Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 310-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу.";
"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүйесiнiң қауіпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу";
2) көрсетiлген қаулыға 311-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"көбейткiш - 1 бiрлiк" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
", экспонат - 1 бiрлiк";
"бiрегей құралдарды сақтауға - 4 дана сейф" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"бiрегей құралдарды сақтауға арналған сейфтер - 1 дана; компьютер - 1 жиынтық; цифрлi фотоаппарат - 1 дана; үстел - 2 дана; орындық - 2 дана; кресло - 2 дана";
"концерт роялi - 1 дана;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"концерттiк залға арналған жарық жабдықтары - 1 жиынтық; мұражай орталығын құруға және қалпына келтiруге арналған жабдықтар - 3 жиынтық; экспонаттар - 50 дана;";
3) көрсетiлген қаулыға 312-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының реттiк нөмiрi 2-жолында:
"автомашина - 1 дана" деген жолдан кейiн ", көбейткiш аппарат - 1 дана" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетілген қаулыға 315-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"3 театрдың Каир, Лондон, Париж қалаларындағы халықаралық фестивальге қатысуы; 4 музыкалық топтың Италия, Франция, Германия, Қытай қалаларындағы халықаралық фестивальге қатысуы," деген сөздер "Театр және музыка ұжымдарының халықаралық фестивальдерге қатысуы;" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Париж қаласында Қазақстанның халық суретшiсi Ә. Қастеев жұмыстарының мерейтойлық көрмесiн өткiзу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы