"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1338 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1113  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі