Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1449 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесiнде:
      10-тармақтағы "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Алматы Бас филиалында ашылған N 413609816 банктiк шоты, МФО 190501109" деген сөздер "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық (бұдан әрi - Орталық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ "үш банктiк күнi iшiнде" деген сөздерден кейiн "MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы