Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын жетілдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1472 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi Бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң арнайы әскерлерi штат санының лимитi шегiнде "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жауынгерлiк даярлық бас басқармасы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Бас басқарма) құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Бас басқарманың жарғысын және оның құрылымын бекiтсiн;
2) оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы N 785
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 31, 317-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қайта аталатын мекемелерi тiзбесiнiң 1) тармақшасы алынып тасталсын.
6. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 649 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.