Ұлттық темiр жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1389 Қаулысы

Жаңартылған

      "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы Ұлттық темiр жол компаниясы (бұдан әрi - компания) болып белгiленсiн.

      2. Мыналар:
      1) "Қазтемiржолкөлiк" акционерлiк қоғамы - жүктердi тасымалдау жөнiндегi;
      2) "Жолаушылар тасымалы" ашық акционерлiк қоғамы - жолаушыларды, багажды, жүк багажды және почта жөнелтiмдерiн тасымалдау жөнiндегi ұлттық тасымалдаушылар болып белгiленсiн.

      3. Компания жүктердi темiр жол көлiгімен тасымалдаушының функцияларын 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн орындайды деп белгiленсiн.

      3-1. Компанияға магистральдық темiр жол желiсiнiң берiлуiне байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен компанияға магистральдық темiр жол желiсi объектiлерi орналасқан жер учаскелеріне 5 жыл мерзiмге уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығының берiлуiн қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.26 N  1076 қаулысымен.

      4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      3-тармақтағы "магистральдық темiр жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыру" деген сөздер алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі