Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1367 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде Ғ санатының тобы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы дирекциясы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі