1. "Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 19 ақпандағы N 173
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 8, 89-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушілерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесiнде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Жергiлiктi атқарушы органдар оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды сатып алу мен жеткiзудi ұйымдастырады, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарының кiтапханаларын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұсынған барлық оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелік құралдардың міндеттi данасымен қамтамасыз етедi.".