Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 197л қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 200-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "16" деген сандар "9" деген санмен ауыстырылсын;
      "электроплита - 16 дана," деген сөздерден кейiн "электрлiк таба - 1 дана, қуырғыш шкаф - 2 дана, ет турағыш - 1 дана, өндiрiстiк бұзу столы - 4 дана," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Компьютерлер - 26 дана," деген сөздерден кейiн "компьютерлiк столдар - 22 дана," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі