Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149 және 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1229 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1375 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiкті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 6, 88-құжат):

      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмiрi 7-жолда:
      2-бағандағы "қоғамын капиталдандыру жөнiнде" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен 2004 жылы 2000000000 теңге мөлшерiнде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамын капиталдандыру жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-бағандағы "3-тоқсан" деген сөздер "4-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1229  қаулысында :

      1-тармақтағы "1000000000 (бip миллиард)" деген сөздер "2000000000 (екi миллиард)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі