Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына (келiсiм бойынша) Астана қаласының жаңа орталығында "Министрліктер үйi" объектiсiн салуға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 1000000000 (бip миллиард) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі