Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 197о Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 345-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Серверлер - 4 дана планшеттік сканер - 8 дана, үздiксiз қоректендiру көзi АРС Black Smart-UPS 1500 VA - 4 дана, үздiксiз қоректендiру көзi АРС Black Smart-UPS 1000 VА - 2 дана сатып алу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі