Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 386-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағанында:
"иммундыфлуоресценттi талдауыш - 1 дана" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"газды хроматографқа керек-жарақтармен бiрге масс-селективтi детектор - 1 дана;";
"жеке компьютер - 7 дана" деген жолдағы "7" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын;
"жеке компьютер - 7 дана" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Мыналарды сатып алу:
свич - 1 дана;
радиомодем - 1 дана;
центрифугаға арналған ротор - 1 дана;
кондиционерлер - 3 дана.";
2) көрсетілген қаулыға 389-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының реттiк нөмiрi 2-жолы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Мыналарды сатып алу:
"КАВЗ" автобусы;
"Волга" қызметтiк автомашинасы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі