiгi
Мақсаты Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа
да iс-шаралар кешенiнде нарықтық
экономика жағдайында ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлердi ұтымды
пайдалануды қамтамасыз ету, топырақ
құнарлылығын сақтау және арттыру, жер
ресурстарын қорғау
Мiндеттерi Топырақ құнарлылығын сақтауға және
қалпына келтiруге бағытталған жер
ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау
жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, жер
жағдайына келеңсiз антропогендiк әсердi
жою;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi
ұтымды пайдаланудың экономикалық
тетiктерiн жетiлдiру;
мемлекеттiк жер кадастры мен жер
мониторингiн жүргiзудiң
автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң
инфрақұрылымын құру;
жердi пайдалану мен қорғауды және жер
заңнамасының сақталуын мемлекеттiк
бақылауды тиiмдi жүзеге асыруды
қамтамасыз ету;
жер мониторингі желiсiн дамыту және оның
деректерi негізiнде келеңсiз
процестердi жою жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу;
мониторингтi жүргізудiң
автоматтандырылған жүйесiн құру;
ақпарат алудың, жердi зерттеумен
картографиялаудың жаңа технологиялары
мен әдiстерiне көшу;
жердi ұтымды пайдалану және қорғау
жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу мен
жүзеге асыру кезiнде
ландшафтық-экологиялық көзқарасты іске
асыру;
жер ресурстарын басқару мен жер
қатынастарын peттеу саласында
ғылыми-әдiстемелiк, нормативтiк
қамтамасыз ету
Iске асыру мерзiмі 2005-2007 жылдар
Қажеттi ресурстар Бағдарламаны қаржыландыру республикалық
мен қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге
көздерi асырылатын болады. Қаржыландырудың
жалпы көлемi 4655318 мың теңге, соның
iшiнде:
2005 жылға - 1474669 мың теңге; 2006
жылға - 1905685 мың теңге; 2007 жылға -
1274964 мың теңге.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебінен
қаржыландыру көлемi жергiлiктi
бағдарламаларға сәйкес белгіленедi.
Күтiлетiн Бағдарламаның iске асырудан күтiлетiн
нәтижелер нәтижелер:
мемлекеттiк жер кадастры
автоматтандырылған ақпараттық жүйесінiң
және жер мониторингiнiң құрылымы
қалыптасады және оны жүргiзу қамтамасыз
етiледi;
мыналардың:
ауыл шаруашылығы айналымына енгiзiлген
және 31,4 млн. га (37,7 %) алаңда жер
мониторингi есебiнен шаруашылық
жүргізушi субъектiлерге берілген жер
ресурстарын ұтымды пайдалану мен
қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету;
егiстiктiң 14,2 % алаңында бонитет
балын анықтау; ауыл шаруашылығы
алқаптарының тиiсiнше 1 млн. га және
2,3 млн. га алаңында ірі масштабты
топырақ және геоботаникалық зерттеулер
жүргiзу;
1 млн. га алаңда топырақ материалдарын
жаңарту;
аэрофотогеодезиялық, дешифрлеу
жұмыстарының, ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жердің 24,3 % алаңында
топографиялық және сандық карталар
жасаудың деңгейi артады;
мыналарға:
шаруа қожалықтарына - 55,2 мың, жер
учаскелерiне, ауыл шаруашылығы
ұйымдарына - 9,5 мың ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерiне
паспорттар жасалады.
мемлекеттiк жер кадастры мен жер
мониторингiн жүргiзудiң, сондай-ақ
аумақты ландшафты-экологиялық көзқарас
негізiнде ұйымдастырудың, осы жұмыс
түрлерi бойынша әдiстемелiк және
нұсқаулық материалдардың ғылыми
негiздерi әзiрленедi;
Бұл:
жер ресурстарын басқару мен жер
қатынастарын реттеуде экономикалық
әдiстер мен инновациялық
технологияларды құруға;
жер ресурстары әлеуетiн ұтымды
пайдалану мен қорғау проблемаларын
шешудiң жүйелiк тәсiлiне көшуге;
жер алқаптарының құрылымын, олардың
мелиоративтiк жағдайын жақсартуға;
жердi жылжымайтын мүлiк ретiнде нарықтық
айналымға тарту, жер үшiн төленетiн
төлемдердiң бюджетке тұрақты түсуi үшiн
негiз жасауға, жер нарығын дамытуға;
жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды
мемлекеттiк бақылаудың тиiмділігiн
арттыруға мүмкіндiк бередi.
Қазақстанның жер қатынастары мен жер
ресурстарын басқаруды құқықтық,
экономикалық және ғылыми-техникалық
қамтамасыз етудi жасау жөнiндегi
халықаралық ынтымақтастығы елеулi
түрде дамуы тиiс.
2. Кiрiспе
Осы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3.1-тармағына, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтаудың 1994-1995 жылдарға және 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамасын ескере отырып, "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Елдiң негiзгi табиғи байлығы - оның жер ресурстары, оның экономикалық және әлеуметтiк игiлiгiнiң негiзi.
Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық құрылысты реформалау процестерi жер қатынастарын түбегейлi өзгерту және мемлекеттiң тiкелей басқаруымен және бақылауымен жер реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туғызды.
Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлi меншiк нысандарын енгiзу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердiң, оның өндiрiс құралы, кеңiстiктiк базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлiк және құқықтық реттеу нысанасы ретiнде заң тұрғысынан танудың объективтi қажеттiлiгiн туғызады.
Осыған байланысты елдiң жер ресурстары әлеуетiн тиiмдi пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгiлеу айрықша өзектi болып отыр.
Бағдарлама мемлекеттiң жер ресурстарын басқару саласындағы өзара тығыз байланыстағы экономикалық, техникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық iс-шараларын жетiлдiру негiзiнде барша қоғам мен жекелеген жер пайдаланушылардың мүддесi үшiн жердi тиiмдi пайдалану мен оларды қорғауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудiң жаңа сапасына өтуге бағдарланған.
3. Жер ресурстарының қазiргi жай-күйiн талдау
3.1 Жер қорының жалпы сипаттамасы
Қазақстан, аумағы бойынша Азиядағы үшiншi ел, он табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтарын қамтитын 272,5 млн. гектар аумақты алып жатыр. Далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейттi және шөлдi төрт аймақтың үлесiне жалпы аумақтың 87,4% және ауыл шаруашылығы алқаптарының 88,3 % жатады (1-қосымша, 1-cурет).
Елдегі жерде болып жатқан өзгерiстер жер қорын санаттар мен алқаптар бойынша бөлуде белгiлi бiр өзгерiстерге алып келдi:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамынан қордағы жерлер қатарына және өзге санаттарға 135,0 млн. га (62 %) жер ауыстырылды;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердiң ауданы 8 есе азайды;
мемлекеттiк орман қоры жерiнiң ауданы 5,6 %-ға өстi;
су қоры жерi - 4,4 есе өстi;
ауылдық (селолық) округтерге мал бағу және басқа да мақсаттар үшін қосымша жерлердiң берiлуiне байланысты ауылдық елді мекендер жерінің ауданы 11 есе өстi. Олардың ауданы 20,4 млн. га, оның iшiнде қалалар мен кенттердiң жерi - 1,9 млн. га, ауылдық елдi мекендердiкi - 18,5 млн. га құрады;
реформаланған ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының бөлiнбеген жерлерiнiң, сондай-ақ өнеркәсiп және ауыл шаруашылығына арналмаған, пайдаланылмай жатқан ауданы 100 млн. гектардан астам өзге де жерлер қордағы жердiң құрамына шығарылды. Нәтижесiнде республикада қордағы жерлердiң ауданы 6 есе өстi (1-қосымша, 2-сурет, 1-кесте).
Қазақстан Республикасының жер қоры өзінiң табиғи ерекшелiктерiне қарай, негiзiнен, ауыл шаруашылығы алқаптарынан тұрады (81,7%), орман алқаптары мен ағашты-бұталы екпелер республиканың жер қорының құрылымында бар-жоғы 5,3%-ды, су мен батпақ астындағы жерлер - 3,2%, басқа алқаптар жалпы жер алаңының 9,8%-ын құрайды.
Республиканың жер қорының 81,7%-ын ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатыр, олардың iшiнде шөлдi және жартылай шөлдi типтегi жайылымдар басым (84,9%), ал егiстiк 10,2%-ды құрайды.
Республиканың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң үлес салмағы 38,5%. Ауыл шаруашылығы алқаптарының елеулi ауданы босалқы жер қорының
(50,6%), елдi мекендердiң (8,6 %), орман қорының (3,6%) құрамында орын алады.
Тәлiмдi (суарылмайтын) егiстiктiң 70%-ынан астамы үш облыстың - Ақмола, Қостанай мен Солтүстiк Қазақстан облыстарының үлесінде; суармалы егiстiктiң 60,7%-ы Алматы мен Оңтүстiк Қазақстан облыстарында, ал жайылымдардың неғұрлым үлкен ауданы Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында, тиiсінше: 35,5 млн. га (18,8%) және 25,5 млн. га (14,1%) шоғырланған.
Реформа жылдарында ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымындағы егiстiкте айтарлықтай өзгерістер болды. Егiстiкте өңделген жердiң 12,8 млн. га (1/3 шамасында) айналымнан шықты.
Қазiргi кезде республикада көп жылдық екпелер 121,8 мың гектарды, оның iшiнде: бақтар - 97,6 мың гектар, жүзiмдіктер - 13,7 мың гектар жерді алып жатыр. Жер реформасы жылдары көп жылдық екпелер ауданы 41,4 мың гектарға немесе 25%-ға, оның iшiнде есептi жылда - 1,2 мың гектарға кемiдi.
Шабындықтардың ауданы есептi кезеңде 5,0 млн. гектарды құрайды, оның iшiнде: 62,4 мың гектары - жақсартылған, 731,8 мың гектары - көлтабанды суармалы жерлер.
Республикада алқаптардың негізгі түрі болып жайылым табылады. Олар ауыл шаруашылығы алқаптарының 189,0 млн. гектарын немесе
84,9%-ын алады. Жайылымдардың жалпы ауданының 116,9 млн. гектарын немесе 61,6%-ын суландырылатыны, 4,8 млн. гектарын немесе 2,6%-ын - жақсартылғаны құрайды. Республиканың жер қорының 49,7 млн. гектарын немесе 18,3%-ын ауыл шаруашылығына арналмаған алқаптар алады (1-қосымша, 3-сурет, 2, 3, 4-кестелер).
Республикада жер реформасын жүргiзу мемлекеттiк монополияның жойылуына және жерге жеке меншiк құқығының бірте-бірте таралуына алып келдi. Азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiнде жалпы көлемi 589,9 мың гектар 3 миллионнан астам жер учаскелерi бар.
Республиканың жер ресурстары, оларды ұтымды пайдаланған және жақсартқан жағдайда iшкi және экспорт сұраныстарын қанағаттандыратын көлемде әртүрлi өнiмдер өндiрiсiн қамтамасыз ете алады.
Күшті жақтары
Заңнамалық қамтамасыз ету. Республикада өндiрiс салаларының нарықтық экономикаға өту жағдайлары мен процестерiн ескере отырып жер қатынастарын кезең-кезеңмен құқықтық реттеудiң қажеттiлiгiне қарай, жер заңнамасы дамып, жетiлдiрiлiп отырды.
Жер қатынастары мен жер реформасын заңнамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтары қабылданды.
Қазақстан Республикасының Заңдары:
1998 жылғы 31 наурыздағы " Шаруа (фермер) қожалығы туралы ";
2001 жылғы 24 қаңтардағы N 152-ІІ-ҚРЗ " Жер туралы " (күшi жойылды);
2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 ІІ ҚРЗ " Жер кодексi ".
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары:
1995 жылғы 12 мамырдағы N 226д "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жер қатынастарын реттейтiн Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" (күшi жойылды);
1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 " Жер туралы " (күшi жойылды);
1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы";
1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 " Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы ".
Аграрлық сектордағы жер қатынастарын реттеу үшін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмдi пайдалану дәлелдемесiн нығайту мен бастапқы жер пайдаланушыға капитал (инвестициялар) салу, сондай-ақ жер құнарлылығын сақтау мақсатында 2003 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Жер кодексі қабылданды. Оны iске асыру үшiн нормативтiк құқықтық кесімдер пакетi дайындалып және оны Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiттi.
Жер Кодексi жер қатынастарын реттеу саласындағы маңызды заңдық кесімге айналды. Оның қабылдануымен жеке меншiк құқығы институтының бұрын соңды тек мемлекет меншiгiнде болған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сонымен қатар орман және су қорының жеке учаскелерiне ықпалы тарады.
Жер қатынастары саласындағы бірқатар мәселелердi заңнамалық және нормативтiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында көзделген.
Соңғы жылдары жерлердi ауыл шаруашылығы айналымына енгiзу және олардың сапалық жағдайын жақсарту жөнiнде бірқатар бағдарламалар әзiрлендi және енгізiлуде.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Д. Ахметовте болған мәжiлiстiң 2000 жылғы 2 наурыздағы N 11-8/II-284 хаттамалық шешiмiне сәйкес тыңайған (пайдаланылмаған) жерлердi ауыл шаруашылығы айналымына енгiзу бойынша ұйымдастыру шаралары iске асырылды. Оның нәтижесiнде тыңайған жерлер едәуiр азайды, яғни, 2003 жылы олардың аудандары 5686,7 мың гектарға қысқарды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығымен бекiтiлген "2005 жылдың соңына дейiн Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында" экожүйелер мен жер ресурстарына залал келтiрместен көмiрсутектерiн өндiрудiң шектi мүмкін деңгейін айқындау бойынша арнайы зерттеулер жүргiзу көзделеді.
Республикада Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнде тауарлық жүзiмдiктердi қалпына келтiру мен дамыту, шарап материалдары мен жоғары сапалы маркалы шараптар өндiрiсiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылдың 12 желтоқсанындағы N 1621 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтіру мен дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасы" іске асырылып жатыр. Осы Бағдарламаның шеңберiнде республикада жүзiмдiктердiң ауданын 15,2 мың гектарға дейiн жеткізу жоспарланып отыр.
Жер реформасының нәтижелерi. Жердегi өзгерiстер республикада жаңа жер құрылысын жасауға алып келдi. Жер қатынастарының сипаттамаларындағы негiзгi мәселе: жерге мемлекеттiк монополияны жою және жердiң кей санаттарына жеке меншiк енгiзу; ақылы жер пайдалануға көшу, жерді сатып алғаны және пайдаланғаны үшiн төлемдер енгiзу; жерде шаруашылықтың барлық нысандарының тең дамуы үшiн жағдайлар жасау; жылжымайтын жер мүлiгiнің нарығын құру болды.
Қазiргі кезде республика экономикасының аграрлық секторындағы шаруашылықтарды реформалау процесі іс жүзінде аяқталды. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендіру барысында 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 151,9 мың шаруа (фермер) қожалықтары, 18 мыңға жуық мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, оның ішінде 3,7 мың шаруашылық серiктестiктер мен акционерлік қоғамдар, 1,5 мың ауыл шаруашылығы кооперативтері ұйымдастырылды (1-қосымша, 4-сурет, 5-кесте).
Оларға 96,6% ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бекiтiлiп берiлген.
Аграрлық секторға қоса елдi мекендер жерлерiнiң, сондай-ақ өнеркәсiптiк, көлiктiк, байланыстық, қорғаныстық және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер құрамында жаңа шаруашылық жүргiзу құрылымдары қалыптасуының қарқынды процесi жүрiп жатыр.
Жер учаскесi иелерiнiң және жер пайдаланушылардың көпшiлiгi жерге құқық беретiн құжаттармен қамтамасыз етiлген.
Жер мониторингi . Ғылыми-әдiстемелiк құжаттар шығарылды:
жерлердiң базалық мониторингi жүргiзiлуде, 288 стационарлық және жартылай стационарлық пункттерде жүйелiк қадағалау қойылды және жүргiзiлуде; Атырау облысының мұнай кен орындарын санитарлық қорғау аймақтарының экожүйелерi жергілiктi мониторингiнiң 7 полигоны жұмыс iстейдi; тұрақсыз экологиялық жағдайы бар өңiрлердiң (Арал өңiрi, Каспий өңiрi, Балқаш өңiрi мен Семей ядролық сынақ полигоны) топырақ және геоботаникалық карталары, стационарлық қадағалау пункттерiнiң схемалары жасалды.
Жылдар бойына жасалынған зерттеулер материалдарын қорытудың негiзiнде болжамдық, экологиялық, өңiрлiк, республикалық, облыстық, аудандық, геоботаникалық және топырақ карталары жасалды; республиканың жазық далалы, таулы, тау етегiндегi аумақтары топырақтарының жүйелiк тiзiмдерi, олардың негiзгi диагностикалық көрсеткiштерi, сондай-ақ табиғи азықтық алқаптар түрлерiнiң тiзiмдерi мен олардың қысқаша сипаттамасы дайындалды, "Қазақстан Республикасының табиғи азықтық алқаптарының жiктемесi" әзiрлендi, ғылыми-әдiстемелiк нұсқаулар, нұсқаулықтар, көрнекi құралдар дайындалды, "Қазақстанның шабындықтары мен жайылымдарының азықтық өсiмдiктерi", "Қазақстан Республикасындағы жер мониторингi (даму жағдайы мен болашағы)" жинағы жарияланды.
Қазiргi кезде "Қазақстан Республикасының зымырандық-ғарыштық қызмет әсерiне ұшыраған аумағы экологиялық жай-күйiнiң мониторингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-iздестiру жұмыстары жүргiзiлiп отыр.
Мемлекеттiк жер кадастры. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) жер кадастрының тұтас жүйесiн жасау, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жылжымайтын мүлiктi тiркеу жөнiндегi орталықтарымен, Қаржы министрлiгiмен (СТмССОТ) және басқа да мемлекеттiк басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау және жұмыстарын үйлестіру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргiзiлуде.
Жаңа мемлекеттiк жер кадастрын (әрi қарай - Кадастр) қалыптастыруды Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша Агенттiктiң мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындары жүргiзуде.
Республикада Кадастр мен оның инфрақұрылымдарының негiзi жасалған.
Шекаралар мен есептi кварталдардың кодтарын белгілей отырып аумақтарды жер-кадастрлық аймақтарға бөлу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
Қазiргi кезде құқықтық және фискалдық кадастрлар үшiн ақпараттарды жер кадастры жасайды. Фискалдық кадастрды жүргiзудiң негiзi болып табылатын жер учаскесiнiң кадастрлық құнын белгiлеу (жерге төлемдердi, ипотека мен басқа да төлемдердi есептеу) жер кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.
Жердi мемлекеттiк кадастрлық бағалау үшiн "Ауыл шаруашылығы алқаптарының кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған төлемнiң базалық ставкаларын есептеу әдiстемесi" (Астана қаласы, 2003 ж.) және нарық бағаларының, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi бағалау мен Астана қаласындағы жер учаскелерiн бағалау кезiнде сынақтан өткен бағалық аймақтандыру әдiстерiнiң негiзiнде "Елдi мекендердiң (қалалардың) жерiн кадастрлық бағалау әдiстемесi" әзiрлендi.
Мыналарды:
Жер кодексiнiң талаптарына сәйкес атрибутивтiк және графикалық жер-кадастрлық құжаттаманы, статистикалық есеп беру мен ведомствоаралық алмасудың нысанын, мазмұнын, оларды қалыптастыру тәртiбi мен жүргiзу әдiстемесiн;
сандық және сапалық мемлекеттiк есепке алуды жетілдiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
Аудандар мен есептi кварталдардың жер-кадастрлық карталарын компьютерлер технологиялары базасында жасау және оларды стандарттау жетiлдiрiлуде.
Кадастрды ғылыми-әдiстемелiк және бағдарламалық қамтамасыз ету әзiрленуде.
Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн (ЖК ААЖ) жасау және жетiлдiру, ГАЖ-технологияларын пайдалана отырып сандық карталар әзiрлеу оны жүргiзу технологияларын дамытудың негізi болып табылады. 2002 жылдан бастап мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн (әрi қарай - МЖК ААЖ) жасау мен енгізу бойынша жұмыстар басталды. Осы бағытта мынадай iс-шаралар жүзеге асырылды:
"Бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi (БМЖТ)", "Жер балансы", "БМЖТ базасынан құқықты куәландыратын құжаттарды қалыптастыру және басып шығару", "Жердi кадастрлық бағалау" - кiшi жүйелерi әзiрлендi;
МЖК ААЖ-iн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "Салық төлеушiлер мен салық салу объектiлерiнiң тiзiлiмi (бұдан әрi - СТмССОТ)" ақпараттық жүйесiмен интеграциялау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. МЖК ААЖ-нiң Республикалық орталығына осы жобаның шеңберiнде компьютерлiк техника қойылды, БМЖТ деректерiн құру және осы деректердi СТмССОТ АЖ-не беру үшiн клиенттiк қосымша қойылды, Астана қаласының деректерi бойынша Пилоттық енгiзу мен тестiлеу басталды;
қажеттi анықтамалықтар мен кодификаторлар әзiрленуде және жасалуда.
МЖК ААЖ деректерi жалпы мемлекеттiк ақпараттық ресурс болып табылады және бұл деректер электронды Үкiмет пен оған кiретiн төрт жалпымемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi ретiнде қажеттi. Оларға: СТмЖМОТ, мекен-жайлық тiркелiм, жылжымайтын мүлiк тiркелiмi мен табиғи ресурстар жатады.
Жерге орналастыру. Республикада жер реформасының дамуының бастапқы кезеңiндегi жерге орналастырудың ролi жерлердi қайта бөлуге келiп саяды. Мыналар:
Халық депутаттары аудандық кеңестерiнiң арнайы жер қорын құру;
ауылдық елдi мекендердiң шектерiн (шекараларын) белгiлеу;
мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын жекешелендiру
және мемлекет меншiгiнен алу процесiнде жерді қайта бөлу;
шартты жер үлестерiн нақты дербестендiрудi жүргiзу;
жер учаскелерiне құқық куәландыратын құжаттарды ресiмдеу және қайта ресiмдеу;
шаруа (фермер) қожалықтары және басқа да шаруашылық жүргізушi субъектiлер үшiн жер учаскелерi беру (бөлу) бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Қазiргi кезде жерге орналастыру акцентi жер кадастрын жүргiзу, жердiң және оған салық салудың жұмыс iстеуi; жердi аймақтандыру схемаларын, жердi ұтымды пайдалану мен оны қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды, сондай-ақ ауылдық елдi мекендердiң жер-шаруашылық орналасуы жобаларын әзiрлеу мақсаттары үшiн жердi бағалауды қамтамасыз ету жағына ойысты.
Жер пайдалану ақылылығы және экономикалық ынталандыру. Республикада жер реформасы жылдары iшiнде жер учаскелерi мен жер пайдалану құқығын нарықтық жағдайларға тартуға, сондай-ақ жер нарығын дамытуға бағытталған жер қатынастары қалыптасып отыр. Мемлекеттiң қатысуымен ауданы 196,8 мың гектар жер учаскелерiн меншiкке және жер пайдалану құқығында сату бойынша 92,9 мың операция жүзеге асырылды.
Республикада жер учаскелерiн сату үшiн жер аукциондары мен конкурстар өткiзiледi. Жер реформасының бүкiл кезеңiнде 436 конкурс және аукцион өткiзiлдi, оларда 1311 жер учаскесi сатылды. Жердi ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн сатудың айтарлықтай резервi босалқы жерлерде, олардағы ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 109,2 млн. гектарды құрайды.
Ақылы жер пайдалану жүйесiнiң дамуына қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексi ықпал ететін болады.
Жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау . Республиканың жерге орналастыру қызметiнiң құрылымында жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау жүйесі құрылған, оның мiндетiне жер, азаматтық, табиғат қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кiредi.
1995-2003 жылдары iшiнде Агенттiктiң инспекторлық қызметi 123,4 мың тексерiс жүргіздi, бұл ретте 88,3 мың рет жер заңнамасын бұзушылық анықталды.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi қызмет. Республикада Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi басшылық жасайтын жер ресурстарын басқару қызметiнiң тұтас вертикалды ұйымдастыру құрылымы жұмыс iстейдi.
"Қазақстан Республикасында жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы" туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 ақпандағы N 253 қаулысын iске асыру мақсатында жерге орналастыру қызметiнiң өндiрiстiк бөлiмшелерiн құрылымдық жағынан қайта құру жүргізiлдi - қазiргi "МемжерҒӨО" РМК-ның еншiлес кәсiпорындары базасында аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда қосымша өндiрiстер - жер-кадастрлық филиалдар (орталықтар) құрылды.
Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету. Жер ресурстарын басқарудың өзектi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулер мен әдiстемелiк әзiрленiмдер жүзеге асырылуда. Жер реформасы жылдарында жерге орналастыру және жер-кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерi бойынша 60-қа жуық әр түрлi әдiстемелер, нұсқаулықтар мен нұсқаулар әзiрлендi және қазiргi кезде қолданыста жүр.
Халықаралық ынтымақтастық. Агенттiк көптеген елдермен, қорлармен және ұйымдармен жер қатынастары жөнiндегi құқықтық экономикалық және қаржылық мәселелер және жер қатынастары, жерге орналастыру, жер кадастры, жер мониторингi, геодезия мәселелерi саласында және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты т.б. проблемалар бойынша белсендi халықаралық ынтымақтастық жүргiзiлуде.
Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi Халықаралық Ғылыми Проблемалық Кеңестiң мүшесi болып табылады, бұл әлемдiк жерге орналастыру ғылымын, жер кадастрын дамытудың, жердi бағалаудың, геодезия мен картографияның, сондай-ақ жер қатынастарының басқа да маңызды проблемаларының негiзгi үрдiстерi туралы ақпарат алуға мүмкiндiк бередi.
МЖК ААЖ құру шеңберiнде геоақпараттық жүйелердi әзiрлеу мен сату саласындағы халықаралық көшбасшы ESRI фирмасымен (АҚШ), Мәскеудегi ТМД елдерiнiң ГАЖ Ассоциациясымен ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Әлсiз жақтары
Заңнамалық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында жер қатынастары мен жер заңнамасының кезең-кезеңмен құқықтық реттелуiне қарамастан, жер қатынастарының кейбiр мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi талап етедi. Атап айтқанда, Агенттiктiң ақпараттық ресурстары, Бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi, жердi мемлекеттiк кадастрлық бағалау туралы мәселелер бойынша тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау қажеттiгi туып отыр. Оларда дәл белгiленген мақсаттар, мiндеттер, базалық мәлiметтердiң тiзбесi, оларды жинау, жаңарту мен сақтау жолдары, Кадастр жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар ұйымдық құрылымы мен функциясы және басқа да мәселелер көрсетiлуi тиiс.
Сонымен қатар, жер туралы мемлекеттiк ақпаратты қалыптастыру басқа ведомстволар, заңды және жеке тұлғалар орындайтын жұмыс материалдарын мемлекеттiк жер кадастрының дерекқорына беру, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, оларды құқықтық тiркегеннен кейiн жер-кадастрлық есепке алу тетiгiн әзiрлеудi талап етедi.
Жер реформасының нәтижелерi. Жерге нақты меншiк иесiн қалыптастыру жөнiндегi оң функцияны орындай отырып, шаруа (фермерлiк) қожалығын және басқа да шаруашылық жүргізу нысандарын ұйымдастыру үшiн шағын жер учаскелерiнiң ауқымды санын бөлу арқылы iрi жер иеленушiктi реформалау процесi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру бойынша iс-шаралар жүргізу деңгейінде терiс әсер ететiн бiрқатар кемшiлiктерi де бар.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң барлық нысандары үшін негiзгi проблемалар олардың оңтайлы мөлшерлерiн белгілеу, бiрлестiру, аумақтарды ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу негiзiнде олардың инфрақұрылымдарын дамыту, ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту және өңдеу бойынша техникалық-жұмыстық жобалау үшiн қалыпты жағдайлар жасау болып табылады.
Жер қорын жердің мақсатты арналу санаттары мен алқаптары бойынша бөлу. Соңғы он жыл iшiнде республиканың барлық өңiрлерiнде, оның ішінде анағұрлым қолайлы табиғи және экономикалық жағдайлы өңірлерде де жердiң елеулi аудандары ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылып, босалқы жерлерге берiлдi. Елiмiздiң жер қорының жартысы дерлiк қазiргi кезде пайдаланылмай отыр.
Қалыптасқан жер қорын жер санаттары, жер пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлу - саяси және әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтiң нәтижесi. Ол өзiн жетiлдiрудi талап етедi, ал атап айтқанда жерлердiң құрамын, мақсатты арналу санатын экономика мен қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту талаптарына сәйкес келтiрудi қажет етедi. Жекелеп алғанда, елдi мекендердің ауқымды алаңдары, өнеркәсiптiк кәсiпорындар, коммуналды-қоймалық ғимараттар, көлiк және т.б. орналасқан аумақтар тиiмсiз пайдаланылуда. Орман қорының жерлерiнде үлкен аудандар есепке алынған, оларда айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың объектiлерi орналасқан. Су асуындағы жерлердiң 40 %-на жуығы (3,1 млн. га) босалқы жерлердiң құрамында есепке алынған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегі N 1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру ауылдық елдi мекендердің жерін түзету қажеттiгiн туғызады.
Республиканың көптеген облыстарында неғұрлым қарқынды пайдаланылатын жерлердің аудандары қысқарды. Егістiк құрамынан түсiмдiлiгi төмен жерлерді шығарумен қатар, тыңаймаған 4 млн. гектар жақсы сапалы жер ауыстырылды. Сонымен қатар, егістiкте әр түрлi теріс әсерлерге ұшыраған жерлердің өзге де айтарлықтай аудандары бар.
Өзен ағысын реттеу және адамның басқа шаруашылық қызметiнiң салдарынан, табиғи шабындықтарды суару тәртiбiнiң өзгеруі олардың ауданының 1991 жылмен салыстырғанда бірте-бірте 62,8 мың га-ға дейiн азаюына әкеліп отыр.
Жер реформасын жүзеге асырған жылдар iшiнде суармалы жерлердiң жалпы ауданы 248,3 мың гектарға кемiдi. Суармалы аудандардың кемуi Қызылорда, Алматы, Атырау, Павлодар, Жамбыл облыстарында байқалды (1-қосымша, 6-кесте).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетiнiң деректерi бойынша суармалы жерлердiң жалпы ауданынан 1369 мың гектар iс жүзiнде пайдаланылған, ал қалған 762,2 мың гектары тұздалған жерлерді айналымнан шығару, суару жүйесiнiң iстен шығуы, суару үшiн су жетiспеуi немесе болмауы, топырақ-мелиоративтiк жағдайының және ең бастысы, қаржы және материалды-техникалық құралдардың шектеулiлiгi себебiнен пайдаланылмаған.
Жердiң сапалық жағдайы. Қазақстанның барлық облыстарында дерлiк жердiң сапасының нашарлау үрдiсi: топырақта қарашiрiктiң, қоректiк заттардың азаюы; азықтық база потенциалының төмендеуiне алып келген өсiмдiктердiң түрлiк құрамы мен оның түсiмділігі байқалады. Ауыл шаруашылығы алқаптары деградацияға, ластануға ұшыраған және құнарлылығын қалпына келтiру бейiмділiгiн жоғалтуда.
Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылық алқаптарының айтарлықтай бөлiгi жердiң құнарлылығына терiс әсер ететін белгiлердiң болуымен сипатталады:
олардың ауданының 42,3 млн. га немесе 20%-ын қиыршық тасты және тас басқан топырақтар алып жатыр;
34,1 млн. га - тұздалған;
58,9 млн. га сортаңдалған кешендерi бар топырақтар және өте қолайсыз су-физикалық қасиеттерiмен сипатталады;
3,1 млн. га (1,4 %) - өте ылғалданған және 0,9 млн. га
(0,4 %) - батпақтанған. Батпақтанған жерлерде орташа және күштi батпақтанған жерлер көп (88,6%).
Егiстiктiң, оның құнарлылығына әсер ететiн белгілерi бойынша сапалық жағдайының сипаттамасы егістiк құрамында теріс белгiлермен шиеленіспеген топырақтар егістік құрамының 14,6 млн. га немесе жалпы ауданның 64,3 %. Терiс белгiлері жоқ топырақтары бар егiстiктiң ең жоғары үлес салмағы Қостанай (74%), Ақмола (73%) және Солтүстiк Қазақстан (70%) облыстарында байқалады.
Егiстiк құрамында қиыршық тасты және тас басқан жерлер 1,3 млн. га (5,7%), тұздалғандары - 2,0 млн. га (8,8%), сортаңданған кешендер 2,5 млн. га немесе 11%. Қостанай облысында олар ең көп тараған (0,7 млн. га), Солтүстiк Қазақстан облысында (0,6 млн. га) және Ақмола облысында (0,4 млн. га): эрозияға ұшырағандары 1,7 млн. га немесе 7,5% (1-қосымша, 5-сурет, 7-кесте).
Сапалық есепке алу мәлiметтерi бойынша шабындықтардың мәдени-техникалық жағдайы мынадай көрсеткiштермен сипатталады: таза - 4,4 млн. га, бұталанғаны - 130,1 мың га, орманданғаны - 7,8 мың га, улы өсімдіктер өскендері - 84,4 мың га, төмпешiк басқандары - 129,7 мың га (1-қосымша 6-сурет, 8-кесте).
Жайылымдар мәдени-техникалық жағдайы бойынша мынадай болып бөлiнедi: жақсартылғандары - 4,9 млн. га, тазалары - 113,9 млн. га, төмпешiк басқандары - 1,4 млн. га, бұта өскендері - 19,8 млн. га, орманданғаны - 3,6 млн. га, тас басқандары - 4,6 млн. га, қына өскендерi - 7,7 млн. га, тапталғандары - 26,6 млн. га (1-қосымша, 7-сурет, 9-кесте).
Елдi мекендерден отарлық және өзге де жайылымдардың қашықтығына байланысты және суландырылмауы себепті олардың үлкен бөлiгi пайдаланылмайды. Суландырылған жайылымдардың ауданы республика бойынша тұрақты түрде қысқарып келедi. Көптеген суландыру құрылғылары жөндеу мен қайта қалпына келтiрудi қажет етедi.
Азықтық алқаптардың, әсiресе елдi мекендерге, мұнай өңдейтiн жерлерге жақын орналасқандарының экологиялық жағдайы iс жүзiнде республиканың барлық өңiрiнде нашарлауда.
Жерлердiң сапалық сипаттамасының мәлiметтерi бойынша су және жел эрозиясына ұшыраған ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 30,8 млн. га немесе 14,2 %, соның iшiнде егістік - 1,7 млн. га. Су эрозиясы 1 градустан төмен ылдилықты беткейлерде байқалады. Республика бойынша, жалпы алғанда, су эрозиясына 5,0 млн. га жер ұшыраған, олардың iшiнде 1,0 млн. га егiстiк. Шайылған ауыл шаруашылығы алқаптарының айтарлықтай ауданы Оңтүстік Қазақстан облысында (1 млн. га шамасында), Маңғыстау облысында (0,8 млн. га), Алматы облысында (0,8 млн. га), Ақмола облысында (0,6 млн. га) орналасқан (1-қосымша, 10-кесте).
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамында азықтық алқаптардың әр жетiншi гектарын эрозияға ұшыраған жайылымдар құрайды, орташа және күштi эрозияға ұшыраған жерлер 11,3%-ды құрайды (1-қосымша,
11-кесте).
Жыртылған жерлердiң айтарлықтай ауданында топырақтарда қарашiрiктiң азаюы байқалады. Соңғы отыз жылда қарашiрiк түрлi топырақта 10-нан 20%-ға дейiн азайды.
Қазақстан аумағының 70% шамасы әр түрлi дәрежеде шөлге айналу мен жерлердiң деградациялану процесiне ұшыраған.
Арал өңiрiнiң Қазақстандық бөлiгi 59,6 млн. га жердi, соның iшiнде Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды мен Оңтүстiк Қазақстан облыстарының жерлерiн қамтыған. Деградацияның күшті және орташа дәрежесiндегi экологиялық апат орталығында жайылымдарын үлкен ауданы ұшыраған. Аралдың құрғап қалған түбiнде құмды-сортаңдар қалыптасқан. Тозаңның таралу және жайылу аймағының ауданы 25 млн. гектарды құрайды.
Балқаш өңiрi аймағында мынадай терiс процестер байқалады: тұздалу, шөлге айналу, жердiң улы заттармен және ауыр металдармен ластануы.
Ластанудың қауiптi түрлерiнiң бiрi - радиоактивтiлiк.
Жерлердi өндiрiстiк объектiлер мен инженерлiк инфрақұрылымдарға тікелей алуға байланысты республиканың аса бай шикiзат әлеуетiн пайдалану соңғы жылдары қалпына келтiру қарқыны күрт қысқарған бүлiнген жерлердiң айтарлықтай массивтерiнiң қалыптасуына алып келдi. Бүлiнген жерлердiң ауданы 171,0 мың га, соның iшiнде 50,8 мың га - өңделген және қайта қалпына келтiруге жатады.
Жердi ұтымды пайдалану мен қорғау тәртiптерi орындалмастан мұнай мен газ өндiру көлемiнiң артуы топырақтардың мұнай химиялық ластануына алып келедi.
Мемлекеттiк жер кадастры. Қазақстандағы реформалар басталғанда, өзге дe бұрынғы кеңестiк мемлекеттердегi сияқты, жерге тек мемлекеттiк меншік пен жердi ақысыз пайдалану болғандықтан, жер кадастрының мақсаттарды, мiндеттерi мен мазмұны социалистiк жоспарлы экономиканы ақпаратпен қамтамасыз етуге және ұжымшарлар мен кеңшарларға берiлген жердi есепке алуға бағытталды. Жер учаскесiнiң жылжымайтын мүлiк ретiндегi заңдық анықтамасы болған жоқ.
Осылайша, тәуелсiз мемлекет ретiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жер кадастры нарықтық экономика жағдайында жаңа жер қатынастары жүйесi мен жер пайдалануға жаңа тұрғыдан келуге сәйкес, мүлдем басқа тұжырымдамалық негiздерде құрылуы және қызмет етуi тиiс. Ол жер жылжымайтын мүлiгiне құқықты қорғаудың басты кепiлi, жер ресурстары әлеуетiн тиiмдi басқарудың экономикалық тетiгiнiң негiзi болуы қажет.
Республикада толық құнды МЖК жасау оны құру кезеңiнде жүрiп жатыр. Осы бағыттағы ғылыми-iздестiру жұмыстары жаңа ғана басталып келедi. Ұйымдастырулық-құқықтық және қаржылық қамсыздандырудың бiрқатар шешiлмеген мәселелерiнiң, төмен техникалық жабдықталудың, жаңа технологиялардың жеткiлiксiздiгiнiң болуы әлемдiк стандартқа жауап беретiн жер кадастрының бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жасауға кедергi жасап отыр.
Топырақ бонитировкасы. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында суландырылмаған және суландырылған жерлер бонитировкасы бұрынғы
N 1:25 000 - 1:50 000 ескiрген зерттеу материалдары негiзiнде жүргiзiлгендiгiн атап өту қажет.
Қазiргi кезде қолданылып жүрген топырақ бонитировкалау әдiстемесi топырақ құнарлылығы мен дақылдардың арасындағы тiкелей тәуелдiлiк негiзiнде таңдап алынған жартыметрлiк қабаттағы қарашiрiк көлемi бойынша ғана негiзгi бағалау баллын алуды қарастырады. Тәжiрибеде бұл әдiстеме топырақты жылдам және шамалап бағалау үшiн қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында ол мүлдем жан-жақты емес және оны жер салығы мен жалдау ақысының нормативтерiн әзiрлеуде қолдану күмән тудырмайды. Бұдан басқа, бонитировкалау шкаласы әр түрлi топырақ-климаттық жағдайлары бар Қазақстан сияқты ел үшiн бiрыңғай болуы мүмкiн емес.
Жер мониторингі. Қазақстанның жер қорында табиғи ерекшелiктерiнiң болуы себептi терiс белгiлерiмен күрделiленген үлкен жер көлемдерi бар. Жерге антропогендiк әсердiң өсiп келе жатуы, кей кезде оған әсер ету шегiнен шығып кетуi терiс әсер етедi, жиi оның жағдайын қалпына келтiруге келмейтiн өзгерiстерге алып келедi. Ол гумус мөлшерiнiң төмендеуiнен, құнарлы заттар балансының бұзылуынан, дефляция мен су эрозиясының дамуының қарқындауынан, қайта тұздануға, химиялық ластануға және жердiң басқа да деградацияға ұшырау процестерiнен көрiнедi.
Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылық өндiрiсiн, жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды, алынатын өнiмдердiң және тұрғындардың өмiр сүруiнiң экологиялық қауiпсiздiгін жоспарлау мен басқару саласындағы бiрқатар проблемаларды шешу үшiн мемлекеттiк басқару органдарында, жер иелерi мен пайдаланушыларда жерлер жағдайы туралы, оларда болып жатқан өзгерiстер туралы, олардың әрi қарай дамуын болжау туралы толық және жан-жақты ақпараттар болуы қажет, басқаша айтқанда, нарықтық экономика талаптарын қанағаттандыратын жер мониторингi болуы керек.
Жер мониторингінің мазмұнының топырақ, агрохимиялық және геоботаникалық зерттеулер, стационарлық пункттердегі жүйелi түрдегi бақылаулар (стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдар, полигондар, кескіндер), сызықтық және көлемдiк түсiрiстер, іздестiрулер, басқа да материалдар құрайды.
Жер мониторингін жүргізуге қазіргі қолданылып жүрген тұрғыдан келуде агроэкологиялық сипаттамасы бар ауыл шаруашылығы дақылдары мен өсiмдіктер үшін жарамдылығының және ауыл шаруашылығы дақылдарының түсiмдiлігіне әсер ететiн табиғи факторлардың орнына топырақтар мен өсiмдiк жамылғысының сипаттамасы мен сапалық құрамын анықтауға айрықша бөлінді. Сонымен қатар, республика жерiнiң жартысынан астамы сапалы жоспарлы-картографиялық, топырақ және басқа да зерттеу материалдарымен, мониторинг мәлiметтерiмен қамтамасыз етiлмеген. Осы проблеманы жер үстi әдістерiмен және осы жұмыстарды жүргiзудiң ескiрген технологиялары бойынша шешу мүмкiн болмай отыр.
Жоспарлы-картографиялық материалдармен қамтамасыз етiлудi талдау соңғы 15 жыл iшiнде топырақ және геоботаникалық iздестiрулер мен жұмыстарды жаңарту бойынша көлемдері жер кадастры мен жер мониторингінің қорының ақпараттық базасын қамтамасыз етуге жеткiлiксiз.
Жоспарлы-картографиялық материалдардың сараптамасы, соңғы 15 жыл iшiндегi жер кадастрының ақпараттық қоры мен жер мониторингі бойынша ақпараттық қорды қамтамасыз ету кезіндегі геоботаникалық және топырақ зерттеулерiнiң жеткiлiксiз екендігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, бұл зерттеулердiң материалдары 1954 мен 1987 жылдарда жасалғандықтан, бұл материалдар жаңартуды қажет етедi.
Тұрақты бақылау пункттерiнiң қазiргi аумақтық-аймақтық торы жеткiліксіз. Жер мониторингін жүргiзетiн министрлiктер мен ведомстволар қызметтерінің бағыты қажеттi түрде келiсiлмеген.
