Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi комитеттерiнiң кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1381 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық  Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiнiң;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетiнiң құрылымдары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметінiң        
2004 жылғы 24 желтоқсандағы 
N 1381 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі
Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және
қадағалау комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Өнеркәсiптегі жұмыстарды қауiпсiз жүргізудi, тау-кен қадағалау мен Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы (Мемтаукентехқадағалау)
      Әкiмшiлiк жұмыс басқармасы
      Анықтау бөлiмi
      Өрттi мемлекеттiк қадағалау бөлiмi
      Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi бөлiмi
      Техникалық нормалау және лицензиялау бөлiмi

Қазақстан Республикасы   
Yкiметінiң        
2004 жылғы 24 желтоқсандағы 
N 1381 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер
комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Мемлекеттiк материалдық резервтi есепке алу басқармасы
      Мемлекеттiк материалдық резервтi бақылау басқармасы
      Әкiмшiлiк жұмыс басқармасы