Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 197ав Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  409-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "- жылу арқылы көру детекторы - 1 жиынтық";
      "- түнде көру құралы - 1 жиынтық".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі