Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасын нығайту бойынша қосымша iс-шараларды өткiзу жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1184 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 1060 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы  N 1060 Қаулысымен.

      Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасының режимiн ретке келтiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасын нығайту бойынша қосымша iс-шараларды өткiзу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия 2004 жылғы 22 қарашаға дейiн Yкiметке белгіленген тәртiппен шекара алабынан көшiрiлуге тиiс Қазақстан Республикасының азаматтарына өтемақы төлеу және тұрғын үйлер мен жер учаскелерiн беру тәртiбiн және республикалық бюджеттен осы iс-шараларға талап етілетiн қаржыландыру көлемiн есептеудi көздейтiн қаулының жобасын енгізсiн.
      3. Комиссияға қажет болған кезде Қазақстан Республикасы мүдделi мемлекеттік органдарының мамандарын оның қызметіне қатысу үшiн тарту құқығы берiлсiн.
      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі болып белгіленсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 1184 қаулысымен  
бекiтiлген       

Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасын нығайту
бойынша қосымша iс-шараларды өткiзу жөніндегi
ведомствоаралық комиссияның
құрамы

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Сауат Мұхаметбайұлы       орынбасары, жетекшi

Атанов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Мұрат Марданұлы           министрлiгінiң Ерекше тапсырмалар
                          жөнiндегi елшiсi, жетекшiнiң орынбасары

Көпеев                  - Қазақстан Республикасының Төтенше 
Мұхамбет Жұманазарұлы     жағдайлар министрi

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Бақыт Сағындықұлы         басқару агенттiгiнiң төрағасы

Выборов                 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер вице-
Анатолий Николаевич       министрi - Есiрткi бизнесiне қарсы күрес
                          және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң
                          төрағасы

Әшiтов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы      халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi

Әрiпханов               - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Айдар Әбдiразақұлы        министрi

Коржова                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Наталья Артемовна         бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Стамқұлов               - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Үбайдолла Мырзағалиұлы    министрi

Зәкиев                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Болат Сейітқазынұлы       комитетi Шекара қызметiнiң директоры
                          (келiсiм бойынша)

Ержанов                 - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау
Аманияз Қасымұлы          агенттігі төрағасының бiрiншi орынбасары

Омаров                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Қайсар Оспанұлы           сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi
                          комитетiнiң төрағасы

Әбдиев                  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Жазбек Ниетұлы            әлеуметтік қорғау министрлiгi Көшi-қон
                          комитетiнiң төрағасы

Әбiшев                  - Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан
Ислам Алмаханұлы          облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары