1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1467 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және
мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет
кодексiне
сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын есепке алу мемлекеттiк функцияларды орындау үшiн мониторингтi жүзеге асыру және мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борышты басқару мақсатында жүргiзіледi.
Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк);
Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергілiктi атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қарыздары (бұдан әрi - мемлекеттiк қарыздар);
2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдiк берген қарыздары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар);
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiктерi (бұдан әрi - мемлекеттiк кепiлдiктер) тiркеуге және есепке алуға жатады.
2. Үкiметтiк қарыздарды тiркеу мен есепке алу
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу:
қарыз шартын жасасу нысанында - қарыз шарты негiзiнде жүзеге асырылады;
халықаралық капитал рыноктарына мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және олардың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негізiнде жүзеге асырылады;
ішкі капитал рыноктарына мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлiк қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгi күнi жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк қарыздардың тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгiзу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi.
8. Мынадай нысанда тартылған үкiметтік қарыздарды тiркеу:
қарыз шартын жасасу - оған қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде жүзеге асырылады;
мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - ол орналастырылғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.
3. Ұлттық Банктiң қарыздарын тiркеу мен есепке алу
9. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу:
1) қарыз шартын жасасу нысанында - тiгiлген және Ұлттық Банктiң мөрiмен куәландырылған қарыз шартының көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады;
2) ішкi капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлiк қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгі күнi жүзеге асырылады.
10. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшін орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк қарыздарын тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
11. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды есепке алу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгiзу немесе Ұлттық Банктiң бағалы қағаздарын орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күні, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi.
12. Ұлттық Банк өзi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан немесе мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілеттi органға ұсынады.
13. Ұлттық Банктің қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын
тiркеу мен есепке алу
14. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тіркеу мен есепке алу қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
15. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
16. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын дерекқорға енгізу (қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi.
17. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
18. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк кепiлдiктердi және
мемлекет кепілдiк берген қарыздарды тiркеу мен есепке алу
19. Мынадай нысанда ұсынылған мемлекеттiк кепілдiктердi тiркеу мен есепке алу:
мемлекеттік кепiлдiктің арнайы бланкілерiнде ресiмделген кепiлдi мiндеттеме - оны Кредит берушiге берген сәтке дейiн кепiлдiк түпнұсқасының негiзiнде жүзеге асырылады;
кепiлдiк шарты - кепiлдiк шартының негiзiнде үш күн iшiнде жүзеге асырылады.
20. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
21. Қарыз алушылар өздерi тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу үшін қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілеттi органға ұсынады.
22. Мемлекеттiк кепiлдiктердi тiркеу кепiлдiкке тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк кепiлдiктердiң тiзілiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
23. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
24. Мемлекеттік кепiлдiктердi есепке алу мемлекеттік кепiлдiктiң негiзгi есептiк сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және оның ресiмделген күнi, кепілдiктiң нөмiрi және оның тiркелген күнi, оған кепiлдiк берiлген валюта және сома, кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi.
Қарыз алушы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекеттік кепiлдiк гарантқа қайтарылуға жатады.
25. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептік сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және берiлген күнi, қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит беруші, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
26. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарыз алушы тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.
27. Қарыз шарттарын жасасу нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды және мемлекеттік қарыздарды тiркеу кезiнде бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган қарыз алушыға осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы тiркеу куәлігін бередi.
28. Тiркелген құжаттарға, сондай-ақ оның негiзiнде мемлекеттiк кепiлдiктердi, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыздарды тiркеу жүргізілген құжаттарға енгізілген өзгерiстер туралы ақпарат осындай өзгерiстер енгізілгеннен кейiн 10 күн iшiнде есепке алу үшiн бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынылуы тиiс.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Қаржы министрлігі және мемлекет кепілдік берген
қарыздарын тіркеу мен есепке алу
ережесіне 1-қосымша
N_______тiркеу куәлiгi
___________қаласы 200_жылғы "_"________
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
мемлекеттік қарыздардың тізіліміне _________ нөмірлі
мынадай қарыз шартын тіркейді
200_жылғы "_"________N_______ _________қарыз шарты
Кредит берушi ____________________________________
(кредит берушінің атауы,
орналасқан орны)
Қарыз алушы ____________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан
орны)
Кредит желiсi ____________________________________
Қарыз алудың түрi ____________________________________
Қарыз алудың мақсаты ____________________________________
Қарыздың сомасы ____________________________________
Валютаның атауы ____________________________________
Игеру кезеңi ____________________________________
(басталған күні - аяқталған күні
(пайдалану мерзімі)
Өтеу кезеңi ____________________________________
басталған күні - аяқталған күні
Сыйақы ставкасы ____________________________________
ставканың түрі, шамасы
Өтеу көздерi ____________________________________
(көздің атауы)
Iлеспе шығыстардың
көздерi:
шығыстардың атауы_______көзi_________
шығыстардың атауы_______көзi_________
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрi _________
М.О.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Қаржы министрлігі және мемлекет кепілдік берген
қарыздарын тіркеу мен есепке алу
ережесіне 2-қосымша
N_______тiркеу куәлiгi
___________қаласы 200_жылғы "_"________
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың
тiзiлiмiне_____________нөмiрлi
мынадай қарыз шартын тiркейдi
200_жылғы "_"________N_______ _________қарыз шарты
200 жылғы "_"_________N________мемлекеттік кепiлдiк
Кредит берушi ____________________________________
(кредит берушінің атауы,
орналасқан орны)
Қарыз алушы ____________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан
орны)
Кредит желiсi ____________________________________
Қарыздың сомасы ____________________________________
Валютаның атауы ____________________________________
Игеру кезеңi ____________________________________
(басталған күні - аяқталған күні
(пайдалану мерзімі)
Сыйақы ставкасы ____________________________________
ставканың түрі, шамасы
Өтеу кезеңi ____________________________________
басталған күні - аяқталған күні
Өтеу көздерi ____________________________________
(көздің атауы)
Iлеспе шығыстардың
көздерi:
шығыстардың атауы_______көзi_________
шығыстардың атауы_______көзi_________
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрi _________
М.О.