"Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңы
7-бабының
3-тармағына және
22-бабының
2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiту ережесi;
2) Мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi әзiрлеу мен бекiту ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 1182 қаулысымен
бекітiлген
Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздігі және еңбекті
қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi
әзiрлеу мен бекiту ережесi
1. Осы Ереже "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының
7-бабы
3-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегі ережеде мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек қауiпсiздiгi - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде оның зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қорғалу жай-күйi;
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулық - өндiрiстiк үй-жайларда, ұйым аумағында, құрылыс алаңдарында және осы жұмыстар жүргiзiлетiн немесе қызметтік мiндеттер орындалатын өзге де орындарда жұмыстарды атқару кезiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайтын, мемлекеттiк орган бекiткен нормативтiк құқықтық кесiм;
3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiм - мемлекеттік органдар заңнамада және осы Ережеде белгіленген тәртiппен әзiрлеген және бекіткен ережелер мен нұсқаулықтар;
4) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, оңалту, емдеу-алдын алу және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздігін қамтамасыз ету жүйесi;
5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ереже - қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, еңбек процесiнде қызметкерлердiң денсаулығы мен еңбек ету қабiлетiн сақтау жөнiндегi қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайтын, мемлекеттік орган бекiткен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiм;
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттiкті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегі
нормативтiк құқықтық кесiмдерге қойылатын негiзгі
талаптар
3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) өндiрiстік қызмет нәтижелерiне қатысты қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығын белгілеу;
2) қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес келетiн еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамту;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бiрыңғай талаптарды белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйым қызметкерлерiнiң, лауазымды адамдары мен басшыларының арасындағы құқықтар мен міндеттерді ажырату;
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегі уәкілеттi орган, оның аумақтық бөлiмшелерi мен жұмыс берушілердiң және қызметкерлердiң өкiлдерi арасында еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы келiсілген iс-әрекеттердi қамтамасыз ету;
7) еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтiк құқықтық кесiмдерге, оның iшiнде Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес болу.
3. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi
нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мазмұны
4. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер еңбектi қорғау мен оның қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған және жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшiн орындалуы мiндетті ережелердi, iс-шаралар мен нормативтердi белгілейдi.
5. Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер:
1) еңбек қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;
4) авария жағдайларындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;
5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсiздiгінiң талаптарын;
6) өндiрiстік (технологиялық) процестерге қойылатын талаптарды;
7) өндірiстiк үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндiрiстік алаңдарға (өндiрiстік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын процестер үшiн) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптарды;
10) өндiрiстік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндiрiстiк жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнiм мен өндiрiс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсiлдерiне қойылатын талаптарды;
13) өндiрiсте жұмыс iстейтiндердiң еңбек ету және демалу режимiн;
14) қызметкерлердi кәсіптік iрiктеуге және олардың еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті қорғау мәселелерi бойынша білiмін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндiрiсте жұмыс iстейтiндердi арнайы киiммен, арнайы аяқ киiммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды қамтуы тиiс.
6. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтік құқықтық кесiм қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
4. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегі
нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту
7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеудi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыреттеріне сәйкес жүзеге асырады.
8. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi нормативтік құқықтық кесiмнiң жобасын әзiрлейтін мемлекеттiк орган жобаны дайындау бойынша жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын атқаратын өзiнiң бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады.
Жұмыс тобының құрамына өздерiнiң тиiстілiгiне қарай мүдделi мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердiң өкілдерi енгiзiлуi мүмкiн.
Мемлекеттiк орган нормативтік құқықтық кесiмнiң жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық негiзде, оның ішiнде конкурс бойынша мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкiн.
9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк органдар еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi уәкілеттi органмен және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша бекiтедi.
10. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуге жатады және ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 1182 қаулысымен
бекiтілген
Мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi
қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi әзiрлеу және
бекiту ережесi
1. Осы Ереже "Еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының
22-бабы
2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегі салалық нормативтердi әзiрлеу мен бекiтудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi ережеде мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек қауiпсiздiгi - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде оның зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етілген қорғалу жай-күйi;
2) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе оның еңбек ету қабiлетiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
3) қауiптi өндiрiстік фактор - әсерi қызметкердiң еңбек ету қабілетін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға (еңбек зақымына немесе кәсiби ауруға) немесе қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстік фактор;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтер - ұйымдық, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де талаптарды белгілейтiн нормативтер, еңбек қызметі процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелер, рәсiмдер мен өлшемдер;
5) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi;
6) еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттіктi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi
салалық нормативтерге қойылатын негiзгі талаптар
3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi салалық нормативтер мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына құқығын қамтамасыз ету;
2) еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамту;
3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бiрыңғай талаптарды белгілеу;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтiк құқықтық кесiмдерге, еңбек қауiпсiздiгi стандарттары жүйесiнiң, құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелердiң, гигиеналық және эргономикалық нормативтердiң талаптарына сәйкес болу.
3. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi
салалық нормативтердiң мазмұны
4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтердiң ережелерi әрбiр саланың өзiндiк ерекшелiгiн ескередi.
5. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi салалық нормативтер:
1) қауіпті және зиянды өндiрiстiк факторлардың түрлерi бойынша жалпы талаптарды (физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық);
2) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың қысқаша сипаттамасын (түрi, әрекет ету сипаты, ықтимал салдарлары);
3) қауiптi және зиянды өндiрiстік фактордың шектi жол берiлетiн деңгейлерi мен шектi жол берiлетiн шоғырландыруларын және оларды бақылау әдiстерiн;
4) қызметкерлердi қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әрекетінен қорғау әдiстерi мен құралдарын;
5) әкiмшілiк, санитарлық және тұрмыстық үй-жайларға қойылатын талаптарды;
6) эргономикалық, санитарлық-гигиеналық талаптарды;
7) қызметкерлердi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, аптечкамен қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды;
8) қызметкерлердi емдеу-алдын алу тағамдарымен, сүтпен, жуу және дезинфекциялау заттарымен қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды;
9) еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өзге де талаптарды қамтуы тиiс.
4. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi
нормативтердi әзiрлeу және бекiту
6. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi әзiрлейтiн өз құзыретiне сәйкес уәкілетті мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган жобаны дайындау бойынша жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын атқаратын өзiнiң бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады.
Жұмыс тобының құрамына өздерiнiң тиiстілігiне қарай мүдделi мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердiң өкiлдерi енгiзілуi мүмкiн.
Мемлекеттік орган еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтiң жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкiн.
8. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi уәкілеттi мемлекеттік органдар өз құзыретiне сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органмен және өзге де мүдделi мемлекеттік органдармен келiсім бойынша бекiтедi.
9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтер жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.