Жоспарлы-картографиялық материалдармен қамтамасыз етiлуiне жасалған талдау көрсеткендей, оларды жаңарту жөніндегі топырақ және геоботаникалық зерттеулер мен жұмыстардың көлемi соңғы 15 жыл iшiнде жер кадастры мен мониторингiнiң қорлық ақпараттық базасын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiксiз екендiгiн көрсетіп отыр. Бұдан басқа, осы зерттеулердiң материалдары 1954 және 1987 жылдар кезеңiнде орындалған және жаңартуды қажет етедi.
Стационарлық қадағалау бекеттерiнiң қазiргi бар аумақтық-аймақтық торабы жеткiлiксiз. Республикада жер мониторингiн жүргізетін министрлiктер мен ведомстволардың қызметтерін тиiстi үйлестіру жоқ.
Жерге орналастыру. Жер реформасы процесiнде мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жерлерін қайта бөлуге байланысты жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау проблемаларын шешуге жеткiлiктi назар аударылмады - аумақтарды аймақтарға бөлу, жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жүргізiлмедi. Сондықтан жаңадан құрылған ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң жер пайдалануларын құру ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етулерсіз, жерге орналастыру схемалары мен жобаларын әзiрлеусiз жүргізiлдi.
Жер реформасының одан әрi дамуы жер ресурстары әлеуетiн пайдаланудың және оларды қорғаудың тиiмдi тетiгiн iске асыру қажеттiлiгiмен байланысты.
Осы мiндеттi шешудiң нақты жолы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көрсетiлген. Жер кодексiнiң баптары (139 және 149, 3-т.) оңтайлы жер пайдаланудың экологиялық нормативтерi мен экологиялық бағдардағы сәйкестендiрiлген жер пайдалануды ұйымдастыруды практикаға енгiзудi талап етедi. Осы проблемаларды iске асыру алдыңғы қатарлы жобалау технологиялары тұжырымдамасын әзiрлеудiң, ғылыми, әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi талап етудің қажеттiлiгiн бiлдiредi.
Қаралып отырған проблема егiншiлiктiң сәйкестендiрілген ландшафтық жүйесiнiң, экологиялық бағыттағы жер пайдалануды құрудың, республиканың тұрақты дамуы мен халықаралық астық нарығына шығуының негізi ретiнде Қазақстанның астық егетiн өңiрлерi үшiн айрықша өзектiлiкке ие.
Жер пайдалану ақылылығы және экономикалық ынталандыру.
Нарықтық экономика жер пайдалануға жаңа талаптар қояды. Нарықтық экономика жағдайында жер учаскелерi жылжымайтын мүлiк объектiсi болуда, яғни жердiң жылжымайтын мүлiк объектiсi ретiнде құны болуы керек.
Ақысыз жер пайдаланудан ақылыға өту жерге ақы төлеудiң барлық түрлерiн әзiрлеудi, анықтауды және белгiлеудi қамтиды. Оның негiзгi нысандары: жер салығы, жалдау ақысы, жер учаскесiне құқық беру үшiн төлем, басқа мақсаттарға арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi алғандағы ауыл шаруашылығы өндiрiсінiң шығындарын өтеу нормативi болып табылады.
Республикадағы жерге салық салу жүйесi жетiлдiрудi талап етедi.
Әлемдегі экономикалық дамыған елдердiң көпшiлiгінде (АҚШ, Канада, Германия, Франция және тағы басқалар) жерге салық салуда оның құнын негiзге ала отырып, басқа да кез-келген жылжымайтын мүлiкке салық салудағы қағидаттар қолданылады. Жер салығы мен жал ақысының ставкасы жердiң нарықтық бағасына қарай, ал жер нарығының жеткіліксiз дамуы жағдайында - жер учаскесiнiң кадастрлық құнына қарай белгiленедi.
Жер нарығы, әсiресе ауыл шаруашылық жерлерiнiң нарығы Қазақстанда кең дамымаған және нарықтық бағасы әлі қалыптаспаған. Жер салығын есептеу үшiн алғашқы база жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны - бұл Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген, түзету коэффициенттері қолданылған базалық ставкалар арқылы есептелген құнының көрсеткiшi болуы керек.
Жер учаскесiнiң барлық сипаттамаларын ескеретін базалық ставкалар мен түзету коэффициенттерi негiзiнде жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны ауыл шаруашылық мақсатындағы және өзге де санаттардағы жерлердi өңiрлер, облыстар, алқаптар түрлерi, топырақтар типтері мен кiші типтері бойынша дифференцияланған жер салығын есептеу үшiн негiз болуы тиiс.
Жерге салық салу жүйесін жетілдiру үшiн бағалық аймақтарға сәйкес жер-салық аймақтарын дәл құру және жер учаскесiнiң кадастрлық құнының пайызындағы жер салығы ставкасының негiздемесi қажет.
Жерлердi ластанудан және ұтымсыз пайдаланудан экономикалық қорғаудың қазiргі жүйесi жеткiлiксiз қолданылмауда, сондай-ақ жерлерді, ұтымды пайдалануды экономикалық ынталандыру шаралары көзделмеген.
Ақысыз жер пайдаланудан ақылы жер пайдалануға көшу жердiң жылжымайтын мүлiк ретiндегi бағасын анықтаудың қазiргi заманғы әдiстерiн зерделеу мен талдауды, ақылы жер пайдалану тұжырымдамасын, бағалық аймаққа бөлу мен ренталық көзқарас негiзiнде ауыл шаруашылық алқаптарының, елдi мекендер мен өзге де санат жерлерiнiң кадастрлық {бағалау) құнын анықтау үшiн төлемнiң базалық ставкаларын (нормативтiк бағасын) есептеу әдiстемесiн әзiрлеудi қарастырады.
Жерге экономикалық төлем жүйесi арқылы жер ресурстарының әлеуетiн тиiмдi пайдалану Қазақстанның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына, оның жаңа деңгейге шығуына ықпал етедi және елiмiздiң индустриялық-инновациялық дамуы көзделген шараларына және бағыттарына сәйкес келедi.
Кадрлық қамтамасыз ету . Агенттiктiң аумақтық органдары, сондай-ақ құрылып жатқан инспекторлық жер қызметi үшiн штаттық бiрлiктердi ұлғайту проблемасы өзектi болып отыр.
Қазiргі уақытта, жерге орналастыру және жер-кадастрлық жұмыстарының өскен көлемiн орындау, мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру, сондай-ақ жер ресурстарын және жаңа технологияны қашықтықтан зерделеу әдiстерiн жан-жақты дамыту, картографиялау, жер мониторингін жүргiзу үшiн кадр қажеттiлiгi толығымен қанағаттандырылмайды. Бұл жұмыстар - жер ресурстарын басқару; жер құқығы; жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесi (ААЖ - технологияларының негiзiнде); жердi кадастрлық бағалау, қашықтықтан басқару әдiстерiнiң негізiнде жердi зерделеу, картографиялау және мониторингiн жүргiзу, аумақтарды ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде жоспарлау жөнiндегі тиiстi мамандармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3.2. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау
проблемалары
3.2.1 Проблеманы шешудiң шетелдiк тәжiрибесiн талдау
Жер мәселесi кез-келген мемлекеттiң саясатында, экономикасында, экологиясында және әлеуметтiк саласында басты болған және болады да - ол тек ұлттық деңгейдегi емес, сонымен қатар ғаламдық масштабтағы проблема. Сондықтан қазiргi уақытта әлемде жерге барлық байлықтың көзi, құнды табиғи ресурс және өндiрiс факторы ретiнде ерекше назар аударылып отыр.
Бұрын жердi пайдалануға деген көзқарас pecуpc және резерв ретiнде туындады және қарастырылып келдi. Дегенмен, соңғы жүзжылдықтағы жер пайдалану проблемалары мен болашаққа болжау адамзатты жерге деген көзқарасын өзгертуiне мәжбүр еттi. Мәселе әлемдiк жер пайдалануда халықтың жермен қамтамасыз етiлуi құнарлы жерлердiң ауыл шаруашылықтық емес мұқтаждарға бөлiнуi, эрозиясы, деградациясы мен жерлердiң шөлейттенуi себепті бiрте-бiрте қысқарып келедi. Соңғы жылдары жер пайдалану проблемаларын қоса алғандағы, ғаламдық сипаттағы проблемаға арналған бірқатар тұжырымдамалар әзiрлендi. Осы тұжырымдамалардың негiзгi қорытындылары жер ресурстарының шектеулілігі мен күтiлетiн халық өсiмiмен және сонымен байланысты жермен қамтамасыз етiлуiнiң төмендеуi арасындағы қарама-қайшылық, XXI ғасырдың ортасына қарай ғаламдық дағдарысқа әкелуi мүмкiн.
Жоғарыда аталған объективтiк себептер жер ресурстары әлеуетiн ұтымды және тиiмдi пайдалану мен жердi қорғау проблемаларын неғұрлым белсендi шешу қажеттiгiн алға тартады.
Осының куәсi барлық дамыған шет елдерде (АҚШ пен Канада, EO мемлекеттерiнде) жер ресурстарын басқару XX ғасырдың соңғы жиырма бес жылы iшiнде жер ресурстары әлеуетiн ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған мемлекеттiк жер саясатының, жер қатынастарын реттеудiң негiзгi құралы болды. Оның басты элементтерi ретiнде автоматтандырылған жер кадастры, жер мониторингi, жер пайдалану ақылылығы мен жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды жоспарлау қарастырылды.
Жер кадастры. Шығыс және Батыс Еуропа елдерiнiң, басқа да дамыған елдердiң тәжiрибесi көрсетiп отырғанындай, олардың жер кадастрлары мен оларды тiркеу жүйелерi ұзақ уақыт iшiнде дәстүрлi әдiстердi қолдана отырып, қағаз жеткiзгiштерде және деректердi кейiннен автоматты түрде өңдеу арқылы құрылды.
Компьютерленген көп мақсатты кадастр - ол салыстырмалы жаңа технология, жер ресурстары мен жерге құқық туралы мәлiметтердi тиiмдi өңдеудi қамтамасыз етуге арналған маңызды құралдардың бiрi. Әлемде осындай модель жасаудың екi көзқарасы бар: интеграцияланған кадастрлық жүйелер (кешендi жүйелер) және ведомстволық жүйелер (қос жүйе). Бiрiншi нұсқада бiр базалық кадастрлық жүйе шеңберiнде құқықтық, фискалдық және көп мақсатты блоктар - оның құрамдас бөлiктерi ретiнде бiрiктiрiлген. Қос жүйелерде жерді пайдалану құқығын және жерге деген құқықты тiркеудi заңгерлер жеке шешедi. Кадастрлық iстер жеке жер-кадастрлық жүйеде қалыптастырылады. Бұл артық қаржы шығындарының және жер ресурстарын басқарудың анағұрлым күрделi тетiктерiнiң пайда болуына алып келедi.
Бiрiншi көзқарас анағұрлым перспективалы. Оның оң жақтары: жердi және жылжымайтын мүлiктi басқару мәселелерiн кешендi шешу мүмкiндiгi; интеграцияланған кадастрлық жүйенiң таралуына шығатын жиынтық шығындарды неғұрлым азайту; бiрыңғай база жасаудың ұтымды жағын қарастыру және т.б. Мұндай көзқарасқа Батыс Еуропаның неғұрлым дамыған елдерi талпынуда, Ресей Федерациясы да осы жүйеге көшуде.
Реформа жылдарында Республиканың МЖК жүйесiнде шетелдiк тәжiрибенi енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Бiрақ ол, ең бастысы жерге құқықты мемлекеттік тiркеудi МЖК-ның бiрыңғай көп мақсатты жүйесiнен алшақтатуға бағытталған. Шетел тәжiрибесi көрсеткенiндей, батыс елдерiнде көп мақсатты кадастрлық жүйелер қызмет етуде, ал олар жоқ елдерде, оларды құруға талпыныс байқалады.
Қазiргi уақытта нарықтық экономикалы елдер мемлекеттiң бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру үшiн ақпараттық жер жүйелерiн (АЖЖ) әзiрлеуде. Осындай жүйелердi құрудың артықшылықтары бұрыннан белгiлi, бiрақ соңғы кездерi мәлiметтердi жинау мен сақтау мүмкiндiктерiн айтарлықтай кеңейткен компьютерлiк және спутниктiк технологиялардың қарқынды дамуына байланысты айқындала түстi.
Ақпараттық жер технологиялары саласында интеграциялау процестерi жалғасуда. Осылайша, Еуропалық Одақ елдерiнде осы қоғамдастықтың бірыңғай АЖЖ-ны құру бойынша жұмыстар басталды. Еуропалық Одаққа қатысушы елдердiң өкiлдерi жер туралы ақпарат олардың қызметi мемлекет шекараларына тәуелсiз жүзеге асырылатын жалпы жер нарығының жұмыс істеуi үшiн қажет. Ол, сонымен қатар қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды жүргізу үшiн, статистикалық қажеттілiктер үшiн, бiрыңғай ауыл шаруашылығы саясатының шеңберiнде субсидиялар беру жүйесiн басқару мақсаттары үшiн қажет.
Бұл үрдiстер Мемлекеттiк жер кадастры моделiн ғылыми-әдiстемелiк негіздеу тұжырымдамасын әзiрлегенде де ескерiлмеуi мүмкiн емес.
Жер мониторингі. Әлемдiк тәжiрибеде жер мониторингi жоғары шешушi мүмкiндiкпен қашықтықтан бағдарлау деректерiнiң негiзiнде iздестiрудiң, ГАЖ-жүйелерiн қолданудың осы заманғы әдiстерiн, қоршаған орта компоненттерiнiң ластануының барлық түрлерiн талдауға мүмкiндiк беретiн осы заманғы химиялық-талдау құрылғыларын пайдалануға деген үрдiс бар. Жер мониторингiн басқару тәжiрибесi әрқилы және елдiң ерекшелiктерiмен белгiленедi.
Жер пайдалану ақылылығы. Нарықтық экономикалы елдерде ақылы жер пайдаланудың негiзгi тетiктерiне мыналар жатады: жердiң нормативтiк бағасы, жер учаскесiнiң (жер пайдаланудың) кадастрлық немесе нарықтық құны, жер салығы, жал ақысы, кепiл және де жердiң нарықтық айналымының басқа да тетiктерi.
Ауыл шаруашылық өндiрiсiнде жерге ақы төлеу мынадай қағидаттарда құрылған:
- топырақ құнарлығының кеңiнен орнын толтыруды қалпына келтiру мен жүзеге асырудың экономикалық жағдайларын қамтамасыз ететiн;
- жер ресурстарын ұтымды пайдалануды ынталандыратын;
- нарықтық типтегi ауыл шаруашылығы шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң әр түрлi нысандарының дамуы үшiн тең экономикалық жағдай жасайтын.
Толыққанды жер нарығы жұмыс iстейтiн елдерде жер үшiн бағаның екi нысаны бар: нормативтiк және нарықтық. Жердiң нормативтiк бағасы тұрақты ақпараттық база негiзiнде есептелiп, ауыл шаруашылық алқаптарының құнын есепке алуға байланысты және басқа да мақсаттар үшiн жер айналымы нарығында жер құнының алғы деңгейi ретiнде қолданылуы мүмкiн. Нарықтық баға ауыл шаруашылық өндiрiсi экономикасында теңдiкке жету деңгейiнiң, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының әсер етуiнен құралады. Әлемдiк тәжірибе көрсетiп отырғанындай, жердiң нормативтiк бағасының шамасы, әдетте, жер учаскесiнiң нарықтық бағасының 70 пайызынан кем болмайды.
Әлемдiк тәжiрибеде жер жылжымайтын мүлiгiн бағалау үшiн үш әдiстемелік көзқарас қолданылады: шығынды; жер учаскелерiн сатуды тікелей талдау; табысты (табысты капиталдандыру).
Халықаралық тәжiрибеде ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатудан түсетiн кiрiс бойынша жердi бағалау әдiсi неғұрлым кең тараған.
Осы заманғы жер қатынастарын талдау инвестициялық жобалар негiзiнде жүргiзiлетiн девелопмент (жақсарту) арқылы жердiң құндылығын тұрақты көтеру әлемдiк алдыңғы қатарлы үрдiс болып табылатындығын көрсеттi. Осылайша, жер ипотекадан шығатын кепiлге берілетiн құнды қағаздар арқылы өзiнiң қаржылық мәнiн iске асыратын инвестициялық pecуpc болып келедi.
Аумақты ұйымдастыру. Нарықтық экономикалы елдерде аумақтық жоспарлау осы заманғы технологияларды - географиялық ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, ландшафтық жоспарлау әдiстемесiне бағытталған. Ландшафтық жоспарлау тұрақты даму тұжырымдамасын iске асыруда экологиялық бағытталған жер пайдалану үшiн тиiмдi құрал ретiнде қарастырылады.
Әлемдiк тәжiрибеде осы күні бар аумақтық жоспарлау жүйелерiнiң барлық түрлерiнiң iшiнде модель ретiнде Германияда iске асырылып келе жатқан ландшафтық жоспарлау қарастырылады. Осы күнi Қазақстанда да және ТМД елдерiнде де не мазмұнды, не әдiстемелiк, не рәсiмдiк аналогтар жоқ екендiгiн айта кету керек.
3.2.2 Проблеманы шешу жолдары
Сарапшылардың түсiнiгiнше Қазақстан ұланғайыр жер ресурстарына ие бола отырып, жер-ресурстық әлеуетiн пайдалануға түсiнiстiкпен қарауға, елiмiздiң нарықтық экономика жағдайына көшуiне байланысты жер қатынастары мен жер реформасындағы түбегейлi өзгерiстер мен әлемдiк тұжырымдамалық ережелердi ескере отырып, жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау стратегиясын әзiрлеуi қажет.
Нарықтық экономика жағдайында жер ресурстарын басқару жер қатынастары жүйесiнiң социалистiк моделiне қарағанда қағидаттық ерекшелiктерi мен жолдары бар. Кеңес өкiметi кезiнде жер мемлекеттiк меншiкте болды. Жер қатынастарының тек бiр ғана нысаны танылды - жердi пайдалану. Жер пайдаланушыларға тегiн берілдi, салық салынбады, жер учаскесi жылжымайтын мүлiк мәртебесiне ие болмады, жердi жалға беруге тиым салынды. Осылайша, жерге меншiктiң, жер пайдалану ақылылығының құқықтық мәселелерi, жердiң азаматтық және нарықтық айналымы социалистiк жер заңнамасында дамуын таппады.
Жоғарыда аталған объективтiк факторлар өзге де әдiстемелiк негiзде iздестiрулер жүргiзу жолымен жер ресурстарын басқару қағидаттары мен әдiстерiн, олардың ғылыми-әдiстемелiк негiздемесiн түбегейлi өзгерту және оларды ғылыми-әдiстемелiк негiздеу қажеттiгiн алға тартады. Ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық жағынан жетілдiрілiп және жер реформасын жүргiзу жылдарында өндiрiске енгiзілiп жатқан жер ресурстарын басқарудың негізгi элементтерiне мыналар жатады: ГАЖ-технологиялардың негiзiнде жаңа жер кадастрын құру мен жүргiзу; ақылы жер пайдалануға көшу, нарықтық жер айналымы мен жерге төлемдердi қалыптастыру, жер мониторингi мен жерге орналастыру. Жаңа жағдайда республикада жер ресурстарын басқаруды әрi қарай жетілдіру аумақты ұйымдастыруға ландшафтық-экологиялық көзқарасты іске асыру, компьютерлiк картографияны, өңiрлiк-талдау тәсiлдерiн және мәліметтердi алу әдiстерiн, қашықтықтан бағдарлауға негiзделген географиялық ақпараттық жүйелердi (ГАЖ) пайдалану негiзiнде картографиялық ақпаратты сандық өңдеу әдiстерiн қолдану негiзiнде мүмкiн.
Ғылыми бағдарламаның жоғарыда аталған блоктарының әрқайсысы кез келген мемлекетте жетiлдiрудi, iздестiрулер мен олардың нәтижелерiн жердi пайдалану кезiнде қолдануды талап ететiн жеке тақырып болып табылады.
Республиканың жер ресурстары әлеуетiн ұтымды пайдалану мен қорғау мынадай объективтiк қажеттiлiктердi тудырады:
көп мақсатты жер кадастры тұжырымдамасын, қағидаттарын, мiндеттерi мен мазмұнын, жер туралы мемлекеттiк ақпараттық жүйе негізi ретiнде, оның құрылуы мен қызмет етуiнiң әдiстемесiн ғылыми негіздеу;
атрибутивтiк және графикалық жер-кадастрлық құжаттамаларының мазмұны мен олардың нысандарын жүргiзу тәртiбiн жетiлдiру;
топырақ, топырақ-мелиоративтiк және геоботаникалық зерттеулер материалдарының жаңартылуы;
мониторинг, қашықтықтан бағдарлау негізiнде жерлердi зерттеу мен картографиялау әдiстерiн жетiлдiру; топырақты бонитировкалау; жердiң барлық санаттары, сондай-ақ жерлердi мемлекеттік сандық және сапалық есепке алу үшiн рентоқұраушы факторларды пайдалана отырып, жерлердi мемлекеттік кадастрлық бағалау;
ландшафтық көзқарас негiзiнде алдыңғы қатарлы технологияларды алдын-ала қолдану, ғылыми, әдiстемелiк, ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзiрлеу.
Iздестірулер, әзiрленген технологиялар мен олардың әдiстерi, басым блоктардың әрқайсысының, атап айтқанда мемлекеттiк жер кадастрының, мониторингтiң, жерге орналастыру мен жер пайдалану ақылылығының әдiстерi мен нормативтерi инновациялық көзқарасқа негiзделген, нәтижелерi мемлекеттің экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту бойынша нақты тетiк болып табылады және "Елiмiздiң индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына", Мемлекеттiк агроөнеркәсiптiк бағдарламаны және ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына тiкелей қатысты. Сонымен қатар, олар республиканың жер ресурстарын басқаруды жетiлдiру үшiн негiз болып табылады, сондай-ақ жер реформасын тереңдетуге, жерге орналастырушы кадрларды, соның iшiнде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға оң әсер етеді.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
мемлекеттік жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыру, жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртiбi мен технологиясы, құрылымы бөлігінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 маусымдағы N 442-II ЗРК Жер кодексiнiң 14-бабы 3) тармақшасының, 150-бабы 4-тармағының, 152 және 156-баптарының нормаларын;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң:
жep реформасын жүргiзу, оның ғылыми, кадрлық және әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия мен картография жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен iске асыру бөлігінде "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттігiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысын ;
жер-кадастрлық құжаттамалардың құрамы, мазмұны мен нұсқалары, бірыңғай мемлекеттік жер реестрiн қоса алғанда, оларды жүргiзу бөлiгінде "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу ережесiн бекіту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958 қаулысын ;
"Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 990 қаулыларын және нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралармен кешенді жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру, жер ресурстарын қорғау бөлiгінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң iске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн Бағдарламада мынадай мiндеттердi шешу көзделген:
топырақ құнарлылығын сақтауға және арттыруға, жердiң жай-күйiне теріс антропогендік әсердi жоюға бағытталған жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi іс-шараларды әзірлеу;
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру;
мемлекеттiк жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң инфрақұрылымын жасау;
жердi пайдалану мен қорғауды және жер заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды тиiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
жер мониторингi торабын дамыту және оның деректерiнiң негiзiнде теріс процестердi жою бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
ақпараттарды алудың, жердi зерттеу мен картографиялаудың жаңа технологиялары мен әдiстерiне көшу;
жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыру кезiнде ландшафтық-экологиялық бетбұрысты iске асыру;
жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласындағы ғылыми-әдiстемелiк, нормативтiк қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
Жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық кесiмдер тұтастай қалыптастырылды.
Бағдарлама өзара тығыз байланысты экономикалық, техникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық iс-шараларды жетілдiру негізiнде жерлердi бүкiл қоғам мен жекелеген жер пайдаланушылардың мүддесі үшін оларды тиiмдi пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудiң жаңа сапасына көшуге бағытталған.
5.1 Жер ресурстарын басқаруды жетiлдiру
Бағдарламада мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жетiлдiру үшiн мыналар көзделген:
Қазақстан Республикасының 272,5 млн. га жердi, соның iшiнде оларды пайдалану санаттары бойынша мемлекеттiк есепке алуды қамту;
жыл сайын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жөнiндегi жер кадастрының мәліметтерін қағаз және электронды жеткiзгiштерде жинақтау;
2005 жылы - 59356 мың га алаңда; 2006 жылы - 62330 мың га және 2007 жылы - 65446 мың га алаңда әкімшілiк аудандар мен есептегі кварталдардың электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау;
Жер кодексi мен статистикалық есеп беру талаптарына сәйкес жер-кадастрлық құжаттамасының нысандарын және олардың мазмұндарын жетiлдiру;
СТжССОТ сәйкестендiрiлген БМЖТ жүргiзудiң құжаттамасы мен әдiстемесiн әзiрлеу;
жерлерді мемлекеттiк кадастрлық бағалауды жүргiзу әдiстемесiн жетiлдiру;
паспорт беру мақсатында 3,2 млн. га алаңда, соның iшiнде 2005 жылы - 1023,6; 2006 - 1074,8 және 2007 - 1128,5 мың га алаңда егiстiк топырағының бонитетін анықтау, ол аграрлық секторда шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң егiстiгi алаңының 15,2% құрайды.
Жер мониторингi бойынша iс-шараларды iске асыру шеңберiнде:
қажеттi ақпаратты бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг және табиғи ресурстар жүйесiне (БММжТРЖ) бере отырып, 31,4 млн. га жер үшiн мониторингпен қамтылады;
ведомстволық жер мониторингiнiң, сондай-ақ өндірістік мониторинг жүйесiнiң барлық кәсiпорындары мен мекемелерін енгiзе отырып, геоақпараттық жүйе негiзiнде жер мониторингінің бiрыңғай мемлекеттік жүйесi құрылады;
аэроғарыштық ақпараттарды пайдаланып, жоспарлы-картографиялық негiздi, базалық, картографиялық және басқа да құжаттарды жасаумен, елiмiздiң барлық аумағында қадағалау, зерттеу және түсiру әдiстерi жетiлдiрiледi;
техникалық құралдармен, жылжымалы экспресс-зертханалармен жабдықтау, сондай-ақ жер мониторингiнiң зертханалық базасын кеңейту жөнiнде ұсыныс дайындалды.
Жер ресурстарын зерттеу мен картографиялау үшiн мыналар көзделген:
сандық және электрондық тақырыптық карталарды әзiрлеудiң жаңа технологияларын енгiзу;
барлық жер санаттарында ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеуді (ауылды елді мекендер аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде көзделген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi түгендеуден басқа) жүргізу жөнiндегi ұсынысты дайындау. Осы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңының 10%-ы, атап айтқанда 14,4 млн. га бағдарламамен қамтылады;
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде iрi масштабты: 955,9 мың га алаңда топырақ және 2326,5 мың га алаңда геоботаникалық зерттеулердi жүргiзу;
2124,2 мың га алаңда жерлерге паспорт беру мақсаты үшiн топырақ материалдарын жаңарту, ол шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ауыл шаруашылық алқаптарының 2,7% құрайды;
6305 мың га алаңдағы ауыл шаруашылық алқаптарын, топырақ және геоботаникалық контурларды, яғни зерттеу көзделгендердің 73,2 %-ы;
аэрофотогеодезиялық, дешифрлеу жұмыстарды жүргiзу, топографиялық және сандық карталар жасау. Осы жұмыс түрлерімен сәйкесiнше: 2005 жылы - 8,6%; 2006 жылы - 8,5% және 2007 жылы - 7,2% ауыл шаруашылығы пайдалануындағы жер алаңдары қамтылған.
Жерге орналастыруды жетiлдiру мақсатында:
жерге орналастырудың, жердi аймақтарға бөлудiң, облыстық және өңiрлiк схемалары (жобалары) және ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламалары әзiрленеді;
қазiргi бар жер пайдаланушылықтарды құру және ретке келтiру бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобалары жасалады;
елдi мекендердiң жер-шаруашылық орналастыру жобалары жасалған;
жерге орналастыру, бүлiнген жерлердi қалпына келтiру және жаңа жерлердi игеру жобаларын, сондай-ақ жерлердi пайдаланумен және қорғаумен байланысты басқа да жобалар әзiрленедi.
Жерлердiң мақсатты орындылығы және пайдалану режимі нақты өңiрдегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң мамандандырылуын, сәулет-жоспарлау, экологиялық, санитарлық және өзге де арнайы талаптарды ескере отырып, экономикалық, табиғи және басқа да жағдайларын негізге ала отырып белгiленедi.
Негiзгi назар ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн босалқы жерлердi игеруге, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар үшiн резервтiк алаңдарды бөлуге аударылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi оңтайландыру осы санат жерлерiнiң басымдығын, ауыл шаруашылығы алқаптары мен олардың мақсатты пайдаланылуын айрықша қорғауды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Босалқы жерлердi, орман мен су қорының, өнеркәсiп, көлiк және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердi аймақтарға бөлу негiзiнде ауыл шаруашылығы мұқтаждықтары үшiн беруге, елдi мекендердiң, табиғи-қорықтық қорлардың дамуы үшiн аумақты қорландыруға және өзге де ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен байланысты емес мақсаттарға ұсынылатын жер аудандары бөлiнедi.
Ерекше жер пайдалану жағдайы бар аймақтарда өнеркәсiптiк кәсiпорындардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймағы, санитарлық-қорғау аймақтары, сел қауiптiлiгi, көшкiн қауiптiлiгi бар аймақтары, суайдау құрылғыларын қорғау аймақтары, аэродром маңындағы алаңдар, магистральдық құбырлардың қорғау аймақтары, электр беру, байланыс желiсi және су қорғау аймақтары және су объектiлерiнiң жолақтары орнатылады.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымының оңтайлылығы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақты дамуын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн ауыл шаруашылығы алқаптарының неғұрлым тұрақты құрамын жасауға бағытталған.
Оны iске асыру тетiктерi:
олардың табиғи қасиеттерiне сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау, бiр түрден басқасына ауыстыру;
босалқы жерлерден және басқа да санат жерлерiнен ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жарамды жерлердi анықтау және игеру;
егiстiк ауданын тыңайған жерлердiң айналымына енгiзу, босалқы жер мен орман қоры жерлерiнен ауыл шаруашылығында пайдалану үшiн жыртылған жерлердiң игеру және егiстiктен түсiмдiлiгi төмен жерлердi шығару есебiнен тұрақтандыру.
Жердi ұтымды пайдаланудың экономикалық тетiгi бойынша мынадай iс-шараларды жүзеге асыру көзделедi:
жердi мемлекеттiк кадастрлық бағалауды жүргiзу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
салық салу мақсаты үшiн аймаққа бөлу;
жер учаскелерiне төлемнiң қазiргi базалық ставкаларын және оларға түзету коэффициенттерiн нақтылау бойынша;
Сонымен қатар мынадай тетiктер әзiрленедi:
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, жердi ластандырғанынан, оның құнарлылық және басқа да қасиеттерiн жоғалтуынан, ауыл шаруашылығы жерлерiн айналымнан шығару немесе құндылығы төмен жер санатының құрамына ауыстырудан болған залалдың орнын толтыру;
жердiң экологиялық жай-күйiн жақсартқаны, оның құнарлылығын арттырғаны және экологиялық таза өнiм өндiргенi үшiн көтермелеу.
Жерлердi пайдалану мен қорғауды және жер учаскесiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын сақтау жөнiндегi мiндеттемелерiн сақтауын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында:
жердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын жасау:
шаруа қожалықтарына - 55213 жер учаскелерiне, соның iшiнде 2005 жылы - 17514; 2006 жылы - 18390 және 2007 жылы - 19309 жер учаскелерiне;
ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына - 9487 жер учаскелерi, соның iшiнде 2005 жылы - 3009; 2006 жылы - 3160 және 2007 жылы - 3318 жер учаскелерiне паспорттар жасау;
ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн 36%-ы паспорттармен қамтамасыз ету (2004 жылы орындалған жұмыстарды ескере отырып).
Жобаларды, схемаларды, жерлердi ұтымды пайдалану мен қорғау бағдарламаларын мемлекеттiк сараптауға, олардың жүзеге асырылуын бақылауға, сондай-ақ мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингі мен басқа да жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу тәртiбiн сақтауға баса назар аударылады.
5.2 Топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен сақтау және жердiң жағдайына терiс антропогендiк әсердi жою жөнiндегi iс-шаралар
Суармалы жерлердiң алаңдарын ұлғайту. Суармалы жерлердi, су объектiлерін және су шаруашылығы құрылғыларын тиiмдi пайдалану мәселелерi, суды пайдалануды экономикалық реттеу әдiстерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлік бағдарламасында және Қазақстан Республикасының Су кодексінде көрiнiс тапқан.
Тыңайған және бос жатқан жерлердi пайдалану. Бұл бағыт түгендеу, топырақты зерттеу деректерiнiң негiзiнде сапасы жақсы тыңайған және бос жатқан жерлердi ауыл шаруашылық айналымына тарту, сондай-ақ жалпы алаңы 5686,7 мың га оларды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.
Мал азықтық алқаптарды жақсарту. Қазақстан бойынша мал азықтық алқаптарды жақсарту жөнiндегi жұмыстар мыналарды қамтиды:
аумақтарды ұйымдастыру және шабындық пен жайылым айналымын енгiзу, түсiмдiлiгi төмен шабындықтарды және жайылымдарды түбегейлi жақсарту, сонымен қатар, суландыру құрылыстарын қайта жаңарту, шаруашылық субъектiлерiнiң жайылымдық жерлерiн, әрi қарай пайдалануға арналған резервтiк жерлердi суландыру жөнiндегi іс-шараларды әзiрлеу.
Жерлердiң шөлейттенуi мен деградацияға ұшырау процестерін болдырмау үшiн мыналар бойынша ұсыныстар дайындау болжанады:
ландшафттық көзқарас негiзiнде табиғи және экологиялық аудандастыру;
шөлейттену мен деградация процестерiне ұшыраған жерлерді анықтау және оларды сапасы жағынан бағалау;
жердiң шөлейттенуіне, жел және су эрозиясына қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, тұзданған және сортаңданған жерлердi мелиорациялау, аумақтарды ұйымдастыру жобаларының негiзiнде мал азықтық алқаптарды жақсарту;
химиялық және биологиялық әдiстердi оңтайлы қолдану кезiнде топырақ құнарлылығының қалпына келуiн қамтамасыз ететiн топырақты қорғайтын ауыспалы егiс пен жайылым айналымын игеру;
егiстiк жерлердегі сортаңдаған дақтарды кетiру бойынша мелиоративтiк жұмыстарды жүргiзу, дефляциялық қауiптi және эрозиялық қауiптi жерлерде эрозияға қарсы iс-шараларды жүргiзу.
Бүлiнген жерлердi консервациялау мен рекультивациялау жобаларын орындау бойынша бақылау күшейтiледi.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал өңiрi бойынша проблемаларды кешендi шешу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө өкiмiне сәйкес жүзеге асырылатын болады 1 .*
__________________
1 *"Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы"
5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралармен кешендi түрде жер ресурстарын қорғау
Жер ресурстарын қорғау мақсатында мыналар болжанады:
оңтайлы жер пайдаланудың экологиялық нормативтерiн жасау және тәжiрибеге енгiзу;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1692 қаулысымен мақұлданған, "Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының 2030 жылға дейiнгi даму тұжырымдамасына" сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық коридорлар торабының одан әрi дамуы.
Орман қорының жерлерiн ұтымды пайдалану мәселелерi 2004-2006 жылға арналған "Қазақстанның ормандары" салалық бағдарламасының шегiнде жүзеге асырылатын болады.
5.4 Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету
Мемлекеттiк жер кадастры бойынша ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн мыналар көзделедi:
нарықтық экономика жағдайларына, сондай-ақ өндiрiстiк (техникалық) жер кадастрлық процесс кезеңiне сәйкес келетiн құқықтық, фискальдық, сондай-ақ көп мақсатты жер кадастры қағидаттарының, мiндеттемелерiнiң құрамы мен мазмұнының ғылыми негіздемесiн;
сандық және сапалық есепке алу, бонитеттеу әдiстемесiн жасау, сондай-ақ жердi мемлекеттiк кадастрлық бағалауды енгiзу;
мемлекеттiк жер-кадастрлық құжаттамалардың пакетiн;
аэроғарыштық түсiрулердiң материалдарын пайдалана отырып, кадастрлық карталарды жасау технологиясын;
пилоттық объектiлерде МЖК ГАЖ жекелеген жүйелiк кешендерiнiң технологиясын сынау мен енгiзу әдiстемесiн әзiрлеу;
жүйелi-бағытталған кешендердiң технологиялық процестерін, жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру стандарттарын әзiрлеудi зерттеу мен қорытуды жүргiзу.
Жер мониторингi, зерттеу мен картографиялау жұмыстары бойынша:
жер мониторингiнiң ғылыми-әдістемелiк негiздерiн жетiлдiру тұжырымдамасын;
жерлердi түгендеу мен сапалық (мелиоративтiк) жай-күйiнiң (эрозиялық, дефляциялық процестер, ластану) әдiстемесiн әзiрлеу;
тексерiлетiн аумақтардың жер пайдалану карталарын құрастыру (M 1:100000), ландшафттық карталарды (M 1:50000) жасау, елiмiздiң әртүрлi табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтарындағы өте жоғары дәлдiктегi (1:10000) жер учаскелерiн картаға түсiру және кадастрлық мәлiметтердi бақылау.
Жерге орналастыру бойынша:
ландшафттық-экологиялық көзқарас негiзiнде нарықтық экономика жағдайында аумақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудың тұжырымдамасын, қағидаттары мен әдiстемесін;
ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердiң аумақтарын ұйымдастыруды талдау мен бағалауды ландшафттық қамтамасыз ету;
жерге орналастырудың республикалық, облыстық, аумақтық жобаларын жасаудың әдістемесін жасау, жер ресурстарын жақсарту мен пайдалану бағдарламасын, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірісі жерлерiн ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде ұйымдастыру және оны өндіріске енгізу әдiстемесiн әзірлеу;
республиканың арнайы аудандарында облыс аумағының, шаруашылықтың, шаруа қожалығының жерлерiнiң 1:1000000, 1:100000, 1:25000, 1:10000 және 1:5000 масштабта ландшафтты-экологиялық картаға түсiрудi жүргізу.
Ақылы жер пайдалану және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру жүйесi бойынша:
ақылы жер пайдалану жүйесінің тұжырымдамалық негiзiн;
жерлердiң барлық санаттарын кадастрлық бағалау әдiснамасын және әдiсiн жасау, пилоттық объектiлер негiзiнде аумақтарды бағалық аймақтарға бөлу;
инженерлiк тораптарды және коммуникацияны пайдаланушылардан ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының сервитуттары үшін төленетін ақының анықтаудың тұжырымдамалық және әдiстемелiк көзқарасын әзiрлеу;
жер сапасын көтеру (төмендету) және қорғау үшiн экономикалық ынталандыру (санкция).
5.5 Кадрлық-қамтамасыз ету
Жер реформасын жүргізуді кадрлық қамтамасыз ету үшiн мыналар көзделедi:
Бағдарламада: бiлiктiлiктi жоғарылату, жерге орналастыру қызметiнiң мамандарын қайтара даярлау, жер ресурстарын оқыту бойынша мамандарды даярлау, картография, фотограмметрия мен аэроғарыштық түсiрулердi дешифрлеу, жер құқығы бойынша мамандарды дайындау.
5.6 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Бағдарламада мыналар көзделедi:
жерлердi ұтымды пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарын автокөлiкпен, жеке компьютерлермен және басқа да техникамен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
техникалық құралдармен, жылжымалы экспресс-зертханалармен және зертханалық кешендермен жабдықтау жөнiнде;
геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндiрiсi үшiн қазiргi заманғы құрал-жабдықтарды енгiзу жөнiнде;
мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң орталығын салу жөнiнде ұсыныстар дайындау.
5.7 Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық қатынас саласында жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдарда мыналар көзделедi:
алдыңғы қатарлы шет ел тәжiрибесiн, әдiстемелерiн, технологияларын, аспаптарын, стандарттарды, жерлердi ұтымды пайдалану мен қорғау, жер қатынастарын жетiлдiру үшiн жерге орналастыру, жер кадастры мен жер мониторингi саласындағы нормативтер мен жер пайдаланудың ландшафттық жоспарлауын;
Арал теңiзi мен Арал, Балқаш өңiрiнiң, Семей ядролық полигонының жер ресурстарын қорғау мен қайта қалпына келтiру бойынша кейiнге қалдыруға болмайтын iс-шараларын жүзеге асыруда шет елдермен және халықаралық ұйымдармен бiрлескен келiсiм бойынша;
халықаралық симпозиумдар, конгресстер, конференциялар, жерлердi ұтымды пайдалану мен қорғау бойынша бiрлескен жобаларды әзiрлеуге қатысу;
шетелде, алдыңғы қатарлы фирмалар мен университеттерде республиканың жерге орналастыру қызметi үшiн мамандарының тағылымдамадан және даярлықтан Агенттiктiң мемлекеттiк өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң жеке қаражаты есебiнен жылына 2-3 адамнан өтуi. Бiр маманға 1000000 (бiр миллион) теңге есебiнен.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асыру күтiледi. Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру iздестiру мен жобалау жұмыстарын жүргiзу үшiн технологиялар мен жабдықтар қолдануды талап етеді, жер мониторингін, мемлекеттiк жер кадастрын, жер пайдалану мен қорғауды бақылауды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған жүйесін бағдарламалық-техникалық қамсыздандыру және картография мен геодезияны, соның iшінде сандық карталарды тұрақты жетiлдiрудi және жаңартуды талап етедi.
Осы бағдарламаны іске асыруға үш жылға 4655318 мың теңге көлемiнде қаржы қаражатын бөлу талап етiледi, (қосымшалары - Үкiмет қаулыларының жобалары: Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары және Қаржылық қамтамасыз ету) соның iшiнде: 2005 жылы - 1474669 мың теңге; 2006 жылы - 1905685 мың теңге; 2007 жылы - 1274964 мың теңге.
Бағдарламаны жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi жергiлiктi бағдарламаларға сәйкес белгiленедi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
2005-2007 жылдары мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу, жерлердi мемлекеттік кадастрлық бағалауды жүзеге асыру, жердiң бiрыңғай мемлекеттік тiзiлiмiн жасау жөніндегі және Агенттiктiң ақпараттық ресурстары туралы ведомстволық сипаттағы қосымша нормативтiк құқықтық құжаттар дайындалады.
Бағдарламаның жоспарланған iс-шараларын iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң және жер мониторингiнiң құрылымы жасалады және оны жүргiзу қамтамасыз етiледi;
ауыл шаруашылығы айналымына енгiзiлген және 31,4 млн. га (37,7%) алаңдағы жер мониторингі есебінен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге берiлген жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету;
14,2% алаңдағы егiстiктiң бонитет баллын анықтау;
тиісінше 1 млн. га және 2,3 млн. га ауыл шаруашылық алқаптарының iрi масштабты топырақ және геоботаникалық зерттеулерiнiң;
1 млн. га ауданда топырақ материалдарын жаңарту;
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер көлемiнiң 24,3%-ында топографиялық және сандық карталар жасау, аэрофотогеодезиялық, дешифрлеу жұмыстарының деңгейi көтерiледi;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттары: шаруа қожалықтарына - 55,2 мың жер учаскесiне, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына - 9,5 мың жер учаскесiне жасалады;
мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiнiң, аумақты ландшафттық-экологиялық тұрғы негiзiнде ұйымдастырудың ғылыми негiздерi әзiрленедi, осы жұмыс түрлерi бойынша әдiстемелiк және нұсқаулық материалдар, жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарына уақыт нормасы әзiрленедi.
Осының барлығы:
жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеуде экономикалық әдiстер мен инновациялық технологияларда жасауға;
жер ресурстары әлеуетiн ұтымды пайдалану мен қорғау проблемаларын шешуге жүйелiк тұрғыдан көшу;
жер алқаптарының құрылымын, олардың мелиоративтiк жай-күйiн жақсарту;
жердi жылжымайтын мүлiк ретiнде нарықтық айналымға енгiзу, жер нарығын дамыту мен жерге төлемдердiң бюджетке тұрақты түсуiне негіз жасау;
жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгін арттыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанның жер қатынастары мен жер ресурстарын басқаруды құқықтық, экономикалық және ғылыми-техникалық қамтамасыз етудi жасау жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық айтарлықтай дамытылады.
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
N |
Іс-шаралар |
Аяқ- |
Орын- |
Орын- |
Бол- |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Жер ресурстарын басқаруды жетілдіру | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1.1 |
Қазақстан Респуб- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.2 |
Жер учаскелерiнiң |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.3 |
2005 жылы - |
Әкiм- |
ЖРА, |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.4 |
Жер кодексi мен |
Жер- |
ЖРА, СА |
2005 ж. |
||
1.5 |
СТжССОТ-пен |
Әдiс- |
ЖРА, |
2005 ж. |
||
1.6 |
Жерлерді мемле- |
Әдiс- |
ЖРА |
2005 ж. |
||
1.7 |
Паспортпен қам- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.8 |
Қажеттi ақпаратты |
ЖРА-ға |
АШМ, |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.9 |
Ведомстволық жер |
ҚР Yкi- |
ЖРА, |
2007 ж. |
||
1.10 |
Аэроғарыштық ақпараттарды пайдаланып, жоспарлы-карто- |
Әдiс- |
ЖРА, |
2006 ж. |
||
1.11 |
Сандық және элек- |
Сандық |
ЖРА, БҒМ |
2005 ж. |
||
1.12 |
14,4 млн. га |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
2005 ж. |
||
1.13 |
955,9 мың га |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.14 |
2326,5 мың га алаңда геоботани- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.15 |
2124,2 мың га, |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.16 |
6305 мың га, |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.17 |
24,3% алаңдағы, |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
1.18 |
Ландшафтық-эколо- |
ЖРА-ға |
Облыс |
жыл |
||
1.19 |
Жерді мемлекет- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
2005 ж. |
||
1.20 |
Салық салу мақсаты үшiн аймаққа бөлу |
ҚР Yкi- |
ЖРА, |
2005 ж. |
||
1.21 |
Жер учаскелерiне қазiргi базалық төлем ставкаларын |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
2005 ж. |
||
1.22 |
Жер учаскелерi |
Әдiс- |
ЖРА, |
2006 ж. |
||
1.23 |
Жердiң экология- |
Әдiс- |
ЖРА, |
2007 ж. |
||
1.24 |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
2 . Топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен сақтау және жердiң жағдайына терiс антропогендiк әсердi жою жөнiндегi ic-шаралар |
||||||
2.1 |
Суармалы жердiң |
ЖРА-ға |
AШM, |
жыл |
||
2.2 |
Жалпы алаңы |
ЖРА-ға |
AШM, |
жыл |
||
2.3 |
Аумақтарды ұйым- |
ЖРА-ға |
AШM, |
жыл |
||
3. Коршаған ортаны корғау жөнiндегi басқа iс-шаралармен кешендестiріп жер ресурстарын қорғау | ||||||
3.1 |
Оңтайлы жер пай- |
Оңтай- |
ЖРА, |
2005 ж. |
||
4. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органды ғылыми-әдiстемелік қамтамасыз ету | ||||||
4.1 |
Нарықтық эконо- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
Жыл |
2005- |
Респуб- |
4.1.1 |
Жердi сандық |
Әдiс- |
ЖРА |
2005 ж. |
||
4.1.2 |
Мемлекеттiк |
Жер- |
ЖРА |
2005 ж. |
||
4.1.3 |
Аэро және |
Када- |
ЖРА, TKM |
2007 ж. |
||
4.1.4 |
Пилоттық объектi- |
Әдiс- |
ЖРА |
2005- |
||
4.1.5 |
Жүйелi-бағыттал- |
Шолу, |
ЖРА, ККМ |
2005 ж. |
||
4.2 |
Жер мониторингi- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
Жыл |
2005- |
Респуб- |
4.2.1 |
Жердi түгендеу |
Әдiс- |
ЖРА, |
2006 ж. |
||
4.2.2 |
Тестiлетiн аумақ- |
Тестi- |
ЖРА, БҒМ |
2007 ж. |
||
4.3 |
Ландшафты-эколо- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
Жыл |
2005 - 9816 |
Респуб- |
4.3.1 |
Ауыл шаруашылығы |
Шолу, |
ЖРА, БҒМ |
2005 ж. |
||
4.3.2 |
Жерге орналасты- |
Әдiс- |
ЖРА, БҒМ |
2007 ж. |
||
4.3.3 |
Облыстың, базалық |
Ауыл- |
ЖРА, БҒМ |
2006 ж. |
||
4.4 |
Ақылы жер |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
Жыл |
2005- |
Респуб- |
4.4.1 |
Жерлердің барлық санаттарын кадастрлық баға- |
Әдiс- |
ЖРА |
2005- |
||
4.4.2 |
Инженерлік желі- |
Әдiс- |
ЖРА |
2006 ж. |
||
5. Кадрмен қамтамасыз ету | ||||||
5.1 |
Қазақстан Респуб- |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
2005 ж. |
||
5.2 |
Бiлiктiлiктi |
ҚР Yкi- |
ЖРА, БҒМ |
жыл |
2005- |
Респуб- |
6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету | ||||||
6.1 |
Жерлердi ұтымды |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
6.2 |
Жер ресурстарының |
ЖРА-ға |
АШМ, |
2006 ж. |
||
6.3 |
Мемлекеттiк жер |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
2006 ж. |
||
6.4 |
Мемлекеттiк жер |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
2006 ж. |
||
6.5 |
Мемлекеттiк жер |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
2005- |
Респуб- |
7. Халықаралық ынтымақтастық | ||||||
7.1 |
Жер ресурстары |
ҚР Yкi- |
ЖРА |
жыл |
қажет |
|
Жиыны 2005 жыл |
1474669 |
|||||
Жиыны 2006 жыл |
1905685 |
|||||
Жиыны 2007 жыл |
1274964 |
|||||
Барлығы |
4655318 |
Ескерту:
* көрсетілген іс-шаралар Іс-шаралар жоспарының "Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органды ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету" 5-тармағының құрамында орындалатын болады
** осы Бағдарламада көзделген шығыстар тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтылануы мүмкiн.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау агенттiгi
1 ҚОСЫМША
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлердi ұтымды пайдалану жөнiндегі
бағдарламаға
1-сурет
РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ
БОЙЫНША АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ СЫЗБАСЫ
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
2-сурет
Жер қорын жер санаттары бойынша
бөлу динамикасы, %
Ауыл шаруашылығы алқаптарының динамикасы, %
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
1-кесте
Жер санаттары бойынша жер қорын бөлу
мың теңге
Жер санаттарының атауы |
1991 ж. |
2000 ж. |
2003 ж. |
Өзге- |
1. Ауыл шаруашылығы |
218375,8 |
93077,1 |
83336,6 |
-135039,2 |
2. Елді мекендердің |
3747,2 |
20201,7 |
20472,0 |
+16724,8 |
3. Өнеркәсіп, көлiк, |
18796,8 |
11131,4 |
2359,5 |
-16437,3 |
4. Ерекше қорғалатын |
775,1 |
1247,1 |
2659,9 |
+1884,8 |
5. Орман қоры жері |
10179,2 |
22222,8 |
22363,3 |
+12184,1 |
6. Су қоры жерi |
819,9 |
3568,3 |
3612,1 |
+2792,2 |
7. Босалқы жер |
18952,3 |
118696,4 |
126368,0 |
+107415,7 |
Барлық жер: |
271646,3 |
270144,8 |
261171,4 |
-10474,9 |
соның iшінде басқа |
149,8 |
0,9 |
0,9 |
-148,9 |
Басқа мемлекеттер |
993,7 |
2346,3 |
11319,7 |
+10326,0 |
Республика аумағы |
272490,2 |
272490,2 |
272490,2 |
2-кесте
Алқаптар бойынша жер қорының серпiнi
мың га
Алқап түрлерi |
1991 ж. |
2000 ж. |
2003 ж. |
Өзге- |
Жерлердiң жалпы ауданы |
272490,2 |
272490,2 |
272490,2 |
|
соның iшiнде: |
||||
ауыл шаруашылығы |
223115,4 |
222485,9 |
222626,2 |
-489,2 |
олардың iшiнде: |
||||
егiстiк |
35403,9 |
21399,9 |
22656,9 |
-12747,0 |
көп жылдық көшеттер |
163,2 |
135,8 |
121,8 |
-41,4 |
тыңайған жер |
277,9 |
8759,4 |
5686,7 |
+5408,8 |
шабындықтар |
5106,3 |
5015,5 |
5047,5 |
-58,8 |
жайылымдар |
182164,1 |
187081,8 |
189034,2 |
6870,1 |
орман аудандары мен |
14290,3 |
14326,0 |
14334,7 |
+44,4 |
батпақтар |
1239,3 |
1105,1 |
1101,5 |
-137,8 |
су астында |
7845,8 |
7716,3 |
7714,3 |
-131,5 |
каналдар, |
162,2 |
136,2 |
136,8 |
-25,4 |
аудандар, жолдар, |
1735,7 |
1455,2 |
1445,9 |
-289,8 |
парктар, скверлер мен |
20,4 |
22,5 |
+22,5 |
|
құрылыстар астында |
293,8 |
603,4 |
600,7 |
+306,9 |
бүлiнген жерлер |
166,2 |
178,0 |
171,2 |
+5,0 |
өзге де жерлер |
23641,5 |
24453,4 |
24336,4 |
+694,9 |
3-кесте
Облыстар бойынша ауыл шаруашылығы
алқаптарының аудандары
Облыс |
Ауыл |
Соның ішінде: |
|||||
егiстiк |
көп |
тыңайған |
шабын- |
жайы- |
|||
барлығы |
с.і. |
||||||
Ақмола |
13244,1 |
5031,8 |
18,5 |
5,4 |
1052,0 |
263,5 |
6887,5 |
Ақтөбе |
26975,4 |
785,1 |
11,5 |
1,5 |
366,2 |
312,9 |
25507,4 |
Алматы |
16421,0 |
1082,1 |
463,6 |
31,1 |
134,4 |
467,9 |
14699,2 |
Атырау |
9827,1 |
1,8 |
1,8 |
0,7 |
6,1 |
132,5 |
9683,5 |
Ш-Қа- |
22650,8 |
1090,7 |
87,0 |
5,8 |
526,2 |
1070,3 |
19948,1 |
Жамбыл |
10489,6 |
824,4 |
205,4 |
9,1 |
230,8 |
9425,1 |
|
Б-Қа |
13989,1 |
682,0 |
15,2 |
2,7 |
909,2 |
1228,0 |
11160,1 |
Қара- |
37449,1 |
1176,5 |
47,5 |
4,7 |
346,4 |
386,3 |
35523,2 |
Қызыл- |
10877,5 |
131,6 |
131,6 |
2,8 |
61,4 |
116,9 |
10546,0 |
Қоста- |
18129,0 |
5520,3 |
18,4 |
11,4 |
66,0 |
350,5 |
12176,0 |
Маң- |
12699,6 |
0,4 |
0,4 |
0,6 |
0,4 |
0,3 |
12697,8 |
Павло- |
11176,6 |
1398,6 |
23,2 |
3,1 |
1338,2 |
301,8 |
8129,2 |
С-Қа- |
8388,1 |
4076,7 |
13,8 |
6,3 |
735,2 |
41,7 |
3523,7 |
О-Қа- |
10268,4 |
844,9 |
430,5 |
30,9 |
145,0 |
142,3 |
9104,8 |
Алматы |
7,9 |
2,3 |
1,8 |
4,8 |
0,8 |
||
Астана |
32,9 |
7,7 |
3,8 |
0,9 |
1,8 |
21,8 |
|
Барлы- |
222626,2 |
22656,9 |
1474,0 |
121,8 |
5686,7 |
5047,5 |
189034,2 |
4-кесте
Республиканың жер ресурстарының құрамында
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалану
мың теңге
Барлық |
c.i. |
соның iшінде |
||||||
егістік |
көп |
тыңай- |
шабын- |
жайы- |
||||
барлығы |
c.i. |
|||||||
Қаз- |
272490,2 |
222626,2 |
22656,9 |
1474,0 |
121,8 |
5686,7 |
5047,5 |
189034,2 |
соның |
||||||||
ауыл |
83336,6 |
78366,0 |
21144,8 |
1300,5 |
806 |
2802,8 |
1779,6 |
52539,6 |
Рес- |
30,6 |
35,2 |
93,3 |
88,2 |
66,2 |
49,3 |
35,3 |
27,8 |
4-сурет
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң аграрлық
сектордағы динамикасы, %
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
5-кесте
Аграрлық сектордағы шаруашылық жүргізушi
субъектiлердiң құрамы
Шаруашылық |
1991 ж. |
2000 ж. |
2003 ж. |
|||
саны |
ауда- |
саны |
ауда- |
саны |
ауда- |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Шаруа |
2480 |
1615,1 |
105088 |
29798,1 |
151878 |
32770,7 |
2. Мемлекет- соның iшiнде: шаруашылық Ауыл шаруа- өзге де |
548 416 132 |
15560,5 15284,7 275,8 |
6353 3098 1915 |
60033,7 40648,4 17753,2 |
17972 3735 1504 |
47744,8 33846,4 9770,4 |
3.Мемлекеттiк соның iшiнде: кеңшарлар ҒIИ, мекемелер қосалқы ауыл өзге де |
3640 2094 273 1003 270 |
201200,2 195322,7 2304,04 1911,7 1661,4 |
1678 593 814 271 |
3151,3 1547,8 505,8 1097,7 |
1325 361 719 245 |
2738,1 1289,7 342,1 1106,3 |
Барлығы |
6668 |
218375,8 |
113119 |
92983,1 |
171175 |
83253,6 |
6-кесте
Облыстар бойынша суармалы
жер серпiнi (мың га)
Облыс атауы |
1991 ж. |
2000 ж. |
2003 ж. |
Өзге- |
Ақмола |
45,2 |
44,5 |
42,2 |
-3,0 |
Ақтөбе |
44,9 |
29,3 |
29,3 |
-15,6 |
Алматы |
661,0 |
549,9 |
596,3 |
-64,7 |
Атырау |
44,3 |
44,0 |
11,8 |
-32,5 |
Ш-Қазақстан |
223,5 |
219,1 |
219,1 |
-4,4 |
Жамбыл |
249,3 |
237,5 |
226,5 |
-22,8 |
Б-Қазақстан |
66,7 |
558 |
55,8 |
-10,9 |
Қарағанды |
96,6 |
89,6 |
88,2 |
-8,4 |
Қызылорда |
286,0 |
277,7 |
214,9 |
-71,1 |
Қостанай |
39,8 |
41,6 |
41,6 |
+1,8 |
Маңғыстау |
1,7 |
2,0 |
1,9 |
+0,2 |
Павлодар |
81,6 |
59,5 |
59,5 |
-22,1 |
С-Қазақстан |
35,4 |
22,8 |
22,8 |
-12,6 |
О-Қазақстан |
495,8 |
500,4 |
511,7 |
+15,9 |
Астана қаласы |
7,7 |
4,7 |
4,9 |
-2,8 |
Алматы қаласы |
4,9 |
4,7 |
+4,7 |
|
Барлығы |
2379,5 |
2228,3 |
2131,2 |
-248,3 |
5 сурет
Ауыл шаруашылық алқаптарының, олардың
құнарлығына әсер өтетін белгілері бойынша
сапалық сипаттамасы
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
7-кесте
Құнарлылыққа әсер ететiн қасиеттерi
бойынша егiстiк сипаттамасы
Облыс атауы |
Жалпы |
І. Керi әсер- |
ІІ. Қиыршық |
ІІІ. |
ІV. Сортаң- |
|
барлығы |
c.i. |
|||||
Ақмола |
5031,7 |
3676,7 |
3676,4 |
244,7 |
441,7 |
398,8 |
Ақтөбе |
785,0 |
555,1 |
555,1 |
30,0 |
94,8 |
75,0 |
Алматы |
1082,1 |
583,8 |
527,9 |
150,3 |
151,7 |
25,5 |
Атырау |
1,8 |
0,3 |
0,2 |
1,2 |
0,1 |
|
Ш-Қазақстан |
1090,7 |
662,4 |
615,8 |
156,6 |
2,1 |
12,8 |
Жамбыл |
824,4 |
424,3 |
424,3 |
179,7 |
90,9 |
17,5 |
Б-Қазақстан |
682,0 |
291,9 |
283,0 |
15,0 |
22,5 |
198,8 |
Қарағанды |
1176,5 |
588,1 |
383,6 |
129,6 |
56,3 |
308,0 |
Қызылорда |
131,6 |
13,0 |
13,0 |
115,8 |
||
Қостанай |
3520,3 |
4099,1 |
4099,1 |
133,1 |
542,2 |
664,3 |
Маңғыстау |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
|||
Павлодар |
1398,6 |
516,7 |
512,9 |
53,8 |
81,5 |
255,8 |
С-Қазақстан |
4076,7 |
2812,1 |
2812,1 |
163,0 |
235,5 |
566,6 |
О-Қазақстан |
845,0 |
403,5 |
363,6 |
7,4 |
189,9 |
6,8 |
Астана қаласы |
2,3 |
1,0 |
1,0 |
0,9 |
||
Алматы қаласы |
7,8 |
2,7 |
2,7 |
1,1 |
4,0 |
|
Барлығы |
22656,9 |
14631,1 |
14271,1 |
1264,1 |
2027,2 |
2534,0 |
таблицаның жалғасы:
Облыс атауы |
V. Шай- |
VІ. Дефлир- |
VІІ. Су жә- |
VІІІ. |
ІХ. |
Х. Басқа- |
Ақмола |
255,0 |
0,5 |
10,9 |
0,9 |
2,5 |
|
Ақтөбе |
10,0 |
15,0 |
5,1 |
|||
Алматы |
63,1 |
64,8 |
40,1 |
2,8 |
||
Атырау |
0,2 |
|||||
Ш-Қазақстан |
205,2 |
20,2 |
31,4 |
|||
Жамбыл |
99,3 |
1,0 |
11,7 |
|||
Б-Қазақстан |
77,1 |
7,5 |
63,4 |
2,7 |
0,2 |
2,9 |
Қарағанды |
39,6 |
36,8 |
17,3 |
0,8 |
||
Қызылорда |
2,8 |
|||||
Қостанай |
39,3 |
2,0 |
39,1 |
1,2 |
||
Маңғыстау |
||||||
Павлодар |
445,7 |
27,3 |
17,8 |
|||
С-Қазақстан |
26,1 |
263,1 |
1,3 |
9,0 |
||
О-Қазақстан |
235,6 |
1,1 |
0,7 |
|||
Астана қаласы |
0,4 |
|||||
Алматы қаласы |
||||||
Барлығы |
1050,3 |
594,6 |
63,4 |
450,0 |
6,0 |
36,2 |
6-сурет
Шабындықтардың облыстар бойынша
мәдени-техникалық жағдайы
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
8-кесте
Облыстар бойынша шабындықтардың
мәдени-техникалық жай-күйi
Облыстар- |
Шабын- |
с.i. |
Шабындықтардың |
||||
таза |
бұталы |
орман- |
улы |
төм- |
|||
Ақмола |
263,5 |
10,0 |
230,9 |
8,4 |
0,3 |
13,9 |
|
Ақтөбе |
304,0 |
394,6 |
5,3 |
3,9 |
0,2 |
||
Алматы |
467,9 |
6,2 |
442,2 |
1,7 |
1,1 |
14,5 |
2,2 |
Атырау |
132,0 |
125,7 |
0,4 |
0,1 |
5,4 |
0,4 |
|
Ш-Қазақстан |
1070,9 |
926,3 |
75,3 |
3,1 |
8,5 |
57,7 |
|
Жамбыл |
230,8 |
4,8 |
224,9 |
0,8 |
0,1 |
0,2 |
|
Б-Қазақстан |
1013,3 |
11,6 |
950,8 |
1,4 |
0,1 |
31,7 |
17,7 |
Қарағанды |
381,6 |
0,4 |
368,0 |
4,1 |
0,4 |
8,7 |
|
Қызылорда |
115,6 |
107,4 |
1,5 |
5,4 |
1,3 |
||
Қостанай |
350,5 |
15,5 |
307,6 |
7,2 |
0,4 |
19,8 |
|
Маңғыстау |
0,3 |
0,3 |
|||||
Павлодар |
301,8 |
270,6 |
20,4 |
3,3 |
7,5 |
||
С-Қазақстан |
41,7 |
12,0 |
29,1 |
0,3 |
0,3 |
||
О-Қазақстан |
142,7 |
1,9 |
123,8 |
3,3 |
13,7 |
||
Астана қаласы |
1,8 |
1,8 |
|||||
Барлығы |
4818,4 |
62,4 |
4404,0 |
130,1 |
7,8 |
84,4 |
129,7 |
Ескерту: басқа мемлекеттер пайдаланылатын жерлерсiз
7-сурет
Жайылымлардың облыстар бойынша
мәдени-техникалық жағдайы
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
9-кесте
Облыстар бойынша жайылымдардың
мәдени-техникалық жай-күйi
Облыс |
Жай- |
с.i. |
Жайылымдардың |
||||||
таза |
төм- |
бұта- |
орман- |
тас- |
қыл- |
тап- |
|||
Ақмола |
6886,9 |
1074,1 |
1572,8 |
111,8 |
227,5 |
18,0 |
1271,1 |
593,3 |
2018,3 |
Ақтөбе |
24770,0 |
18369,0 |
37,3 |
949,6 |
137,9 |
0,3 |
1369,6 |
3906,3 |
|
Алматы |
14699,2 |
63,2 |
8087,2 |
142,9 |
1901,1 |
695,3 |
468,1 |
327,8 |
3013,6 |
Атырау |
9120,9 |
4536,7 |
2,5 |
281,8 |
93,9 |
4206,0 |
|||
Ш-Қаз- |
19974,0 |
12113,4 |
140,9 |
4651,8 |
130,1 |
1566,9 |
912,4 |
458,5 |
|
Жамбыл |
8286,0 |
186,7 |
4457,3 |
0,2 |
1812,2 |
460,9 |
101,5 |
1267,2 |
|
Б-Қаз- |
10141,6 |
60,6 |
6027,7 |
42,2 |
359,8 |
2,4 |
704,6 |
2944,3 |
|
Қара- |
31121,5 |
845,9 |
22110,8 |
359,8 |
3719,9 |
147,8 |
628,9 |
2255,1 |
1053,3 |
Қызыл- |
11836,6 |
6478,3 |
29,9 |
2272,8 |
894,5 |
9,4 |
2151,7 |
||
Қоста-най |
12176,0 |
1094,2 |
8164,8 |
347,5 |
825,1 |
1,2 |
34,9 |
310,2 |
1398,1 |
Маңғы-стау |
12695,9 |
9767,5 |
133,5 |
772,9 |
200,4 |
77,3 |
8,4 |
1735,9 |
|
Павло-дар |
8129,0 |
715,3 |
5014,0 |
47,9 |
418,4 |
1,0 |
243,0 |
1057,2 |
632,2 |
С-Қаз-ақ- |
3523,9 |
641,4 |
2047,4 |
39,6 |
63,7 |
25,1 |
235,8 |
2,9 |
468,0 |
О-Қаз-ақ- |
9105,0 |
179,8 |
5091,8 |
0,1 |
1553,6 |
908,8 |
20,5 |
10,5 |
1339,9 |
Алматы қ. |
0,8 |
0,7 |
0,1 |
||||||
Астана қ. |
22,4 |
6,2 |
13,2 |
0,2 |
0,1 |
0,3 |
2,4 |
||
Барлығы |
182489,7 |
4867,4 |
113851,9 |
1436,1 |
19811,1 |
3623,4 |
4648,5 |
7655,6 |
26595,7 |
Ескерту: басқа мемлекеттер пайдаланылатын жерлерсiз
10-кесте
Деградацияға ұшыраған жайылымдар
мың га
Облыстардың атауы |
Деградацияға |
соның iшiнде |
|
орташа |
күшті |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
Ақмола |
2018,3 |
1098,0 |
920,3 |
Ақтөбе |
3906,3 |
3293,2 |
613,1 |
Алматы |
3013,6 |
1199,6 |
1814,0 |
Атырау |
4206,0 |
2653,8 |
1552,2 |
Ш-Қазақстан |
458,5 |
325,1 |
133,4 |
Жамбыл |
1267,2 |
498,0 |
769,2 |
Б-Қазақстан |
2944,3 |
2066,2 |
878,1 |
Қарағанды |
1053,3 |
691,7 |
361,6 |
Қызылорда |
2151,7 |
1543,0 |
608,7 |
Қостанай |
1398,1 |
382,5 |
1015,6 |
Маңғыстау |
1735,9 |
1248,4 |
487,5 |
Павлодар |
632,2 |
482,1 |
150,1 |
С-Қазақстан |
468,0 |
329,8 |
138,2 |
О-Қазақстан |
1339,9 |
969,6 |
370,3 |
Астана қаласы |
2,4 |
1,0 |
1,4 |
Барлығы |
26595,7 |
16782,0 |
9813,7 |
11-кесте
Эрозияға ұшыраған ауыл шаруашылығы
алқаптарының аудандары
мың га
Облыс атауы |
Шайылған |
Дефлирленген |
Су және жел |
|||
ауыл |
c.i. |
ауыл |
c.i. |
ауыл |
c.i. |
|
Ақмола |
561,0 |
255,0 |
1,5 |
0,5 |
||
Ақтөбе |
473,1 |
10,0 |
2101,1 |
15,0 |
8,3 |
|
Алматы |
802,4 |
63,1 |
4988,7 |
64,8 |
||
Атырау |
3185,8 |
|||||
Ш-Қазақстан |
424,9 |
205,2 |
856,9 |
20,2 |
1,4 |
|
Жамбыл |
352,6 |
99,3 |
2849,0 |
1,0 |
||
Б-Қазақстан |
255,1 |
77,1 |
1900,6 |
7,5 |
178,6 |
63,4 |
Қарағанды |
140,9 |
39,6 |
854,6 |
36,8 |
||
Қызылорда |
2,9 |
2914,1 |
||||
Қостанай |
160,2 |
39,3 |
611,6 |
2,0 |
||
Маңғыстау |
802,8 |
657,8 |
||||
Павлодар |
1,0 |
1546,4 |
445,7 |
|||
С-Қазақстан |
49,9 |
26,1 |
||||
О-Қазақстан |
958,7 |
235,6 |
3112,9 |
1,1 |
||
Алматы қ. |
1,4 |
|||||
Астана қ. |
||||||
Барлығы |
4986,9 |
1050,3 |
25581,0 |
594,6 |
188,3 |
63,4 |
таблицаның жалғасы:
Облыс атауы |
Эрозияға ұшырағандар, барлығы |
||||
ауыл |
соның iшiнде |
||||
егістік |
соның iшiнде |
||||
әлсіз |
орташа |
күшті |
|||
Ақмола |
562,5 |
255,5 |
255,5 |
||
Ақтөбе |
2582,5 |
25,0 |
23,1 |
1,9 |
|
Алматы |
5791,1 |
127,9 |
122,0 |
5,9 |
|
Атырау |
3185,8 |
||||
Ш-Қазақстан |
1283,2 |
225,4 |
212,9 |
12,5 |
|
Жамбыл |
3201,6 |
100,3 |
91,5 |
8,8 |
|
Б-Қазақстан |
2334,3 |
148,0 |
135,6 |
12,4 |
|
Қарағанды |
995,5 |
76,4 |
62,7 |
13,7 |
|
Қызылорда |
2917,0 |
||||
Қостанай |
771,8 |
41,3 |
31,0 |
10,0 |
0,3 |
Маңғыстау |
1460,6 |
||||
Павлодар |
1547,4 |
445,7 |
242,1 |
203,6 |
|
С-Қазақстан |
49,9 |
26,1 |
19,9 |
5,9 |
0,3 |
О-Қазақстан |
4071,6 |
236,7 |
216,8 |
19,5 |
0,4 |
Алматы қ. |
1,4 |
||||
Астана қ. |
|||||
Барлығы |
1708,3 |
1413,1 |
294,2 |
1,0 |