Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 197аф Қаулысы

Қолданыстағы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  257-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. N 3 кен басқармасының N 14 кенiшiнiң (Глубинное, Шат, Ағаш және Көксор кен орындары) бетiн шұрайландыру - жұмыстарды бастау.";

      7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) N 3 кен басқармасының N 14 кенiшiнiң (Глубинное, Шат, Ағаш және Көксор кен орындары) өндiрiстiк алаңдарының бетiн шұрайландыру - жұмыстарды бастау: баланстан тысқары үйiндiлердi және N 6 карьердiң өндiрiстiк алаңын шұрайландыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстар кешенi орындалды.";

      2) көрсетiлген қаулыға  260-қосымшада :
      5-тармақтың 2) тармақшасы "бұрынғы Ертiс химия-металлургия зауытының радиоактивтi қалдықтарын көму пунктiн қоршаған орта мен халық үшiн радиациялық қауiпсiз жағдайға келтiру жөнiндегi залалсыздандыру және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Иондаушы сәулелену және белсендiлiгi жоғары радиоактивтi қалдықтардың ампулдық көздерiн радиациялық зерттеу, түсiру және "Байкал-1" зерттеу реакторлары кешенiнде сақтауға орналастыру және бұрынғы Ертiс химия-металлургия зауытының алаңындағы (85000 ш.м.) радиоактивтi қалдықтарды көму пунктiн радиациялық қауiпсiз жағдайға келтiру жөнiндегі залалсыздандыру және қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу (148245 мың теңге).";

      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды зерделеу: өңiрлiк зерттеулер бойынша Павлодар (аяқтау), Қарағанды (бастау), Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумағы бойынша 400000 ш.км. алаңда 1:1000000 масштабпен радиогидролитохимиялық түсiру орындалатын болады; орта масштабты зерттеулер бойынша радиациялық факторлар сомасы бойынша радиациялық шиеленiстiлiктi бағалау үшiн Шығыс Қазақстанда 2 үлгілік учаске жан-жақты зерделенетін болады; егжей-тегжейлі зерттеулер бойынша радиоактивтi қалдықтары бар 20 тау-кен өндiру объектiсi және радиоактивтi ластанған 10 учаске, Қазақстанның алты облысы бойынша 1:1000000 масштабпен топырақ пен судың радиациялық-химиялық ластану карталары, барлығы 120 карта; санамаланған карталар мен паспорттар қоса берілген ақпараттық есеп алдын-ала зерттелетiн болады;";

      2) тармақшада:
      "Ертiс химия-металлургия зауытынан иондаушы сәулелеу ампулдық көздерiн зерттеу, түсiру және "Байкал-1" ЗРК-не қоймасына сақтауға орналастыру" шағын бағдарламасы бойынша" деген сөздер "иондаушы сәулеленудiң ампулдық көздерiн және белсендiлiгi жоғары радиоактивтi қалдықтарды зерттеу, түсiру және "Байкал-1" ЗРК қоймасына сақтауға орналастыру және бұрынғы Ертiс химия-металлургия зауытының алаңындағы (85000 ш.м.) радиоактивтi қалдықтарды көму пунктiнiң аумағын радиациялық қауiпсiз жағдайға келтiру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ертiс химия-металлургия зауытының аумағында радиоактивтiк қалдықтарды көму пункттерін консервациялау жөнiндегi ғылыми негізделген практикалық iс-шаралар әзiрленетiн, оның ластанған ғимараттарын активсiздендiру жөнiндегi шаралар белгiленетiн болады;" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі