"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барлық алушыларына, оның iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне алатын зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң 7,7 пайызына арттыру жүргiзiлсiн.
2. Қызмет өткерген жылдары үшiн әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiнiң арттырылған айлық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 75 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс деп белгiленсiн.