Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 281а қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасында "Марченко Григорий Александрович" деген сөздер "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 2) тармақшасында "Павлов Александр Сергеевич" деген сөздер "Марченко Григорий Александрович" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 5) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жәмішев Болат Бидахметұлы (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі