Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 6, 63-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесiнде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Ереженiң 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелген есептi айдағы комиссиялық сыйақының сомасы есептiден кейiнгі айдың алтыншы жұмыс күнiнен кешiктiрмей жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына аударылуға тиiс. Аудару кастодиан банктiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының не кастодиан банк пен зейнетақы активтерiн дербес инвестициялауды жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған салыстырып тексеру актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.".