Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1363 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      13 "Басқалар" деген функционалдық топта:
      694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы" деген әкiмшi бойынша:
      008 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасының объектiлерiн салу және қайта жаңарту" деген бағдарламадағы:
      "Алматы қаласында Стратегиялық зерттеулер институтын, Офисi мен Қорын салу" деген жолдағы "200000" деген сандар "382416" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Алматы қаласындағы N 5 объектiнi қайта жаңарту 165690" деген жол алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы объектiлерiн салуға ЖСҚ әзiрлеу" деген жолдағы "306360" деген сандар "221847" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасын салу 67787";

      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға  426-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "және "Алматы қаласындағы N 5 объект." деген сөздер алынып тасталсын;

      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 5) тармақшадағы "заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын, "Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын, офисi мен қорының құрылысы бойынша" деген сөздерден кейiн "(2004 ж. 14.06. N 7-253/2004 жұмыс жобасы бойынша Мемсараптаманың қорытындысы);" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасының құрылысы бойынша (ҚР ИСМ ҚIК 2003 ж. 4.06. N 205 ПИР бұйрығы)";

      "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақта:
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде "Парламентiнiң жатақханасы және" деген сөздер "Парламентiнiң жатақханасының," деген сөздермен ауыстырылсын, "жатақханасының," деген сөзден кейiн "Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасының құрылысын аяқтау" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын, Офисi мен Қорының құрылысын аяқтау." деген сөздер "Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын, Офисi мен Қорын салу;" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі